UF

ГЛОБУСТЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?

Категориясы: Көңіл көтеру


Біраз ғасырлар бойы қатырма қағаздан домалақтап жасаған шар - глобус адамдарға адал қызмет етіп келеді. Егер «глобус» сөзін латын тілінен қазақшаға аударар болсақ, тұп-тура «шар» сөзі шығады екен. Ең тұңғыш жасалған глобус, әрине, бүгінге дейін жете алған жоқ, бірақ одан біраз «жастау» - не бары 500 жыл жасаған шар әлі де дін аман сақтаулы тұр. Бұл үлкен темір глобусты қаңқаға бұзау терісін керіп отырып жасаған.

Бір кезде теңізшілер қауіпті ұзақ сапарға шыққанда глобусты өздерімен бірге ала жүретін болған. «Саяхатшы» глобустар, сөйтіп, өздерінің ұзақ ғұмырларында дүниенің төрт бұрышын біраз аралаған ғой. Олар да теңіз дауылдарынан зардап шегіп, долы желдерге бүйірлерін тосқан, тіпті тұзды судың әсерінен суреттері бүлінген. Мұндай «еңбекқор, саяхатшы» глобустардан басқа тек король сарайларының сәнін келтіріп қана тұрған «отырықшы» глобустар да болған. Қызметтерінің бір саласы «сарай сәнін келтіру» болғандықтан, олар алтынмен апталып, күміспен күптеліп дегендей, асыл тастармен аямай безендірілген. Тіпті қайсы-біреулеріне бұрауы босағанша шарды айналдырып тұратын серіппе темірлі сағат механизмі орнатылған.

Қазір де глобус түрлері көп-ақ. Біреулері әлемнің қай түкпірінде қандай мемлекет бар екенін көрсетсе, енді бірі жер бедерін - таулар мен ойпаттарды, жоталар мен жазықтарды көрсетеді. Сондықтан да кейбір глобустардың беті жер бедерінің тура өзі сияқты таулы-ойпатты болып жасалады.

Глобус жасайтын фабрикаға қағаз комбинатынан көлемі әр түрлі, қазанға ұқсас мыңдаған жарты шарлар келіп түседі. Қос жарты шарды бір-біріне қосып желімдеген соң қатырма «шар» даяр болады. Міне, осыдан бастап істің ең бастысы - қарапайым қатырма шар глобусқа айналады. Ол үшін шардың бетіне алдын ала 12 бөлікке бөлінген Жердің географиялық картасы жапсырылады. 12 тілікке бөлінген қарбыздың қабығын көзіңе елестетіп көруге болады. Әнеки картаның да әр бөлігі сол қарбыз тілігінің қабығынан айнымайды.

Шағын ғана глобус бүкіл ұшу мерзімі кезінде Жерді кеменің айналып өту жылдамдығымен бірдей қозғалыспен айналып тұрады. Оған командир бір қарағанда-ақ кеменің қай мұхиттың немесе қай елдің үстінен ұшып бара жатқанын оп-оңай біле қояды.

  Жарияланған-2016-09-07 19:20:57     Қаралды-8243

Мәлімет сізге көмек берді ма

ПИНГ-ПОНГ ОЙЫН ТУРАЛЫ

...

Үстел теннисі 19 ғасырдың сексенінші жылдары Англияда пайда болды деп есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕМІР МЕН БОЛАТТЫҢ ҚАЙСЫСЫ ҚАТТЫ?

...

Пионерлер металл сынықтарын жинаған кезде олар таудай ғып бір жерге үйгендері бір емес, екі түрлі металл екенін біле бермейді, өйткені олар түрі жағынан біріне-бір өте ұқсас.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕХИ ДУЛМА (ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН АЙВА)

...

Піскен айва жемісінің түктері алынып тасталып, ортасы дәнімен алынады да салқын сумен шайылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТУДЫ ҚАСТЕРЛЕУ

...

Сап түзеп тұрған қалың әскердің алдына ту сән-салтанатпен әкелінген. Керней- сырнайлар тартылып, барабан, дабыл соғылып, бас колбасшы туға қымыз бүріккен. Қымыз - ежелден келе жатқан көшпелілердің сусыны. «Туға қарап қымыз бүрку» көшпелілердің ат жалын та

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОКОЛАДТАЛҒАН ҚАРА АЛХОРЫ (қараөрік)

...

Қара алхоры жылы суға жақсылап жуылып, қант шырынына жібітіледі де, елекке салып суы сорғытылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »