UF

ТАУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

Категориясы: География


Бәлкім, бұл сұраққа сен де жауап іздеп жүрген шығарсың? Шынында да, таңқаларлық нәрсе ғой: бір жерлерде шетсіз-шексіз керіліп дала жатыр, ал енді бір жерлерде өркеш-өркеш таулар тұр. Неге бұлай?

Бәрінің сыры - жер қыртысында. Ол ешуақытта да тыныш жатпайды: кейде дір-дір сілкініп, бетіндегінің бәрін бір шайқап өтеді; кейде төмен ойысып, ал кейде қатпар-қатпар жиырыла қалады. Тау мен дала да, ойпат пен төбе де  жер қыртысының осындай қозғалыстары нәтижесінде пайда болады. Түсінген жоқсың ба? Онда қолыңа орамал ал да, теп-тегіс жайылған алаканыңның үстіне төсе... Алдымен келісіп алайық, орамал - бұл жер қыртысы. Енді оның астындағы саусақтарыңды қимылдатып байқашы, жайлап бүгіп көр, әне «жер қыртысы» бірден қозғалысқа келді: жиырыла бастады, бедерлене түсті. Көз алдыңда «таулар» тұлғаланып, олардын арасынан «сайлар» пайда болды.

Осыған ұқсас құбылыс табиғатта да өтіп жатады, тек әрине, дәл осылай теп-тез емес.

Кейде жанартаулар қызметінің нәтижесінде де таулар пайда болады. Қалайша дейсін ғой. Жанартау буырқанған кезде оның аузынан тасқын атқылайтынын білетін боларсың. Жердің терең қойнауында болатын отты сұйық зат - магмамен бірге жоғары қарай тас та, күл де, балшық та ұшып жатады. Олар, әрине, қайтып жерге түседі. Ыстық сел суып қатқан соң, сол орнында кіші-гірім таудың немесе жарқабақтың пайда болғанын көреміз. Жанартаудың әрбір жаңа бұрқанысынан соң, әлгі жарқабақ үлкейіп, биіктей береді, биіктей береді, ақырында, тауға айналады. Осылайша пайда болған тауларды бірден танисың: олар үшкір ұшын қырқып тастаған алып пирамидаларға ұқсайды.

  Жарияланған-2016-08-25 16:27:49     Қаралды-38577

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЕҢ АЛҒАШҚЫ ҮНДІ СПУТНИГІ

...

Ең алғашқы үнді спутнигі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНИМАЛИСТ ДЕГЕН КІМ?

...

ЖИДЕК іздеп орманды шарлап-шарлап әбден шаршаған кішкене қонжық кенет отыра кетті. Суретшінің шебер қолы қонжықтың ұйпа-тұйпа мамық жүнін, таңғала қараған аңғал көзін айнытпай жеткізген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ БӨЛКЕСІ

...

Жаңғақ бөлкесін жасау үшін жылытылған сүтке ашытқы қосылып, ол әбден еріп кеткенше араластырылады. Оның үстіне кагор шарабы құйылып, қант, жұмыртқа, тұз, какао, ұн, ұнтақталған жаңғақ салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Миллионерлер Финляндияда қандай айыпұлдарды төлейді

...

Финляндия тағындаған ЖҚЕ бұзуға айыпұлдар тағылмаған белдік үшін немесе дұрыс тұрақтамағаны үшін 35 еуродан басталады және жылдамдықты асырғаны үшін жүздеген мың еуроға дейін барады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮРКІЛЕРДІҢ КӨНЕ ЖАЗБАЛАРЫ

...

Бағзы замандарда түркілер өз әліпбиін ойлап тапты. Ондағы әріптер қар бетіндегі құс іздеріне өте ұқсас, құйттай сына түріндегі сызықшалармен бейнеленді. Мұндай жазу «сына жазуы» (немесе ешкім сырын аша алмаған бұл жазулар «руна» деп аталады, руна сөзі гот

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕРЕН САУЫТ

...

Берен - мата, теріге темір тақташаларды шегелеп, қатарлап бекіте отырып жасалатын сауыт. Үлкен темір тақташалардан жасалып, иілуге онша келмейтіндіктен бұл сауыт кеудеше тәрізді етегі қысқа, жеңсіз етіп жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »