UF

БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАНДАЙ МЕКТЕПКЕ ОҚЫҒАН?

Категориясы: Ғылым


Таңертеңгі сағат жетіде мектепте сабақ бастауға жинала бастайды. Шәкірттер етегі жер сызған ұзын көйлектерінің белдерін жіппен буып алған. Аяқтарына тері шарық киген. Бастарында шошақ төбе бөрік. Олар бас киімдерін шешіп, киіз үйді жағалай әрқайсысы өз орнына отырды. Бұл туралы олардың әліппесінде «Өзгенің орнын алмаңдар, жұртты әуреге салмаңдар» деп те жазылған.

Бірінші сабақ - әліппе.

- Әліп, би, ти, би астында бір ноқат - деп шәкірттер шоқша сақалды ұстаздарына ілесіп, әндетіп қоя берді. Ол кездерде А, Б, Т әріптерін осылай атайтын.

Әліппеден кейін мінәжат кітабы - Құран сөзін оқуға кірісетін. Содан бас алмай ұзақ оқиды дейсің. Ақыры бір кезде ұстаз-молда түскі үзілісті хабарлайтын. Ал екі сағаттан соң олар класқа қайта кіріп, сабақтарын жалғастырады.

Енді жазу сабағы басталады. Тыныштық. Тек қана қауырсын қаламдардың әлсіз сыбдыры естілер еді. Қалам қаз қанатының қауырсынынан жасалатын. Қауырсынды сүйірлеп, ұшын арнаулы пышақпен тілік жасайды да сияға малып, жаза беретін. Шәкірттер бір бетті толтырған соң сорғыштың орнына құмсауыттағы құмды сеуіп «сорғытатын». Құм ылғалды сорып алған кезде, жазу жазылған бет құрғап шыға келеді. Бірақ көбінде сонша қымбат тұратын қағазды шимайлай бермей, арнаулы тақтаға қарындаш тасымен жазатын. Әріптер - әріп орнына да, цифр орнына да жүретін.

Мектепте ұлдар мен қыздардың, бәрі бара бермейтін. Оқу үшін ақы төлеу қажет, ондай қаражат жұрттың бәрінде қайдан болсын.

Көп жағдайда: бір үйде бірнеше бала болса, жастары оқу жасына әлдеқашан жеткенімен, бір-екеуі-ақ оқитын. Олардың өзі де мектепке кезектесіп баратын. Қыстың қақаған суығында бәрінің киетіні - орталарындағы жалғыз тон мен жалғыз құлақшын. Екеу де болса, әйтеуір қыстай оқып шығады да, көктем туысымен бірі қалмай, қос басына үлкендерге көмектесуге кетеді.

Осылайша 3-4 жыл оқыған болып, сонан соң бәрін де жылы жауып қоя салады. Өйткені ол кездегі ауыл мектептерінде 4-ақ класс болатын. Оны тауысқан шәкірттер сөздерді буынға бөліп оқып, қағаз бетіне әлденелерді қисалақтатып жаза салса, соның өзіне жұрт әбден риза болысатын.

Ал қазір біздің елімізде балалардың бәрі оқуға міндетті. Көптеген балалар тіпті музыка, немесе суретшілер тебінде қоса оқиды.

  Жарияланған-2016-09-05 17:12:23     Қаралды-1919

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТӘТТІЛЕР РЕЦЕПТІЛЕРІ

...

Дастарқанын түрлендіре түскен қыз-келіншектеріне үмітпен тіске басар тәттілер - торт, печенье, пирогтар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Кальмарлар ұша алады

...

Тынықмұхит кальмары – «ұшатын» мүмкіндігі бар, онқолды тұқымдастардың ішіндегі басаяқты ұлулар түрі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҮГЕРІ НЕМЕСЕ БИДАЙ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ҚУЫРМА (печенье)

...

Жұмыртқа қантпен және ванильді қантпен қосылып, 40-50 градусқа дейін қыздырылады. Содан соң шайқай отырып, бөлме температурасына дейін салқындатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОКОЛАДТАЛҒАН ҚАРА АЛХОРЫ (қараөрік)

...

Қара алхоры жылы суға жақсылап жуылып, қант шырынына жібітіледі де, елекке салып суы сорғытылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚУЫРДАҚТЫҢ ТҮРЛІ ТАҒАМДАРЫ

...

Қуырдақ - көбінесе ірі қараның ұсақтап туралған сан, қол етінен, қойдың мойын етінен, түйенің сан етінен, өкпе-бауыр, ішек-қарыннан қуырылады. Оның басқа тағамнан ерекшелігі - тез әзірленетіндігі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЛАУАЗЫМДАР

...

Бітікші - көшірмеші, хатшы, іс жүргізуші адам. Бұл лауазымды орта ғасырлардағы Орталық Азия мемлекеттері қолданған. Кейде олар басшы қызмет те атқарған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »