ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА КӨНЕ МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНДІРІСІ
Категориясы: Тарих
Қазақ даласында көне заманның өзінде-ақ металлургия өндірісінің кеңінен дамуы осынау байтақ көшпелілер өңірінде кең тараған жануарлар стиліндегі өнер туындыларының дүниеге келуіне де себепші болды. Олай дейтініміз, жануарлар стиліндегі ең асыл айғақтар мыс, қола, алтын, күміс сияқты түсті металдан жасалған. Бұл жөнінде кейінгі тараулардың бірінде арнайы әңгіме өрбітеміз.
Металл өндірісіне байланысты тілімізде күні бүгінге дейін сақталған сөздердің де айтары, аңғартары мол. Кен кеніш, (жер асты қазынасы), кенші (руда казушы), кен ошағы, кенқазған (рудник), кен шоқы, қалайы, қалайышы, қалайылау, қола, қолаба (металл құймасы), мырыш, мыршым (мырыштан жасалатын ойын құмалағы), қорғасын, жез (сары жез), мыс (қызыл жез), бақыр (қара қоңыр жез), міне, осы сияқты атаулар көне кәсіптің тіліміздегі айғағы жаңғырығы іспеттес.
Металл өндірісіне бірден-бір қажет отын қызуы мол көмір екені мәлім. Қазақ көмірдің не екенін, оның кадір-касиетін есте жоқ ескі кезден білген. Бұған ең алдымен «көмір» деген сөздің өзі айғақ. Өйткені, көмір» сөзінің түп төркінінде халықтың геологиялық түсінігі жатыр. Қазақта «көм», «көму», «көмілген» деген сөздердің бәрі де не нәрсенің болсын жер қойнында болатындығымен байланысты айтылады. Ал көмірдің ток қана жер астында болатындығы белгілгі.
Жарияланған-2016-04-20 15:05:03 Қаралды-4542
ТОҚАШ-ПАХЛАВА
Бұл - ішіне жаңғақ салып, май мен бал сіңірілген, ашытылған қамырдан жасалған тағам.
ӘРІПТЕР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?
Әліппе деген аса маңызды, өте қажетті кітап қой. Оның алғашқы беттерін тіпті әріп дегеннің не екенін мүлде білмейтін адам да оқи алады.
АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.
ЖҰМБАҚТЫ БЕНГАЛИЯ
Бенгал (хинди тілінде Бангал, бенгал тілінде - Бангла) - Үндістандағы Ганг өзенінің төменгі бойымен Ганг және Брахмапутра атырауында орналасқан тарихи аймақ.
БЕТ КҮТІМГЕ ҚАРАПАЙЫМ КЕҢЕСТЕР
Беттің табиғи ажарының таймауын, оған мезгілсіз әжім түспеуін әркім де жақсы көреді.
Кактус – мексикандықтардың ең сүйікті жеңсігі
Егер үшкір тікендерін алып тастасаңыз кактусты жеуге болады. Оны қуырады, пісіреді, қатырады, шикілей жейді. Тікенді алмұрттардың дәмі керемет. Өсімдікте көп витаминдер мен минералдар бар.