UF

КЕТБҰҒА КҮЙШІ МЕН ЖОШЫ ХАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Категориясы: Әдебиет


Шыңғыс ханның Жошы деген баласы жабайы құлан аулап, өзін қаумалаған нөкер серіктерінен тым ұзап кеткенін сезбей де қалады. Ханзада жүйткіген құландарды өткір жебемен дәл көздеп құлата береді, оның жүрегінде бейшара жануарларға деген аяушылық болмайды. Жабайы құландар үйірінің «Ақсақ құлан» атымен мәшһүр, тіпті қасқырдан да тайсалмайтын (оның бір аяғы нақ осы сұр жыртқыштармен шайқаста зақымданған екен) өжет әрі күшті айғыры кенет жалт бұрылып, аңшыға қарсы ұмтылады. Ақсақ құлан шабуылының жойқын да тегеурінді болғаны сондай, Жошы атынан ұшып түсіп, сол бойда мойыны үзіліп, жан тәсілім етеді... Қуғыннан құтылған құлан үйірі қыр асып, еркін құйғыта жөнеледі.

Нөкер серіктерінің Ұлы ханға Жошының өлімін естіртуге жүректері дауаламайды. Көне ғұрып бойынша жаман хабар әкелген адамды өлімге бұйыратын. Сол кезде даланың Ұлы жыршысы, абыз қарт Кетбұға қайыңнан домбыра шауып, ішек тағып, Ұлы ханның сарайына келе, алтын тақтың алдына тізерлей құлайды. Өзіне абыз карттың жақсылықпен келмегенін сезген әмірші түнерген жүзбен: «Уа, Ұлы жырау, не датың бар?» деп сұрайды. Бірақ Кетбұға ләм-мим деп тіл қатпастан, домбырасымен бір қайғылы әуенді тарта жөнеледі. Бұл күйдің сиқырлы дыбыстарынан Ұлы ханның көз алдына жас ханзада Жошының аңға шыққаны, оған көктемгі көк майсада жайылып жүрген құлан үйірінің кездескені һәм ханзаданың аң аулап еліккені елестеп, тізіліп өткендей болады...

Қарт жыршы зарлы күйін аяқтайды. Бірақ Ұлы хан да, басқалар да күй тілінен болған окиғаның бәрін түсінеді: домбыра шапқан аттардың дүбірін де, әлжуаз жас құлындарды аяған құландардың беймаза үрейін де, өз үйірін қорғаған ақсак құланның ақылы мен кайратын да жеткізіп айтты. Әсіресе, ақсақ құланның ханзадаға қарсы шапқан тұсын зарлата қайырды...

Хан үн-түнсіз ұзақ отырды. Ақыры, Ұлы хан тіл қатты: «Сен маған ұлымның қазасы жайында қаралы хабар әкелдің. Домбыраңның күйін тыңдап, бәрін ұқтым. Мұндай хабар үшін өлім жазасына лайықтысың. Бірақ өзің бір ауыз тіл қатпағандықтан, жазаны домбыраң тартсын. Оның сағағына қорғасын құйыңдар!»

Осылайша Ұлы жырау - дана Кетбұғаның арқасында моңғолдардың қаһарлы әміршісіне жас ханзаданың өлімі естіртіліпті. Бірақ сұмдық ғұрыпқа қарамастан, ешбір адам зардап шекпепті. Тек қаралы хабарды жеткізген домбыраның көмейіне балқыған ыстық қорғасын құйылады. Сол кезден бері домбыраның шанағында тілік тесік пайда болыпты.

«Ақсақ құлан - Жошы хан» күйі осылай туыпты-мыс.

 

  Жарияланған-2015-11-20 12:34:50     Қаралды-12494

Мәлімет сізге көмек берді ма

ӘЛЕМДЕГІ БАРЛЫҚ НӘРСЕ ТУРАЛЫ ТАҢҒАЖАЙЫП ФАКТІЛЕР

...

Біздің әлем таңғажайып және қызықты және бұл туралы көптеген дәлелдер бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ТАСҚЫНЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Су тасқыны - дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АДАМНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МЕН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЖАҒЫМДЫ ҚАСИЕТТЕР

...

Адалдық - адам бойындағы кіршіксіз ақ, таза ниет, имандылық қасиет. Атам қазақ кейінгі ұрпақтың тәрбиесіне көп мән берген. «Кісінің ала жібін аттама» (яғни, ұрлық жасама), «өтірік айтпа», «біреудің ақысын жеме» деген сияқты тыйымдар арқылы балалардың адал

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗ ҚУУ

...

Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТОРҒАУЫТ

...

Торғауыт - теріден қабаттала жасалатын сауыт түрі. Ауыз әдебиеті үлгілерінде көбінесе «тоғыз қабат торғауыт» және «бес қабатты сауыт» жайлы жиі айтылады. Торғауытты жасау үшін қалың теріден жалпақтау таспалар тіліп алып, оларды бірнеше қабаттап жабыстырад

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КИРИЛЛ ЭЛІПБИІ

...

Кирилл әліпбиі (кириллица) - славян ағартушысы Кириллдің атымен аталған әліпби. Кирилл 827 жыл шамасында Фессалоники (Солунь) қаласында туылған. Кирилл славян елдеріне христиан дінін уағыздау үшін славян әліпбиін жасайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »