БАБЫР-НАМЕ
Категориясы: Әдебиет
«Бабыр-наме» - түркі (шағатай) тілінде 1526-1530 жылдар аралығында жазылған жазбалар мен естеліктер жинағы. Авторы - Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр.
Бабыр Әмір Темірдің немересі, Ұлы Моғолдар мемлекетінің негізін құрушы, атақты қолбасшы, Ферғананың әмірі болған. Ол Темір әулетінің арасындағы өзара билікке таласта жеңіліске ұшырап, Үндістан аумағына кетеді. Мұнда Үндістанның солтүстік бөлігін бағындырып, Ұлы Моғолдар империясының негізін қалайды. Автор өзінің өмірбаяндық шығармасын «Бабыр-наме» деп атаған. «Бабыр-намада» XV-XVI ғасырлардағы қазіргі Орталық Азия мемлекеттері, Ауғанстан, Пәкстан, Үндістан елдерінің тарихы баяндалады. Осы елдердегі билік пен жер үшін болған соғыстар, көптеген елді мекендер туралы мәліметтер жинақталған. Шығармадан Қазақстанның Сырдария, Жетісу бойындағы жерлері туралы жазылған мағлұматтар алуға болады. Мұхаммед Бабыр орта ғасырлардағы Алмалық (Жаркент түбінде), Алмату (Алматы), Янгикент (Таразкент) қалаларына тоқталып, бұлардың моңғолдар мен Шайбани әулеті билеушілерінің кесірінен қирағанын айтып өткен.
Жарияланған-2015-11-19 12:26:47 Қаралды-5664
СЕМЕИ
Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ертіс өзенінің бойында орналасқан. 1939-97 жылдары Семей облысының орталығы болған.
КАНИКУЛ СӨЗГЕ СҮМБІЛЕ ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР?
Біздің әрқайсысымызға сонша үйреншікті осынау сөздің түп негізі...
"АҚШАҚАР ЖӘНЕ ЖЕТІ ГНОМ" - ЕНДІ LEGO-ДА!
LEGO ертегіге негізделген жаңа қызықты құрылыс жиынтығын ұсынды.
АТАҚТЫ ХИМИКТЕР
Химия ғылымын зерттейтін және түрлі химиялық реакциялар мен химиялық заттармен жұмыс істейтін адамды химик деп атайды.
СУ АСТЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЬІС
Cу астындағы ядролық жарылыс - бұл су бетінде немесе жарқыл шығару аймағы су бетіне жететін биіктікте болатын ядролық жарылыс.
АЛАШ ПАРТИЯСЫ
Алаш партиясы - казақ халқының тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917-1920 жж.). Алаш партиясын кұру жөніндегі мәселе 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында I Жалпықазақ съезінде талқыланды.