UF

ӘЛЕМНІҢ 9 ТАҢҒАЛАРЛЫҚ АҒАШТАР

Категориясы: Табиғат


Өсімдіктердің мыңдаған түрлері жер шарының түкпір-түкпірінде өсетін ғаламат ағаштар, оның ішінде 9 түрлері төменде келтірілген.


Дүние жүзіндегі ең биік ағаш - австралиялық алып ЭВКАЛИПТ! Ол Австралияда өседі. Биіктігі 100-110 метрге жетеді. Баяғыда бір кедей адам осы ағаштың әбден қурап, омырылып қалған біреуінің түбірін ойып, өзіне және отбасына үй жасайды. Түбірдің ішіндегі қуыстың кең болғандығы сондай, тіпті ат қорасын да соның ішінде жасапты дейді.

Өзінің биіктігі мен мықтылығығынан талай ағашыңнан асып түсетін бір шөп бар. Оның қармақтың сабын, шаңғының таяқтарын жасайды. Бұл өсімдіктің аты - БАМБУК! Дүниедегі ең биік шөп, міне, осы. Жас бамбук күніне жарты метрдей өседі. Бірақ мұндай қарқын онша көп уақытқа созылмайды, бар-жоғы 40 күн ғана, әйтпесе ол көкпен таласып, бұлтқа да жеткен болар еді. Бамбук ауа-райы ыстық елдерде өседі, дегенмен Қиыр Шығыс пен Кавказда да бар. Әсіресе, ол Вьетнамда, Қытайда, Индонезияда, Үндістанда, Африкада аса қалың.

Ең аумағы үлкен ағаш - бәріміз білетін фикус тұқымдас БАНЬЯН ағашы. Оны тоғай ағаш деп те атайды. Себебі, баньянның діңі басқа ағаштар секілді біреу емес, бірнешеу. Оның жас шыбығы жан-жаққа бұтақтарын жаяды. Ал бұл бұтақтардан жапырақтар ғана емес, тамырлар да өсіп шығып, төмен иіледі. Мұндай тамыр жерге жетісімен-ақ жуанданып, ағаштың тағы бір діңіне айнала бастайды. Ең үлкен баньян ағашының 4 мыңнан астам діңі бар екені анықталған. Бұл деген тіпті де тоғай-ағаш емес, нағыз орман-ағаш емес пе! Мұндай бір ағаштың саясы екі полк солдаттың дамылдап, еркін демалуына жарайды. Сол кезде олардың штабы қалыңдығы он метрге жететін ең негізгі діңінің түбіне жайғасар еді.

Дүниедегі ағаш атаулының ең қаттысы - темірағаш. Бірақ осылай деп әр түрлі ағаштар аталып жүр. Кавказда, САМШИТ темірағашы өседі, оны жергілікті халықтың өзі де «демир-ағаш» деп атайды, тропиктік елдерде мұның қара ағаш деген де түрі бар. Бұлардың барлығы да тастай қатты, оларға оңайлықпен балта да батпайды, пышақ та өтпейді және өздері өте ауыр - су бетінде қалқымайды, тас секілді дереу су түбіне шөгіп кетеді. Темірағаштың кейбір түрлерінен тіпті машинаның ұсақ бөлшектерін де жасайды.

Бейне нағыз темірдің өзінен жасағандай. Үндістанда, Индонезияда, тағы басқа да тропиктік елдерде НАНАҒАШ өседі. Әрине, оның бұтақтарында батон да, бөлке де, тоқаш та салбырап тұрмайды, алайда пішіні домалақ, әрқайсысының салмағы 30 килограмдай ап-ауыр жемістері болады. Жергілікті тұрғындар бұл жемістің жұмсақ етін күлге көміп, күлше пісіреді, оның дәмі нағыз нанға ұқсайды.

Америкадағы ең биік ағаш - СЕКВОЙЯ. Кайсыбір жылдары үндістер бір секвойяның діңін тесіп, үлкен ойық - ұзындығы тоғыз метрлік туннель жасапты. Одан қазіргі жүк машиналары еркін өте алатындай екен. Ал басқа бір кәрі секвойяның түбірі би алаңын жасауға жарапты. Мерекелерде оның үстінде шағын оркестр ойнап, 15 жүп бишінің шыр көбелек айналуына орын жетіпті. Ал сол сәтте алаңның шет-шетінде 20 шақты көрермен биді тамашалап, еркін жайғасып отыра алады екен.

ШҰЖЫҚ АҒАШЫНЫҢ ұзындығы жарты метрдей, әр жемісі сыртқы түрі жағынан кәдімгі шұжыққа ұқсас, бірақ амал қанша, ол жемістер жеуге жарамайды.

СҮТАҒАШ Бразилияда өседі. Кейде оны жергілікті тұрғындар «сиырағаш» деп те атайды. Бұл ағашты «сауу» үшін қабығын тіліп жіберу қажет, сол сәтте-ақ тосқан ыдысыңа аппақ сүйық зат аға бастайды. Осынау ағаш шырынының түсі ғана емес, дәмі де сүтке өте ұқсас.

Ал мынау - КОНФЕТАҒАШ. Ол Үндістанда, Жапонияда, Қытайда өседі. Бұл ағаш Қырым мен Кавказға да әкелінген. Конфет ағашының күнге кептірілген жемістері кәдімгі конфеттің өзіндей дәмді де тәтті.

  Жарияланған-2016-09-02 17:35:46     Қаралды-33651

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА

...

Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ - ӘЛЕМДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ

...

Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі су проблемасы аса өзекті мәселенің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ ҚЫМБАТ БАҒАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ

...

2005 жылы гонконгтық саңырауқұлақ сатушы спутниктік байланыс арқылы өзінің 1,2 килограмдық ақ трюфель саңырауқұлағын Италияда өткен қайырымдылық аукционында 95 мың евроға сатқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҮКЖИДЕКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Мүкжидектің құрамында қант көп, лимон, бензой және хинин қышқылдары, пектин заттары, бояу заттары, С витамині бар. Халықтық медицинада - мүкжидек экстракты, сиробы, шырыны безгек ауруларымен ауырған адамның температурасын төмендетуге, құрқұлақ ауруын емде

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АДАМ АҒЗАЛАРЫ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Адам ағзасының ең үлкен мүшесі - ұзындығы 5-6 метр болатын аш ішек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНДІЗ КӨРІНЕТІН ЖҰЛДЫЗ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

...

Бұл - аспандағы ең жарык жұлдыз, жарықтығы сондай, азанда - барлық жұлдыз өшкен кезде Таң шапағымен бірге жарқырап тұрады, ал ақшамда көк жузінде бар жұлдыздан озып, ең алдымен көрінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »