UF

ҰСТАЛЫҚ ӨНЕР

Категориясы: Өнертабысты


Шапқы - түрлі металды қыздырып не құрғақ күйінде кесуге, шабуға, жаруға арналған асыл аспап. Шапқының да бірнеше түрі болады.

Қолшапқы - металды кесуге пайдаланылатын құрал. Бұл аспаптың сабы болмайды. Қолшапқыны сол қолмен ұстап, оң қолмен балғамен шүйдесінен (кежегесі) ұрып, металды құрғақтай кесуге, шабуға болады.

Металды қыздырып кесетін шапқыға қатты ағаштан сап орнатады. Бірақ сабына сына қағылмайды. Металды шауып, кесіп бола салысымен шапқының жүзін суға немесе майға батырып алу керек. Өйтпесе, жүзі жасып, шапқы істен шығып қалады. Қызып тұрған металл бетіне әр түрлі мәнермен өрнек салуға арналған шапқыны «қуыс құлак» деп атайды. Оның жүзі жарты ай тәрізді доғаша имек болады.

Іскенже - ағаштан немесе мүйізден жасалатын кішкене тістеуік, атауыз. Онымен зергерлер ұсақ зергерлік бұйымдарды қысып тұрып өңдейді, кепсерді егейді. Аузына (тұм- сығына) қарсы жағына қатты ағаштан жасалған сына қағу арқылы әр нәрсені қысып қоюға болады. Іскенженің бұранданың көмегімен қысатын да түрлері болады.

Саусақ қалып - әр түрлі диаметрдегі шығыршықтарды, сақина-жүзіктердің бауырын иіп, шеңбер кейпіне келтіре түзетуге, өңдеуге, әрлеп, жылтыратуға арналған зергерлік құрал. Ол болаттан қиық конус тәрізді соғылып, бір ұшы сүйірлене бітеді. Жан-жағы тегіс келеді. Саусақ қалыптың ұзындығы - 25-30 см. Жуан жағы - 25-30 мм, ал сүйір ұшы - 5-8 мм-дей. Оған жүзіктің көзін төсеп өңдейді.

Қайшы - жұқа металл табақшаларды кесуге арналған құрал. Зергерлердің қайшысы көлемі кішілеу әрі жеңіл, ықшамды болады. Онымен қақталған металды қияды. Сол сияқты зергерлер жүзі майыса біткен (қисық тұмсық) қайшыны да қолданады. Оны металды мәнерлей қиюға пайдаланады. Зергерлер қайшының ұшы өз бетімен ашылып тұрсын деп сабының арасына жұқа серіппе орнатып қояды. Ондай қайшы жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Туртпе - металдың бетіне үздіксіз сызық жүргізуге, әр түрлі өрнек салуға, кісі аттары мен түрлі сөздер жазуға арналған құрал. Түртпе деп аталуы - осы құралдың киғаш өткір жүзі балғамен ұрған сайын металды түртіп, оның бетіне үздіксіз сызық салып алға қарай жылжып отырады.

Түртпенің ұзындығы 8-10 см, жуандығы қарындаштың қалыңдығындай болады. Ол төрт қырлы болып соғылады да, сабының саусаққа ілінетін тұсы бұралады. Бұрала біткен тұсы саусақтан таймайды. Әр түрлі ирек сызық, өрнек салғанда саусақпен бұрап, бағдарлап отыруға икемді келеді.

Түртпемен салынған сызық өрнекті қазақ шеберлері «су жүргізу» деп атайды, яғни «су жүргізу» - өрнектің сұлбасын (абрис) қуалай сызық салу деген сөз.

Нақыш салғыш - металл бетіне түрлі өрнектер түсіруге, бедерлеуге, оймыштауға арналған қол құралы. Қызған темірді төске төсеп, үстіне нақыш салғышты қатарлай ұрып, тұрлі бедерлі өрнектер салынады. Оның ұзындығы - 8-12 см, жуандығы - 0,2-1,0 мм. Нақыш салғыштардың жүзінде әр түрлі ойық, бедерлі өрнектер болады. Кейбіреуінің жүзі тегіс не дөңес, енді біреулері ойыс, сайлы, т.с.с. түрлі мәнерде бедерленеді. Нақыш салғыштың сабы ағаштан жасалады. Жүздері жұмыр, шаршы, шар тәрізді, үшбұрыш, трапеция, т.с.с пішінге келтіріліп жасалады. Содан соң суғарылады. Нақыш салғыштар бедерлеме жұмыстарына пайдаланылады.

