UF

ӘЛЕМНІҢ ҒАЖАЙЫП ОРМАНДАР

Категориясы: Табиғат


Орман ішінде қай жағына қарасаң да, небір кереметтерге кенелесің...

Біреу орман кереметіне аузын аша таңырқап, әрі қарай жүреді де, көргенін лезде ұмытады. Ал екінші біреу таң-тамаша қалып, аялдап, ойға батады.

Мына ғажайып, шуақты орман ҚАЙЫҢДЫ ОРМАН деп аталады. Шүйгін шөп, қаптаған гүл. Қайыңдардың аппақ діңінде, жап-жасыл жапырақтарының беттерінде күн сәулесі ойнайды. Мысықторғайлар сыбызғыдай сызылтып әнге басады. Агаш бұталары соққан самалдан емес, мысықторғайдың әніне елітіп тербелгендей ырғалады. Ару ақ қайың туралы ән де, жыр да көп. Көкшетау туралы әңгіме бола қалғанда, оның қайыңдарья еске түсетіні тегіннен-тегін емес.

Мынау - ШЫРШАЛЫ ОРМАН. Іші қаракөлеңке. Айнала - кілемдей төгілген қылқан жапырақтар. Шөп-шалғын да, бұталар да аз. Оқта-текте шымшықтардың шықылықтағаны, тоқылдақтың ағашты соққылағаны естіледі. Әлсін-әлсін шілдің ысқырғаны құлаққа шалынып, қайтадан жым-жырт тыныштық орнайды. Кейде жаңғақ іздеп, ағаштан-ағашқа секірген тиіннің көлеңкесі көлбең ете қалады. Тиіндер мен тоқылдақтар қатты жаңғақтардың өзін оп-оңай шағып жейді. Олар үшін шырша дәнінен дәмді тағам жоқ.

Қарағайлы орманның іші жарык та құрғақ. Табаныңның асты - қалың мүк. Мұндай орман ішінде жеміс-жидек те көп - қарамық, итбүлдірген сыңсып тұрады. ҚАРАҒАЙЛАР бойларымен көк тіреп шайқалған кезде бұлттарды іліп кете жаздайды. Олар батпақты жерде де өсе береді. Бірақ онша биік болмайды. Саясы қаражидектерден көрінбейді. Мұндай жеміс өскен жерлерден құр, меңіреуқұрларды кездестіруге болады.

ЕМЕНДІ ОРМАН. Емендер бір-бірінен алшақ өседі. Жапырақтары қалың өскендіктен дәл түбі көлеңкелі, араларындағы ашық алаңқайлар шуақты болып келеді. Көлеңкелі жерлерде өсетін өсімдік аз, есесіне шуақты алаңқайларда биік шалғын мен қалың бұталар - жаңғақ, итмұрын, қып-қызыл жемістері тізіліп  аю бадам, доланалар сыңсып тұрады. Құстар мен аңдар жыртылып айырылады. Жемістерді шоқып жеп барылдақ торғайлар жүреді. Қыстыгүні мұнда үсік ұрған тәтті итбүлдіргендерді теріп жеуге сарнауық торғайлар жиналады. Алып емендердің асты қабандар үшін бейне бір дайын қойма тәрізді. Олар дәмді де майлы емен жаңғақтарын жеуге келеді. Емен жаңғақтары - айналаны шуға көміп, топ-топ болып жиналатын көкала қанат жорғаторғайлардың да сүйсініп жейтін тағамы. Олар емен жаңғақтарын тоя жеп қана қоймай, өздерімен бірге ала кетеді.

АРАЛАС ОРМАН. Қайың мен қарағай, шырша мен бозтерек қатар, аралас өсіп тұра береді. Мұнда жөке ағашы да, емен де, үйеңкі де кездеседі. Алуан түрлі бұталар, шөптер мен гүлдер мол. Ал құстар ше? Көктемде сан алуан құстардың қосылып салған әніне құлақ құрышың қанады. Күз келгенде ағаштар алуан түрге бөленеді. Сұлулығы көз сүріндіреді. Бейнебір ғажайып суретші келіп, әдейі қылқаламмен бояп кеткендей, бір жерінің ағашы сап-сары, екінші бір ағаштардың жапырағы қоп-қоңыр, үийнші ағаштардың жапырағы жасыл күрең, төртінші ағаштардың жапырағы қызғылтым тартып, бозтеректердің жапырақтары оттай жанып тұрады

  Жарияланған-2016-09-02 15:43:12     Қаралды-6666

Мәлімет сізге көмек берді ма

ДӘРІЛІК САБЫНШӨП (ЖЕР САБЫН)

...

Дәрілік сабыншөп - биіктігі 80 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҮГЕРІ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН КҮЛШЕ (коржик)

...

Қант, жұмыртқа, қаймақ араластырылып, оған жуылған мейіз, жүгері үлпегі және сода қосылады да, 1 минут бойы тағы араластырылып, қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕСУ ҚАРУЫ

...

Кесу қаруының ертеде қолданылған екі жүзді, түзу келген түрі - «семсер». Ал сыртына қарай иіліп, кайқы келген бір жүзді кару «кылыш» деп аталады. Қылыштың өте қайқы болып келетін «наркескен», ұшы екіге айырылатын «зұлпықар», шапқанда ауыр болу үшін басы ү

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖҮЗІМ СОРТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

...

Жүзімнің қазіргі қолданылып жүрген, аудандастырылған сорттары ұсынылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТАРДА ҚОЙ-ЕШКІГЕ ҚАТЫСТЫ ЫРЫМДАР МЕН ТЫЙЫМДАР

...

Қазақ сенімінде төрт түлік те аса киелі жануарлар санатында. Кез-келген малды сол түліктің қарасы ауылдан ұзаған соң ғана бауыздаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЖЫ - ТІЛ ҮЙІРЕР ДӘМДІ АС

...

Жаңа сойылған малдың іш майы, өкпе–бауыр, ішек–қарны, етті мүшелегенде түскен кесінді еттер ұсақтап туралады (қазіргі кезде ет тарқыштан өткізіледі).

ТОЛЫҒЫРАҚ »