МИФТЕР
Категориясы: Тарих
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық ауызекі дүниелері мифтер, аңыздар, әфсаналар, жырлар, ертегілер болып түрлі жанрларға жіктеледі. Бұл жанрлардың ортақсипаттары коп-ақ, дегенмен, оларды бір-бірінен ажыратып, өзгешелеп тұратын бірқатар ерекшеліктері де бар. Сіздердің әрқайсыларыңыз таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдыңыздар. Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар: жануарлар адамша сөйлейді, батырлар жау әскерімен ғана емес, айданармен, жың-перілермен және басқа да халық қиялы тудырған жалмауыз, құбыжықтармен шайқасады.
Аңыздар, әфсаналар нақты тарихи оқиғаларга негізделеді. Мысалы, біздің байырғы баба жұртымызға соғыс сала келген қаһарлы парсы патшасы Кирді тас-талқан етіп-еңген сақ патшайымы Томирис туралы аңыз - соның мысалы.
Ал ежелгі мифтердің ертегілер мен аңыздардан айырмашылығы - мифтердің мазмұнында ертедегі халықтардың жаратылыстық-ғылыми және тарихи таным-түсініктері көбірек ұшырасады. Бұған мысал ретінде жердің жаралуы жайлы немесе барлық тіршілік атаулының «әлемдік жұмыртқадан» шығуы жайындағы, жер жүзін топан су басуы туралы мифтерді келтіруге болады.
Алғашқы мифтер бағзы замандарда пайда болған. Олай болса, мифтер - ежелгі адамдардың дүниетанымының көрінісі. Солар арқылы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мыңдаған жылдар бұрыңғы түсінік, көзқарастар бізге жетіп отыр. Олар неліктен күндізді - түн, жазды - қыс алмастыратынын, неге күн күркіреп, бұршақ жауатынын, найзағай жарқылдап, су тасқыны мен басқа да табиғат зілзалалары болатынын бейнелі түрде түсіндіреді, құдайлар жайында баяндайды.
Мифтерде халықтың шынайы тұрмыс-тіршілігі де, адамдар арасындагы өзара қарым-қатынастар да көрініс тапқан. Ертедегі көшпелілер өздерінің төрт түлік малын отарлап, үйірлеп, табындап, өрістен-өріске айдағанда ұлан-ғайыр түнгі аспанның жұлдыздарына көз тігіп, осынау ұшы-қиырсыз кеңістікте бағыт-бағдар алған. Сонымен бірге сол жұлдыздарға өздерінше ат қойып, айдар таққан: Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Есекқырған... Осылайша әлемнің сыр-сипатын, құрылымын мифологиялық тұрғыдан түсіндіре отырып, адамдардың өмір сүруіне, мал бағуына көмектескен.
Жарияланған-2015-11-19 18:31:29 Қаралды-5346
ҰЙЫТЫЛҒАН БАДАМ
Бұл - тазартылған бадам дәндері батырылған кілегей помадасынан тұратын дөңгелек формалы тағам. Бетіне карамель массасынан көз салынады.
БЕРЕН САУЫТ
Берен - мата, теріге темір тақташаларды шегелеп, қатарлап бекіте отырып жасалатын сауыт. Үлкен темір тақташалардан жасалып, иілуге онша келмейтіндіктен бұл сауыт кеудеше тәрізді етегі қысқа, жеңсіз етіп жасалады.
КОЛЛИ (ШОТЛАНД ОВЧАРКАСЫ)
Ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымы. Отаны - Шотландияның табиғаты қатал таулы аудандары.
ҮҢГІР ТАНУ ТАРИХЫНДА ЕҢ ІРІ ЖАҢАЛЫҚ
Спелеология тарихындағы ең ірі жаңалық 1940 жылы ашылды. Бұл - Франциядағы әйгілі Ласко үңгірі болатын. Мұндағы суреттердің молдығы да, көнелігі де Альтамира үңгірінен әлде қайда басым еді.