Безеуіш - қатты ағашпен сапталған немесе алақанға ұстайтын жағы иіле, жұмырлана біткен, жүзі асыл, біз тәрізді құрал. Оның жүзі қашау тәрізді бір жағына қиғаш дайырылады. Жүзін өрнектелетін металл бетіне көлбей тіреп (45° шамасында), оң мен сол қолдың буынын ары-бері ығыстыра, металл бетіне біркелкі өрнек түсіреді. Осындай өрнекті шеберлер «мыңырғақ», «безеуөрнек» деп, ал безеуішті кейде ырғақ деп те атаған. Зергерлер кейде безеуіштің жүзінің ортасын егеп, екі аша сияқты етіп те жасайды. Ондай безеуішпен салынған өрнекті «тышқан із» деп аталады.

Калып. Қазақ шеберлері етік тігу үшін теріден, былғарыдан, металдан түрлі бұйымдар жасау үшін қалыпты кеңінен қолданған. Сол сияқты болаттан соғылып, бедерленіп, оймышталып жасалған қалыпты шеберлер түрлі зергерлік бұйымдар, бедерлі жапсырмалар, шеттіктер, т.б. жасау үшін кезінде кеңінен қолданған. Қалыпты қолданып жұмыс істеуді қалыптау деп атаған.

Құйма қалып. Зергерлік өнерінде металды қорытып, оны арнаулы қалыптарға кұйып, түрлі зергерлік бұйымдарды жасау - өте ерте кезеңдерден қалыптасқан әдіс. Құйма қалыптың ең қарапайым түрлері кәдімгі қаңылтырдан бедерленіп жасалады. Түсті, бағалы, қымбат заттарды құю үшін қалып жасауға темір қаңылтыр қолданылады. Корыған металл қалыпқа кірігіп, жабысып қалмауы үшін қалыптың ішкі жағын алдын ала майлап немесе графит ұнтағымен сылап қою керек.

 

  Жарияланған-2015-11-23 16:06:41     Қаралды-5680

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАЛАҚАЙ НЕГЕ КҮЙДІРЕДІ?

...

Туралған пияздан басқа бірде-бір өсімдік балалардың көз касын дәл осындай көлдеткен емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИКОНА ЖАСАУ ӨНЕРІ

...

Куликов даласында татарлар орыс әскерінің тегеурініне шыдай алмай, тырағайлап қаша жөнелді. Сан ғасырдан бері еңсесін көтере алмай келе жатқан Русь еркіндік алды. Жұрт монғол-татар үстемдіғімің дәурені өткеніне енді-енді көздері жете бастады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Өнертабыстың ең мұңды патенті

...

1985 жылы Ральф Пиро «өз-өзін ынталандыратын аппаратты» патенттеген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДИНА НҰРПЕЙІСОВА

...

Дина Нүрпейісова (1861-1955) - Құрманғазының талантты шәкірттерінің бірі және дәулескер күйші-сазгер. Ол Батыс Қазақстан облысындағы «Бекетай құм» деген жерде дүниеге келген. Тоғыз жасынан домбыра тартқан. Динаның 1870 жылы Құрманғазымен кездесуі өнерге д

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОСМОНАВТАРДЫҢ КОСМОС ҮЙІ

...

Космонавтардың 2 үйі болады: бірі - Жерде, екіншісі - космоста. Бірі Жер үстінде тапжылмай тұрса, екіншісі сол Жерді өзінің орбитасы - шеңберлі жолымен спутникше шыр айналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕТІСУ

...

Жетісу - тарихи-географиялық аймақ. Солтүстігінде Балқаш көлімен, шығысында Жетісу (Жоңғар) Алатауымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Ал батысы Бетпақдалаға ұласады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »