UF

ЖҰМЫС КИІМДЕРІН ТАЗАЛАУ

Категориясы: Сән


Тракторшылар, шоферлер, үй сырлайтын сыршылардың тағы сол сияқты мамандықтағы адамдардың жұмыс киімдері әрдайым қатты кірлеп, май теңбілденіп кетеді. Ондай киімдерді жуып немесе тазарту үшін алдымен бөлме температурасындағы суға салып, бір түн, егер майлы дақтары көп болса, 3-4 тәулікке дейін жібітіп қою керек. Содан кейін киімнің дақтарын скипидармен немесе мүсәтір спиртімен сүртіп кетіреді.

Бұдан кейін киімді аударыстырып тұрып, қайнату керек. Мұны қайнататын суға жермай (бір шелек суға 2 ас қасық) немесе киімнің құрғақ кезіндегі салмағына 1 процентіндей (10 килограмға 100 г есебінен) қандай да болса бір сілті (аммиак, кір жуатын сода) қосады. Қайнатыгі болғаннан кейін киімді таза суға шайқайды. Одан кейін ыстық судағы сабын мен соданың ерітіндісіне салып, щеткамен ысқылап жуады. Осылайша жуылған жұмыс киімін таза суға шайқап, жаяды.

Өте асқынып кірлеген жұмыс киімдерін сабынсыз, күйдіргіш натрмен жуады (1 л суға 2-3 г есебінен). Бұл жағдайда киімді алдын ала қайнатудың да, суға салып жібітіп қоюдың да қажеті жоқ.

Кірлеген жұмыс киімінің үстіне күйдіргіш натр ерітіндісін құйып, жарты сағат қайнату керек. Қайнатқан кезде ерітіндіні ағаш таяқпен бұлғап, араластырып тұрады. Егер бір рет қайнатқанда толық тазара қоймаса, екінші рет қайталап қайнатасыз.

Қайнатқаннан кейін киімді жылы да таза суға бірнеше қайтара шайқап алу керек. Есіңізде болсын, күйдіргіш натримен тек қалың мақта матасынан тігілген киімді ғана тазалауға болады.

Өте асқынып кірлеген жұмыс киімін матаға зиян келтірмейтін, мұнайдан алынатын затпен тазалаған да жақсы. Жұмыс киімін контакола мен кір жуатын сода салынған (10 л суға 1 ас қасық контакола, 3 шай қасық кір содасы салынады) суға қайнатады.

Қайнатқан кезде киімге тиген майлы дақтар еріп кетеді. Енді киімнін, қалған кірін кетіру үшін оны сығып аласыз да, ыстық суға салып, кірсабынмен жуып, таза суға шайқап шығарасыз.

Резеңке бұйымдар күтімі. Резеңке киімдерді әрдайым таза сумен жуып, ішкі астары мен ұлтарағын шаң-тозаңнан тазартып тұру қажет. Резеңке аяқ киімдер тазалауға жермай, бензин сияқты каучукті ерітіп жіберетін заттарды қолдануға болмайды. Сондай-ақ, резеңке бұйымға майлау майларын да тамызбау керек. Резеңке бұйымды пешке жайып кептіруге де болмайтынын естен шығармаған жөн.

Резиналанған бұйымдар ұзақ уақыт жылы да құрғақ жерде сақталса, кебіртең тартып, қатты болып қалады. Мұндай жағдайда оны жұмсарту үшін мүсәтір спирті қосылған суға (1 шелек суға 4 ас қасық) салып, жарты сағаттай жібітіп қояды да, қанжылым сумен жуады.

  Жарияланған-2024-03-15 16:31:22     Қаралды-295

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛМАТЫДА ДА АЛЫП ЕМЕН АҒАШЫ ӨСІП ТҰР

...

Алматы тұрғындарынын ішінде де ұзақ жасаушы қарт адамдар кездеседі, бірақ та оларды, саусақпен ғана санауға болады Ал, ағаштардың арасында «ұзақ жасаушылары» көптеп кездеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРАБАХ КЯТАСЫ

...

Бұл да тоқаш қамырынан жасалатын тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АТАҚТЫ ХИМИКТЕР

...

Химия ғылымын зерттейтін және түрлі химиялық реакциялар мен химиялық заттармен жұмыс істейтін адамды химик деп атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Мысық йодты қалай ойлап тапты. Тосын жаңалық

...

Француз химик-технологы және фармацевт Бернар Куртуа 1811 жылы йодты ойлап тапты. Бірақ, бұл жаңалығы ұзаққа созылып кетуі әбден мүмкін еді, егер Бернар Куртуаның сүйікті мысығы болмағанда. Бұл оқиғаны Куртуаның достары айтып береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕСШАТЫР ЕСКЕРТКІШІ

...

Бесшатыр - көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіштерінің бірі. Ол Жетісу өңіріндегі Желшағыр тауының бөктерінде орналасқан. Бесшатыр қорымының құрамында 31 оба бар. Бұл ескерткіш б.з.б. VI -V ғасырларға жатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЫРҒАЙ – ҚУЫҚТЫҢ ҚАБЫНУЫНА ЕМ

...

Гүлдерінен жасалған дәрілер бронх қабынғанда, подагра және ревматизм ауруларына қарсы, буындар сырқырағанда, бүйрекке тас байланғанда пайдаланылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »