СУРЕТТІ БОЯУМЕН САЛУДЫ ОЙЛАП ТАПҚАН КІМ?
Категориясы: Көңіл көтеру
Бізге дейінгі мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген ертедегі суретшілер үңгірдің қабырғасына, жартастарға... сонан соң өз денелеріне сурет салған екен (Айтпақшы, бетін, денесін бояйтын дәстүр тропиктік елдерде өмір сүретін тайпаларда қазір де бар).
Алғашында бояудың міндетін саз балшық атқаратын. Ал балшық әр түсті - сары, қызыл, көгілдір, ақ... болып кездеседі.
Ертедегі суретшілер тіпті өз суреттері арқылы сиқырлайтын, дәлірек айтқанда, басқаларды сиқырлап жүрмін деп ойлайтын болған. Аңшы-суретшілер жүндес бизонның, алып мамонттың, үркек бұғының, желаяқ жылқының суреттерін міндетті түрде жартасқа бейнелеп алу қажет, сонда ғана осынау аң атаулының бәрі де аңшының қолына түсуге тиіс. «Егер аңдардың үстіне найза немесе жебе шаншылған суретін салып қойсақ, олар қайда қашып құтылады?» - деп ойлаған ертедегі суретші-аңшылар. Сиқырлары сенімдірек болуы үшін, суреттері өшіп қалмас үшін, әуелі жиегін үшкір таспен қашап шығады да, орнына аңның майымен иленген балшықты жағып тастайтын. Әсіресе, сондай бояулары үңгірдің ішінде ұзақ сақталатын. Үңгірлердің мәңгі сәуле түспес қараңғы түкпірлеріне тас ғасырлардағы өнерпаздар салған суреттер сондықтан да біздің заманымызға жеткен.
Ерте дүниедегі суретшілер сонда қандай бояуды қолданған? Ең алдымен олар табиғаттың өзінде балшық немесе ұнтақ түрде кездесетін саз бояуларды пайдаланған. Оның сары, қызыл, қоңыр түрлері болады.
Қара бояуды күйеден, ыстан алады. Біздің түпкі бабаларымыз қан қызыл жоса, ал қызыл мүк, сарышүкір (тамыр бояу) бояуларын да жасай білген ғой.
Мыңдаған жылдар өткен сайын өңін бермейтін ашық түсті басқа да бояулар қажет бола бастаған. Ондай бояулармен қалқандарын, иленген терілерді өрнектеп, бас киімдерін, қару-жарақтарын, ең алғашқы тоқыма бұйымдарын бояй бастады.
Сары бояуды сиырқарақат, қандыағаш, сүттіген, тұт ағаштарының қабығынан, сарышүкірдің тамырынан, қоңыр бояуды жуаның, қарағайдың, грек жаңғағының қабығын, жер мүгін қайнату арқылы алатын болған. Ашық қызыл түсті бояу үшін әр түрлі жемістерді пайдаланған.
Қысқасы, бүгінгі шәкірттер де, үлкендер де пайдаланып жүрген түрлі түсті бояулардың әрқайсысының өз тарихы бар.
Ежелгі Римде күңгірт қызыл, қара қошқыл түсті киімді тек император ғана киген. Өйткені қара қошқыл бояу өте қымбатқа түскен. Оны Жерорта теңізі ұлуының қабыршағынан ғана өте қиыншылықпен өндіретін. Он мындай ұлудан бір грамдай ғана бояу алынатын. Бұл бояуды алғаш рет бұдан 4 мың жыл бұрын тауыпты.
Ал индиго қайдан шыққан? Индигоның жасы, қара қошқылдан да үлкендеу. Ежелгі Мысырдың бұдан әлденеше мың жыл бұрын өмір сүрген перғауындарының тас табыттарынан осы бояумен боялған маталар табылған.
«Индиго» деген сөздің өзі-ақ бұл бояудың шыққан жерінің Үндістан екендігін дәлелдеп тұр.
Ұзақ уақыт бойы оны даярлаудың құпиясын ешкім біле алмады. Ал жапырағынан индиго бояуы әзірленетін бұта тек Үндістанда ғана емес, басқа елдерде де өсетін.
«Кармин» деп аталатын қызыл бояудың тарихы қызық. Бұл сурет салатын үлкен- кішілердің бәріне таныс қой. Егер қара қошқыл бояудың тегі - ұлу, индигоның тегі - бұта болса, соңғы карминнің тегі... жәндіктер екен. Иә, иә, оның тегі тропиктік «кошениль» деп аталатын құйттай жәндік. Бір ғана бояушыны қамтамасыз ету үшін әлгі кішкентай жәндіктің қаншасын ұстау керек екендігін байқап тұрсың ба? Ал сол кезде, Шығыстан шығып, әлемнің әр түкпіріне бет алған көптеген керуендер негізінен осы карминмен боялған қымбат қызыл жібектер мен үлбіреген жүн маталарды артып бара жатар еді.
Бояулар туралы айта берсе, шежіре таусылмайды...
Ал қазір бояулардың түр-түрінің сонша көп, әрі арзан болуының себебі неде?
Қазір бояуды тас көмірдің шайырынан, басқа да заттардан өндіре береді. Сөйтіп, тас көмірге табиғат-анамыз кездесетін барлық түстердің түрін жасырып қойыпты.
Бүгінде көне бояулардын әдемі аттары мен таңғажайып тарихы ғана сақталған.
Жарияланған-2016-09-07 18:18:22 Қаралды-8902
БОТСВАНА МЕМЛЕКЕТТІ
Оңтүстік Африкадағы мемлекет. Британ ынтымағының мүшесі, 1966 жылға дейін Бечуаналенд аталды.
ҒАЖАЙЫП ТЕҢІЗ «ТҰРҒЫНДАРЫ»
Жағалауда тұрып, шалқар айдынға көз жіберген кезде, теңіз дегенің судан басқа ештеңесі жоқ тұлдыр, тіршіліксіз дүниедей болып көрінеді.
Кин-дза-дза!
«Кин-дза-дза!» фильмі түсіріліп жатқанда КСРО бассекретары Константин Устинович Черненко болды.
ЗООМОРФТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР
Олар төрт түліктің, аң мен құстың түр-тұлгасының сұлу бітімін тани біліп, олардың бейне-бедерлерін ежелден-ақ қолөнерде қолдана білген. Зооморфтық өрнектердің ішіндегі ең кең тарағаны мүйіздерді бейнелеу еді.
ЛИМОН ЖӘНЕ МАНДАРИН НУГАСЫ (II түрі)
Бұл - шайқалып көпіршітілген белокты кейіннен көбік түзгіште қант-сірне шырынымен қосып тағы көпіршітілген, жаңғақ және хош иісті заттар салынған тағам. Өндіріс кезінде қалған кесінділерінің шикізаты үшін өз салмағының 15-20 процентінен аспайтын мөлшерде