UF

ШЕГІРШІН – ПОДАГРАНЫ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Категориясы: Өсімдікті


ШЕГІРШІН – ЛАБАЗНИК ВЯЗОЛИСТНЫЙ, ТАВОЛГА ВЯЗОЛИСТНАЯ

Шегіршін – биіктігі 1-2 метрге жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік, жоғарғы жағында жайыла өседі. Жапырақтары қауырсын тәрізді, шеттері ара тісті, 2-4-тен жұпталып қарама-қарсы орналасқан. Жапырақтарының төменгі жағында ақшыл көк (бозғыл) түсті, киіз тәрізді ұйысқан қалың түгі бар. Гүлдері майда, ақ немесе сары түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырлана өекен. Гүл жапырақшасы да, гүл тостағаншасының қалақшалары да бес-бестен. Жемісі көптеген кішкене жаңғақшалардан тұрады.

Шегіршін ылғалды шабындықтарда, орманның шеттерінде, сайларда, өзен жағасында, бұталардың арасында өседі. Дәрі жасау үшін оның жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезінде, ал тамырын ерте көктемде немесе күзде жинайды. Шегіршіннің құрамында гаультерин және спиреин деген глюкозидтер бар. Гаультериннен метильсалицилатты бөліп алуға болады. Сондықтан осы өсімдіктің тамырынан жасалған дәрідер аптекаларда салимент, капсин, бомбенги, бальзам, санитас деген аттармен сатылатын бірсыпыра метильсалицилатты дәрілердің орнына жүреді.

Ғылыми медицинада шегіршінді бұлшық еттер мен буындар ауырғанда денеге жағу үшін кеңінен қолданады. Халық медицинасында бұл өсімдіктің сулы тұнбалары мен май дәрілерін ревматизмді, қуық пен бүйрек ауруларын, геморройды емдеу үшін пайдаланады, асқазан қатты түйіліп ауырғанда да емге қолданылады. Сонымен қатар оның тер шығаратын, өт айдайтың қасиеттерін пайдаланып, денедегі ісіктерді қайтару үшін, сарыпты (подаграны) емдеу үшін пайдаланады. Әйелдердің ақ етеккірі келгенде, денеге шиқан шыққанда және дене сыртындағы іріңді жараларды емдеу үшін де пайдаланады. Жылан шаққанда немесе ит қапқанда денедегі жарақатқа өсімдіктің кептіріп ұнтақталған тамырын себеді.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 1 шай қасық шөп ұнтағын 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1 күн ішінде біртіндегі түгел ішіп тауысады. Денедегі жараларды емдеу үшін өсімдіктің ұнтақталған 1 ас қасығын 1 литр суға салып, жарты сағат қайнатады да, даяр болған дәрімен денедегі әр турлі жарақаттарды жуады. Майдәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын ұнтақтап, оның бір ас қасығын сиыр майының бес ас қасығына араластырады да, сырқыраған буындарға, шонданай нервісі қабынғанда белге жағады.

  Жарияланған-2016-07-15 15:20:15     Қаралды-3866

Мәлімет сізге көмек берді ма

АСТАНА

...

Астана деп мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығын айтады. Ол елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала болып табылады. Біздің еліміздің бас қаласы Астана болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЙЫҚ ӨҢІРІ

...

Еліміздің солтүстік-батысындағы екі өзен аралығын алып жатқан аймақты қазақтар ежелден Еділ-Жайық өлкесі деп атап келген. Мұнда Жайық өзенінің орта ағысынан бастап Каспий теңізіне құяр сағасына дейінгі телімі ел аумағында ағады. Жайық өзенінің ел аумағынд

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАРВАРДА

...

Ұн сеуіп жасалған карамель сияқты тәтті тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЛАҢҚАТ

...

Жалаңқат - бір қабат қалың металдан тұтас етіп соғылатын сауыт. Кеуделік және арқалық бөліктен тұрады. Пішіні жеңсіз кеудеше тәріздес, белден сәл ғана түсіп тұратын қысқа болады. Бұл екі бөлік бір бүйірінен топсалар арқылы, екінші бүйірінен және иықтары т

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕЙІЗ САЛЫНҒАН ПЕЧЕНЬЕ

...

Жұмыртқаға қант қосып шайқалып, қаймақ, сарымай, тұз салынады. Ұн крахмалмен және содамен араластырылып, әлгі шайқалған массамен қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН: ТАБИҒАТПЕН СЫРЛАСУ

...

Оңтүстік Қазақстан облысы республикамыздың түстігінде орналасқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »