ШОҚПАРБАС ПЛАУН – ДЕНЕДЕГІ ШАНШУЛАРДЫ ЕМДЕЙДІ
Категориясы: Өсімдікті
ШОҚПАРБАС ПЛАУН – ПЛАУН БУЛАВОВИДНЫЙ
Шоқпарбас плаун – мәңгі көгеріп тұратын, биіктігі 1,5 метрге жететін, споралы өсімдік. Сабағы жерге төселіп, жайыла өседі де, біртіндеп бұтақтанып жоғары көтеріледі. Сопақша келген жіңішке жапырақтарының ұшында ұзын әрі өткір ақ түсті шаш сияқты зат, ал бұтақтарының ұшында 3-4 споралы масақшалар бар. Осы масақшалардан шілде айының аяғында су жұқпайтын ұнтақ сияқты сары түсті споралар төгіледі. Шоқпарбас плаун таулы және тасты жерлерде, аршалы тоғайлардың ішінде, бұталардың арасында, орманды жерлерде өседі.
Дәрі жасау үшін шоқпарбас плаунның жас бұтақтарын және спораларын жинап алады. Бұл үшін плаунның бұтақшаларын қайшымен қиып алып, қағаз қапшықтарға салады да, жабық үйдің ішінде кептіреді. Кептірілген спораларды електен өткізіп алады. Оның құрамында ликоподин, клаватин, клаватоксин деген алкалоидтер, споронин, клетчатка, қант, минералды заттар болады. Спорада 40-50 процент май, пальмитин, стеарин, арахин, олеин қышқылдары бар.
Медицинада шоқпарбас плаунның спорлары жас балалардың денесіне, жараларға себетін дәрі ретінде пайдаланылады. Шоқпарбас плаунның бұтақтары нерв жүйесін және ревматизмге байланысты буынның сырқырағанын тыныштандыратын дәрі есебінде қолданылады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің споралары мен бұтақтарының сулы тұнбаларын бүйректің және қуықтың ауруларын емдеу үшін де пайдаланады. Қабынуға қарсы әсер ететіп, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттеріне байланысты, шоқпарбас плауннан жасалған дәрілер бауыр ауруларын, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуларын және денедегі әр түрлі шаншуларды емдеу үшін қолданылады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Споралардың 2 ас қасығын 2 стакан салқын суға салып 15 минут қайнатады да, 1 ас қасықтан спораларымен бірге әрбір сағат сайын ішеді. 30 грамм бұтақшаны 1 литр суға салып қайнатады да, 2 ас қасықтан сол бұтақшалардың тұнбасын әрбір сағат сайын ішеді.
Жарияланған-2016-07-15 16:32:30 Қаралды-4921
КӨКПАР
Көкпар - атқа мінген топ жігіттердің қатысуымен өтетін ойын. Ойынды бастау үшін көкпаршылар белгіленген сызықтың бойына қатар түзеп тұрады. Сызықтан 50-60 адымдай жерге көкпар тасталынады.
БОЛАТ САРЫБАЕВ
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927-1985 жж.) қазақ халқының музыка зерттеу саласында мол еңбек сіңірген аса көрнекті музыкант. Оның өнерге деген құштарлығын аңгарған Дина Нұрпейісова өз домбырасын сыйға тартады.
ЖАЗДЫҢ ЫСТЫҒЫНДА ШӨЛ ҚАНДЫРАТЫН СУСЫНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ
Жаздың аптап ыстығында ішкен сап-салқын сусын мейіріңді қандырмай ма?
НАУАТ (кинза шекері)
Жіпке ілінген ірі, жылтыр, мөлдір келетін қанттың бір түрі. Оны жасау үшін құмшекер және қосымша материал ретінде ақ жіп пайдаланылады.
ТӘТТІЛЕР РЕЦЕПТІЛЕРІ
Дастарқанын түрлендіре түскен қыз-келіншектеріне үмітпен тіске басар тәттілер - торт, печенье, пирогтар.