ӨСІМДІК ТЕКТЕС ОЮ-ӨРНЕКТЕР
Категориясы: Өнертабысты
Шеберлер өз бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін көп қолданған. Мұндай өрнектер іс жүзінде әлемдегі барлық халықтың мәдениетінде кездеседі. Өсімдік тектес оюлар қазақтың қолданбалы шығармашылығында лайықты орын алады. Олар - жапырақтар, жапырақшалар, үш жапырақты өсімдіктер, бүршіктер және гүлдер.
Мысалы, «гүл» өрнегі - гүлдердің барлық түрінің символы. Шебер әйелдер киім-кешектерді әшекейлеуде өсімдікті өрнектерді жиі қолданады.
Келесі өрнектің бірі - «табақ». Ол күрделі композициядан тұрады, яғни ортасында гүлдер, жапырақтар, шырмауықтар орналасады да, жиегі «су» өрнегімен әшекейленеді. «Табақ» көбінесе ас үй жиһаздары мен тұскиіздерді, аяққаптар (ыдыс-аяққа арналып киізден жасалған дорба үлгісіндегі қап, ол уық пен керегеге ілінеді) мен дастарқандарды әшекейлеуде пайдаланылады.
Кілемдердің барлығы өсімдік тектес ою-өрнекке өте бай. Кейде аралас өрнектермен әшекейленген бұйымдар да кездеседі. Оның жарқын үлгісі - киіз үй. Киіз үй іші ерекше талғаммен жасалган. Ою-өрнекпен әшекейленген жиһаз, ыдыс-аяқ, шиден жасалган әрнекті тоқыма, кесте бүйымдар, қабырға кілемдер, тұскиіздер мен перделер киіз үйдің :шін жайнатып жібереді.
Жарияланған-2015-11-23 19:17:02 Қаралды-6607
Өнертабыстың ең мұңды патенті
1985 жылы Ральф Пиро «өз-өзін ынталандыратын аппаратты» патенттеген.
НАУАТ (кинза шекері)
Жіпке ілінген ірі, жылтыр, мөлдір келетін қанттың бір түрі. Оны жасау үшін құмшекер және қосымша материал ретінде ақ жіп пайдаланылады.
МИНЕРАЛДАР
Минералдар Жер бетіндегі немесе жердің қойнауындағы әр түрлі геологиялық процестерге байланысты пайда болады және олар тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді, т.б. кұрайды. Минералдар, негізінен, қатты болып келеді.
АСҚАБАҚТАН, АЛМАДАН ЖӘНЕ ҚАУЫННАН ЖАСАЛҒАН САЛАТ
Асқабақ ұсақталып туралады да балмен араластырылады.
ШЫМКЕНТ НУГАСЫ
Кептірілген алма жақсылап іріктеліп, жылы сумен жуылады. Суы сорықтырылады. Содан соң пышағының диаметрі 4-5 миллиметр ет тартатын машинкадан өткізіледі.
ЖҮЗІМ НУГАСЫ
Жүзім мен курага мол салынған жұмсақ кәмпит сияқты тағам осылай деп аталады.