UF

ҚОРТПА

Категориясы: Жануарлар


Бекіре тұқымдастардың ішіндегі өте ірісі - қортпа. Қортпаның (белуга) ұзындығы 4 м-ден астам, салмағы – 1-1,5 тоннаға дейін барады. Бірақ Каспий теңізінде аулағанда көбіне ауға салмағы 46-64 кг келетін қортпалар түседі. Терісі сауыт тәрізді келеді. Денесін өзге балықтардікіндей қабыршақ емес, ұсақ-ұсақ мықты мүйізделген сүйектер қаптап тұрады.

Уылдырық шашу үшін қортпа өзенге өтеді. Олар көбіне Орал өзеніне уылдырық шашады. Бұл өзенге кортпалар жылына көктемде және күзде екі рет келеді.

Жағалық алқапта және ашық теңізде қортпа судың жоғарғы қабатында, 50 метрдей тереңдікте жүреді, ал басқа тұқымдас балықтар судың төменгі қабатында, түбіне таяу жерде болады. Ол ұсақ балықтармен, ұлулармен, шаян тәрізділермен қоректенеді. Қортпа - ұзақ жасайтын, жыртқыш балық. Олардың 100 жыл жасайтындары да болады. Оның еті дәмді, әсіресе, уылдырығы өте бағалы.

 

  Жарияланған-2015-11-26 14:55:11     Қаралды-4583

Мәлімет сізге көмек берді ма

ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

...

Әлемнің жеті кереметі - әлемге әйгілі болған ертедегі ғимараттар мен тас мүсіндердің атауы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СПЕЛЕОЛОГИЯ ІЛІМІ ӘЛЕМГЕ НЕ БЕРЕДІ?

...

Ол - адамзаттың тарихи-әлеуметтік аядағы даму эволюциясын танып-білу үшін, рухани жеттігіуіміздің тегін тектеу үшін, сонсоң туған жер төсіндегі саналы тіршілік сабақтастығын бажайлау үшін қажет дер едік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАНКНОТАЛАРДА ҚАНДАЙ ЗИЯНКЕСТЕР ӨМІР СҮРЕДІ?

...

Бірнеше жыл бұрын Оксфорд университетінің ғалымдары қызықты зерттеу жүргізді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗЫЛҚҰМ ӨҢІРІ

...

Қызылқұм өңірі - Әмудария (Өзбекстан) мен Сырдария (Қазақстан) өзендері аралығын алып жатқан құмды алқап. Басқаша айтқан-да, солтүстік-батысы Арал теңізіне, оңтүстік-шығысы Өзбекстандағы Зеравшан аңғары мен Нұратаға ұласады. Қызылқұм кұмды алқабының аудан

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТІСТЕРІҢІЗДІ ТАЗАЛАУ КЕРЕК?

...

Тістерді сау ұстау үшін оларды тазалау керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ШАҢҒЫСЫ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Су шаңғысы спортымен айналысушыларды кейде толқынмен жарысушылар деп атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »