НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ
Категориясы: Адамдар
Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - «Қазақстанның халық әртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы облысында дүниеге келген. Оның әкесі күйші, анасы әнші болған. Өзі домбыра тартуды бес жасынан меңгерген. Он екі жасында оркестр құрамында ойнайды. Өнерге қанат қағуына академик А. Жұбанов ықпал етеді. Нұрғиса аспапты музыка өнерінің жаңаша өркендеп дамуына жол ашады. Дәстүрлі музыканы жете меңгерген өнер саңлағы көптеген спектакльдер мен көркем суретті фильмдерге ән жазған. Халық арасында кеңінен танымал өлеңдері де аз емес.
Үкімет қаулысымен «Отырар сазы» оркестрі 1999 жылдан бастап Н.Тілендиев атындағы этнографиялық оркестр деп атауын өзгертті.
Жарияланған-2015-11-24 19:15:53 Қаралды-6710
МАХМҰД ӘЛ-ҚАШҚАРИ
Махмұд әл-Қашқари - бірнеше түркі тілдерін жақсы меңгерген әйгілі түрік саяхатшысы. Ол Ыстықкөлдін оңтүстік жағалауында орналасқан Барсхан қаласында дүниеге келген.
ЖАҢҒАҚ ТҮТІКШЕЛЕР (ТРУБОЧКИ)
Жұмсарған сарымай жақсылап шайқалып, араластырыла отырып оған қаймақ, содан соң аз-аздан ұн қосылады.
КАРЛҰҚТАР
Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі.
МУСКАТ ЖАҢҒАҒЫ САЛЫНҒАН ПЕЧЕНЬЕ
Қант пен жұмыртқа араластырылып, он бес минут бойы шайқалады. Мұқият тазаланған бадам ұсақтап туралады да оған қосатын басқа заттармен қосып араластырылады.
ПАННО МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ
Панно монументтік бейнелеу өнерінің шығармасына жатады. Ол негізінен үйдің ішкі не сыртқы қабырғасын безендіреді. Ол да картина сияқты кенепке бояумен салынады.
РЕПЕЙНИК – РЕВМАТИЗМ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Құрамында илік заттар, эфир майлары, К витамині, пигменттер, ащы заттар, қышқылдар бар.