UF

ҚҰСТАР ӘЛЕМІНДЕ НЕ БІР ТАҢҚАЛАРЛЫҚ ТҰМСЫҚТАР БАР

Категориясы: Табиғат


ҚҰТАННЫҢ тұмсығы аумаған сүңгі сияқты. Ол жағалауда қыбыр етпестен ұзақ уақыт мелшиіп тұрады. Мұндағы балық пен бақалар енді оған назар аударуды қояды. Міне, осы сәтте құтан тұмсығын көз ілеспес шапшаңдықпен суға шаншып кеп қалады. Соққы тиген балық не бақа бірден сұлқ түседі. Құтан өзінің бұл олжасын тұмсығымен іліп алып, жоғары лақтырады да, қайта қақшып, жұтып жібереді. Ол олжасын неліктен лақтырады? Себебі, көптеген балықтардың жүзу қанаттары әдетте тікенекті болып келеді. Мәселен, таутан балық өзінің тікенекті қанаттарын тарбитып жіберсе, оның тамаққа тұрып қалуы мүмкін.

Міне, сондықтан құтан балықты жоғары лақтырып жіберіп басынан бастап лып еткізіп жұтатындай ептілікпен қайта қақшып алады. Осылайша балық оның тамағынан ешқандай бөгеліссіз өтеді.

ОРМАН БАЛШЫҚШЫСЫ деп аталатын құстың тұмсығы біз сияқты жіп-жіңішке, ұп-ұзын. Бұл құс жердегі жапырақты тесіп, ылғалды жұмсақ топыраққа тұмсығын сұғып жібереді де, ондағы құртты суырып алып шығады. Балшықшының тұмсығы, міне, асылайша біздін де, қысқаштың да қызметін бірдей атқарады.

Үйректің жапырайған жалпақ тұмсығы су түбіндегі лайды ақтарып қазуға аса қолайлы. ҮЙРЕК су астынан жеуге қарайтын дәмді бірдеңе табады да, оны лай-мылайымен аузына тістеп алады. Ал оның тұмсығының ішкі жиегі бұдыр-бұдыр сүзгі сияқты. Үйрек өзінің тапқан олжасын суға шайқайды, сөйтіп оның балшығы жуылып-шайылып кетеді де, барлық кеуге жарайтын бөлігі сүзіліп аузында қалады.

Бірқазанның тұмсығын дорбатұмсық деуге болады. Оның мүйіз тұмсығының астыңғы жағында тері дорбасы бар. БІРҚАЗАН шоғыр-шоғыр балыққа кезігісімен тұмсығын кере ашады да, олжасын әлгі дорбасымен бір-ақ көсіп алады. Міне, оның тұмсығы жемін аулауға қандай қолайлы, сонымен қатар ұядағы балапандарға балық апару үшін де бұдан жақсы ештеңе ойлап таба алмайсың! Бірқазанның тұмсығындағы қалтасы созылмалы. Оған барлық балапандарына жететіндей балық сыйып кетеді.

Ағашты тесіп, қабықтың астынан әр алуан зиянкес қоңыздар мен құрттарды ұзын тілімен алып жеу үшін тоқылдаққа өткір тұмсық керек. Мұндай тұмсық қарағай, шырша бүрлерінің қатты қабыршағын шағып, оның дәнін алу үшін де қолайлы. ТОҚЫЛДАҚ қураған ағашты ұңғып ұя салған кезде де осы қашау тұмсығын пайдаланады.

Бір сәтке үйрек тұмсықты қаршығаны көз алдымызға елестетіп көрейік. Ол ұшып бара жатып бірдеңені іліп әкетуі мүмкін, бірақ әлгідей тұмсықпен жемтігінің етін жұлып жей алмайды. Сондықтан қаршығаға басқа тұмсық емес, нақ өзінің орақ тұмсығы қажет.

Ал түнкептердің ауызы үлкен, тұмсығы кіп-кішкентай. ТҮНКЕПТЕР әр түрлі қоңыздар мен түн көбелектерін аулайды. Оларды қуып жетеді де, қақшып алып, ұшып бара жатып-ақ жұтып жібереді.

ТОТЫНЫҢ тұмсығы ілмек сияқты имек болады. Мұндай тұмсық жаңғақ шағуға, ұя салған кезде ағашты ойып кеуек жасауға кәне бұтаққа жармасуға өте қолайлы.

Құстар әлемінде не бір таңқаларлық тұмсықтар бар. Мысалға, мына қайшыауызды алайық. Оның тұмсығы қайшы сияқты. Ал, мұндай тұмсық неге қажет? Онымен не шыбын ұстай алмайсың, не жерден дән шоқып жей алмайсың. Бірақ қайшыауызға бұлардың керегі де жоқ, ол өзінің осы «қысқаш» тұмсығымен шырша бүрін шемішкеше шағады. Яғни қайшыауыз шоқыған кезде қап-қатты шырша бүрінің қабыршағы жан-жаққа қардай борап, дәні оның аузында қалып жатады.

  Жарияланған-2016-09-03 19:52:31     Қаралды-15355

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚЫСТА ШЫРША ҚЫЛҚАНЫ НЕЛІКТЕН ЖАСЫЛ БОЛАДЫ?

...

Күздігүні барлық ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп қалады да, шыршалардын қылқандары жасыл күйінде түспей тұра береді?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОКОЛАДТЫ РАХАТ-ЛУКУМ

...

Какао ұнтағы қосылатын мармелад сияқты тағам осылай деп аталады. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰҚАР ЖЫРАУ

...

Бұқар жырау 1668 жылы Баянауыл жерінде дүниеге келген. Жүз жылдан аса өмір сүрген Бұқар шамамен 1781 жылы қайтқан. Әкесі Қалқаман арғын руынан шыққан атақты батыр болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛТЫН ҚАЙ ЖЕРДЕ КӨП?

...

Мұндай сұрақтың жауабы күтпеген болып көрінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »