ӨСКЕМЕН
Категориясы: Тарих
Қазақстанның шығысында Алтай тауы Үлбі жотасының түбінде Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қаланың іргесі 1820 жылы әскери қамал ретінде қаланып, Усть-Каменная бекінісі аталған. Ертеректе қазақтар Үлба, Тұңғиық тұмсық, Қараөзен деген атауларды да қолданған. Өскемен «Усть-Каменная» сөзінің дыбыстык өзгеріске ұшырауынан пайда болған. 1939 жылы бұл қала Шығыс Қазақстан облысының орталығына айналады.
Қала ірі қорғасын-мырыш, титан-магний кәсіпорындарымен, құрылыс материалдары комбинаттарымен, арматуралар, құрал-жабдықтар, цемент, минералды заттар зауыттарымен, жібек маталар және жиһаз жасау фабрикаларымен әйгілі. Сонымен бірге машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері де кең дамыған.
Өскеменде спорт сарайы мен кешені, этнографиялық және өлкетану мұражайлары, Шығыс Қазақстан мемлекеттік және техникалық университеттері, түсті металдардың ғылыми-зерттеу орталығы бар.
Қала аймағының табиғаты көз тартарлықтай әсем. Маркакөл корығы, Қатон-Қарағай ұлттык саябағы, қарағайлы, шыршалы ормандары, Алтай таулары бұл өңірге ерекше көрік береді. Бұл аймақтың халқы марал өсірумен айналысады. Маралдың мүйізінен дәрі-дәрмек жасалады.
Жарияланған-2015-11-16 17:21:31 Қаралды-5142
КОЛЛИ (ШОТЛАНД ОВЧАРКАСЫ)
Ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымы. Отаны - Шотландияның табиғаты қатал таулы аудандары.
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ІРІ ҚАРТОП
2008 жылы ливандық фермер Халил Семхат өз бақшасынан алыл картоп қазып алды. Оның салмағы 11 (он бір) килограмнан асқан. Оны қазып алудың өзі оңайға соқпаған.
СҮТ ҚАЙНАТПАСЫ
Сүт қайнатылып, үстіне қант қосылады да ваниль ұнтағы салынады. Оның үстіне бөктірілген желатин салынып, қайнатылады.
ҚЫЗ ҚУУ
Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген.