ЖАППАЙ ЗАҚЫМДАУШЬІ ҚАРУ
Категориясы: Соғыс
Жаппай зақымдаушы қару - адамдар мен хайуанаттардың арасында жаппай шығып тудыратын үлкен зақымдаушы күшке ие. Оның зақымдаушы объектілері - тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге дұшпанның алыстағы тылы, саяси-әкімшілік орталықтары, ірі қалалары мен өнеркәсіп орындары жаппай зақымдаушы қаруды қолдану қалалардың, өнеркәсіп объектілері мен транспорттың қиратылуына, сондай-ақ адамдардың орасан зор шығынға ұшырауына алып келеді. Жаппай зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын ядролық (негізгі қаруы), химиялық және бактериологиялық (биологиялық) қаруы жатады. Жаппай зақымдаушы қару ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі. Жаппай зақымдаушы қару күтпеген жерден және жаппай қолданылуы мүмкін. Қарудың әдеттегі түрлері, оларда сапалық жағынан жаңа элементтерді, мысалы, аумақты жарылыс оқ-дәрілерін пайдаланған кезде жаппай зақымдаушы қарудың қасиетіне ие болуы мүмкін.
Жарияланған-2016-02-20 17:33:56 Қаралды-3060
ҚЫЗҒЫЛТ РАХАТ-ЛУКУМ
Бұл мармелад секілді тағам. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады. Ылғалдылығы – 17-19 процент.
СУ ТАСҚЫНЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Су тасқыны - дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады
АҢ-ҚҰСТАРДЫҢ ІШІНДЕ ТҮНГІ АҢШЫЛАР
Тек жапалақ қана емес, мысық, күзен, түлкі, қасқыр сияқты басқа да жануарлар өз кемдерін түнде аулайды.
ГҮЛДЕР НЕГЕ ХОШ ИІСТІ ШЫҒАРАДЫ?
Жарқын түс, аңқыған хош иіс гүлдерге көбелектер мен шыбын-шіркейлерді өзіне шақыру үшін қажеті.
ЖҮЗІМ НУГАСЫ
Жүзім мен курага мол салынған жұмсақ кәмпит сияқты тағам осылай деп аталады.
АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.