UF

«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ»

Категориясы: Әдебиет


«Қорқыт ата кітабы» (ежелгі түркі тілінде - «Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан») - оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Кітаптың ғылымда он екі нұсқасы белгілі. Дрезденде 12 нұсқа толығымен және Ватиканда осы 12 нұсқаның алтауы сақталған. Бұл тарихи-әдеби мұра Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ дәуірінде жырланып, XV ғасырда Кавказ жерінде хатқа түсірілген. Қазақ тілінде Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен 1986 жылы тұңғыш рет жарық көрді.

«Қорқыт ата кітабының» ішінде 12 түрлі жыр бар. Жырдың бас кейіпкері - Қорқыт. «Қорқыт ата кітабының» басты кейіпкері — Қорқыттың нақты өмір сүрген уақыты белгісіз. Бір зерттеуде VII-VIII ғасырлар, екіншісінде X-XI ғасырлар аралығында өмір сүрген деген пікірлер кездеседі. Қорқыт - оғыз елінің ақылшысы. данагөйі, жырауы. Қорқыттың есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ.

Әдеби әрі тарихи мұра болып табылатын «Қорқыт ата кітабында» қазақ эпосына тән көркемдік бейнелер сақталған. Қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты деректер де мол. Сондай-ақ, оғыз тайпаларының шығу тегі, салт-дәстүрі, қоныс орны туралы және т.б. мәліметтер кездеседі.

  Жарияланған-2015-11-19 12:49:19     Қаралды-15743

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАҢҒАҚ ТҮТІКШЕЛЕР (ТРУБОЧКИ)

...

Жұмсарған сарымай жақсылап шайқалып, араластырыла отырып оған қаймақ, содан соң аз-аздан ұн қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АЛГЕБРА АЛГЕБРАҒА АЙНАЛДЫ?

...

9 ғасырда өмір сүрген Орта Азия математигі әл-Хорезми бірінші дәрежелі...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИЛИТА

...

Бұл тағамды жасау үшін қатты етіліп қамыр иленеді де, 20 тең бөлікке бөлінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА, ӨРІК, ЖҮЗІМ КЕПТІРУ

...

Алма кептіру үшін тек піскендері ғана іріктеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ АРАЛАСТЫРЫЛҒАН СҰЛЫ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ҚУЫРМА (печенье)

...

Ұнға сода араластырылып, елекпен еленеді. Май қантқа қосылып, әбден ағарғанша шайқалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »