UF

ТЕҢІЗДЕГІ ТЕЛЕГЕЙ СУ ҚАЙДАН КЕЛГЕН?

Категориясы: Табиғат


Егер глобусты шыр айналдырсақ, ол тек қана - көгілдір түсті болып көрінеді. Олай болатын себебі - оның бетіндегі сары, ақ, жасыл, қоңыр түске қарағанда көгілдір бояудың  басымдығы. Глобуста букіл су атаулы - біздің планетамыздағы барлық теңіздер мен мұхиттар көгілдір бояумен көрсетілген. Су құрлыққа қарағанда есе артық жерді алып жатыр. Теңіздер мен мұхиттар қандай терең десеңізші! Биік деген таудың өзі оның тұзды тұңғиығына шым батып кетер еді. Тынық мұхиттың ең терең жері - Мариан шұңғымасына кәдімгі көп қабат үйге көтерілетін лифтімен түсетін болсақ, онда тоқтаусыз зымырағанның өзінде 5 сағат керек екен! Мұндай лифтімен 10 қабат үйге көтерілгенше - не бары жарты минут кетсе, ал мұнда табаны күректей 5 сағат жол жүруге тура келетін көрінеді. Қандай терең екенін байқадың ба!

Ал бүкіл теңіз бен мұхит атаулыға қанша су сыйып жатқанын білгің келе ме? Ендеше тында. Егер Жер шарының беті бір сәт осы глобус сияқты теп-тегіс бола қалса, онда бүкіл мұхиттар мен теңіздер, өзендер мен көлдер бір-біріне құйып, біздің планетамыздың беті тұтастай биіктігі 9 метр су көрпесіне оранған болар еді.

Жер шарының картасында 4 мұхит көрсетілген. Ал Жер шарын айнала жүзген кемедегі жолаушылар бір мұхиттан екіншісіне өткенін ешқашан байқамайды. Өйткені ол шет-шегі жоқ тұтасып жатқан бір ғана мұхит сияқты. Шындығына келсек, солайы солай. Мұхит суының тұтасып жатқаны рас. Ол - Дүниежүзілік, немесе Әлемдік мұхит болып табылады. Оны ыңғайлы болу үшін төртке бөлген. Егер капитаннан радиомен: «Қай жерде жүрсің?» - деп сұраса. Оның «Әлемдік мұхиттамыз» деген жауабынан жұрт не түсінбек. Ал радист әзінің жүрген жерін: «Біз Тынық мұхиттамыз. Беринг теңізіне жақындап қалдық» - деп, нақты айтса бәрі айқын болмай ма?

Жер бетіндегі мұхит не бары төртеу деп әлгінде айттым, ал теңіз дегенің одан әлдеқайда көп, оның саны - 30, Шындығынана келгенде олардың өзі сол әлемдік мұхит болып табылады. Себебі оның кез келгені мұхитпен, ал мұхиттар теңіздермен жалғасып жатыр. Қайсысына жүзіп барамын десең де өз еркің.

Жан-жағын құрлық қоршап жатқан 2 ғана теңіз бар. Ол екеуі біздің еліміздің территориясына орналасқан: Каспий және Арал теңіздері. Шындығында, екеуі де көл, алайда ауқымы үлкен әрі суы тұзды болғандықтан теңіз атанып кеткен.

Теңіздер мен мұхиттарда мыңдаған аралдар бар, ал шағын аралдардың саны одан да Әлемдік мұхит дегеніміздің өзі - Жерді бір орталықтан жылытып тұратын алып бу қазаны іспетті нәрсе! Күн жаз бойы өз шуағымен суды жылытады, сол жылыған су қыс кезінде бойындағы жылуын Жерге береді.

Әлемдік мұхиттың мойнына алған тағы бір қасиетті міндеті бар, ол - Жерді шөлдетпей суарып тұру. Сусыз тіршілік жоқ. Ондайсыз аң-құс та, адамдар да өмір сүре алмайды. Бүкіл дала, орман-тоғай, Жер бетіндегі өсімдік атаулының бәрі суға тәуелді.

Су шөліркетпес нәр болумен бірге, қарын ашырмас азық көзі де.

Теңіздер мен мұхиттарда үлкенді-кішілі кемелер күн-түн демей балық аулайды.

Су сонымен бірге су электр станцияларын іске қосып, ток береді.

Сусыз тазалық жоқ. Су болмаса жуына алар ма едің.

Су - ең тиімді қатынас жолы. Жер бетіндегі қаптаған өзендерде, теңіздер мен мұхиттарда не бір ауыр жүктерді, жолаушыларды тасыған кемелер ерсілі-қарсылы ағылып жатады.

Сусыз нан иленбейді, құрылыс бетоны сусыз бірікпейді, сусыз кітап пен дәптер қағазы, киім тігетін мата, резина, металл, пластмасса, дәрі-дәрмек атаулы, бірде-бір конфет жасалмайды. Сусыз ешнәрсе істей алмайсың!

- Міне, судың қасиеті осындай!

  Жарияланған-2016-08-26 14:24:55     Қаралды-4204

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАЛАҚАЙ НЕГЕ КҮЙДІРЕДІ?

...

Туралған пияздан басқа бірде-бір өсімдік балалардың көз касын дәл осындай көлдеткен емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ҚОСЫЛҒАН КЕКС

...

Сарымай қант ұлпасымен қосып шайқалып, бірінен соң бірі: жұмыртқа сары уызы, сүт, ірі-ірі жаңғақ дәндері, жүзім, ванилин қосылады. Бұл кезде қоспа ұдайы араластырылып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТОРҒАЙ

...

Торғай, Торғай үстірті - батысында Оңтүстік Орал (Мұғалжар) тауымен, шығысында Сарыарқамен шектесетін жазық өлке. Торғай атауы «кең алқаптағы өзен, су» ұғымын білдіруі мүмкін деген жорамал бар. Солтүстігіндегі Тобыл аңғары жазығынан оңтүстігіндегі Шалқарт

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ШҰЖЫҚТАРЫ

...

Грек жаңғағының мықты-мықты жарты дәндері іріктеліп алынып, бір тәулік бойы салқын суға салып қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА ӨЛШЕУГЕ БОЛА МА?

...

Әйгілі ғалым Галилео Галилей бұдан 300 жылдай бұрын көпшілікті таң қалдырып... ауаны өлшепті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИТМҰРЫН ҚАЙНАТПАСЫ

...

Итмұрынның кепкен жемістері іріктелінеді. Тазаланып жұылып, ұсақтап тұрайды да үстіне қайнаған су құйылып, ыдыстың қақпағы жабылып

ТОЛЫҒЫРАҚ »