UF

ҚОЛҒА ДА КҮТІМ КЕРЕК

Категориясы: Сән


Кейбір әйелдер бет сұлулығына көбірек көңіл бөліп, қол кутімін естен шығарып алады. Қол әдемі болуы ушін оған анда-санда ғана емес, үнемі көңіл бөліп отыру қажет. Терісі құрғап, муйізгектеніп кеткен қол сырт көзге әйел жасын ұлғайтып көрсетеді. Зақымданған тері арқылы ауру тудырғыш микробтар да денеге оңай енеді.

Қол жууға жылы су мен иіс сабын жақсы. Кір сабын теріні құрғатып, майсыздандырып жібереді. Қолды жуған соң жақсылап суртуді естен шығармаңыз, әйтпесе дұрыс суртілмеген тері құрғап кетеді.

Кундіз қолға крем жағуға мүмкіндік бола бермейді, үйде, жатар алдында міндетті түрде крем жағып қойыңыз. Бұны күн сайын жасаңыз. Қазір крем түрлері жеткілікті. Қиярдың шырыны, «Геркулес», картоп, шалфей (бір литр ыстық суға бір ас қасық шөптен) қайнатпасынан даярланған булау қолды жақсы жұмсартады.

Қол терісіне бір ас қасық одеколон, шәй қасық мусәтір, 50 г глицериннен (шамамен 2 ас қасық) даярланған қоспаны жағуға болады. Қоспаны қолыңызды жуған сайын жағып отырыңыз. Құрамында глицерині бар қоспаларды су теріге жағады.

Терісі жұқа және құрғақ әйелдер кір, терезе, еден жуар алдында қолдарына қорғаушы крем жаққаны жөн. Бұндай кремдер тері бетінде жұқа пленка тұзіп, қолды судың, қышқылдардың, сілтілердің және т.б. әсерінен қорғайды.

Жарықтардан және мүйізгектерден арылу үшін құрамында А витамині бар кремдерді пайдаланыңыз. Кремді жатар алдында қолға молынан жағып, сыртынан целлофанмен орап, дәкемен таңып тастайсыз. Компресс таңертең алынады.

Қолы терлейтіндерге ас тұзы (1 л суға 2 шәй қасық) немесе сіркесу (1 л суға 1 шәй қасық) қосылған булау жасауға болады. Су жылы болсын, қолды суға малып 5-10 минут отырыңыз.

Қолдың қызарып тұруы қанның дұрыс айналмауынан немесе суықтың әсерінен болады. Кейде бұл құбылыс тұқым қуалайды, бірақ бұндай жағдайда тек алақан ғана қызарып тұрады. Бұл сырқат сирек кездеседі. Алақан көкшіл тартып, қызарып, мұздай болып, ылғалданып, ісініп тұрады. Дене қызуы көтерілгенде қол терісі қышиды. Күн жылығанда науқастың жағдайы сәл жақсарады. Бірақ уақыт өткен сайын ауру асқына түседі. Қол терісі жарылып, тіпті ойық жаралар пайда болады. Өтпелі жастағы, әлжуаз, арық, ас қорыту ағзалары ауыратын, қаны аз жастардың қолдары, әсіресе олар суықта не ылғал’ жерде жұмыс істейтін болса, жиі зақымдалады. Бұндай жағдайда қолды суықтан қорғау қажет. Қолды жылы суға иіс сабынмен жуған соң, крем жағып, тоқылған жылы қолғап киіп алу керек. Ара-тұра қолды сылап-сипап, тұз қосылған булау жасап тұруды ұмытпаңыз. Қолы суық және жылы суға кезек-кезек салып, арнайы жаттығулар жасаған да жақсы. Суық мезгілдерде ауа өткізетін жылы қолғап киген жөн. Қажет болған жағдайда дәрігер арнайы ем тағайындауы мүмкін.

  Жарияланған-2024-03-01 14:38:42     Қаралды-317

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖҮГЕРІ НЕМЕСЕ БИДАЙ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ҚУЫРМА (печенье)

...

Жұмыртқа қантпен және ванильді қантпен қосылып, 40-50 градусқа дейін қыздырылады. Содан соң шайқай отырып, бөлме температурасына дейін салқындатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫПШАҚТАР

...

Қыпшақтар - түркі тілдес тайпалар. Қыпшақтар VII ғасырдан бері белгілі. Қимақтармен X ғасырға дейін тығыз қатынаста болып, олардың тайпалық одағына, кейіннен мемлекетінің құрамына кіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАНАРДЫҢ БАБЫ БІР БӨЛЕК

...

Айнам көз, қарақат көз, сілеусін көз, күлім көз...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАНКНОТАЛАРДА ҚАНДАЙ ЗИЯНКЕСТЕР ӨМІР СҮРЕДІ?

...

Бірнеше жыл бұрын Оксфорд университетінің ғалымдары қызықты зерттеу жүргізді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАХМАТ ТАРИХЫНАН

...

Шахмат сөзінің төркіні парсыша “шах мат” - “әмір өлді” - деген ағына береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖІР ОЙЛАСЫ

...

Жеміс массасы мен жаңғақты қант-сірне шырынына қосып қайнатып, бадам және грек жаңғағымен әшекейлеген тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »