UF

ЕЖЕЛГІ ҮРГЕНІШ

Категориясы: Тарих


ЕЖЕЛГІ ҮРГЕНІШ, Ғургандж, Джурджанийя - Хорезмнің солтүстігіндегі көне қаланың орны. Амударияның сол жағасында. Қаланың сілемдері қазіргі көне Үргеніш қаласының (Қарақалпақстан) шетінде жатыр. Аумағы 400 га. Арабша деректерде тұңғыш рет 8 ғасырдың басынан бастап аталады. Алайда ғалымдар қала өмірінің басын б. з. 1 ғасырына жатқызады.

10 ғасырда жазған араб географтарының (Ибн Хордадбек, Макдиси) айтуынша, Үргеніш бүкіл Хорезмде көлемі жағынан екінші қала болған. Қала айнала бекініс іргелерімен қоршалған. Қалаға кіретін төрт қақпа болған. Ежелгі Үргеніш архитектуралық өнерінің ескерткіштеріне бай. Олар: Төребек ханым, Шереф шейх, Фахраддин Рази мавзолейлері мен Үргеніш мұнарасы. Бұлардың ішіндегі ерекше көркемі - Мамун ибн Мұхамед әмірдің сарайы. Тегінде Ежелгі Үргеніштің қақпалары - сәнділігі жағынан Орта Азияда теңдесі жоқ құрылыстар. Қала әсіресе 12-13 ғасырларда қарқындап өскен. Орта ғасыр географы Якуттың жазуынша, Ежелгі Үргеніш өзі көрген барлық қалалардан әсем және бай екен.

Ежелгі Үргенішті Жошы мен Шағатай әскері едәуір қиратты. 1224 жылы Жошы ұлысына кірді. Алтын Орда құрылған соң ол осы мемлекеттің құрамында болды. 13-14 ғасырларда біршама қайта көркейді. 1388 жылы Ақсаң Темір қаланы талқандады. Ежелгі Үргеніштегі өмір 17 ғасырда біржола өшті.

1952 жылы Хорезм археологиялық және этнографиялық экспедициясы зерттеді. Қазба жұмысы кезінде қыш құмыралар, теңгелер, алуан түрлі әшекей заттар т.б. табылды. Үргеніш халқы отырықшы болып, қолөнері мен архитектуралық өнерін мықтап дамытқан. Металдан бұйымдар жасап, теңге құя білген.

  Жарияланған-2019-09-09 17:04:22     Қаралды-3499

Мәлімет сізге көмек берді ма

600 ЖЫЛ ЖАСАҒАН ШЫНАР

...

Шыршық өзенінің жоғары ағысында алып шынар ағашы бар. Шынардың үлкендігі сонша, бірталай адам қол ұстасып тұрып құшақтаса да, құшақтары жетпейді екен. Көлеңкесіне бірнеше жүз адам бір незгілде демалатын көрінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҮЗІМ ШЫРЫНЫНАН ДАЙЫНДАЛҒАН СІЛІКПЕ

...

Жүзім шырыны қайнағанша қыздырылып, оған құм шекер қосылады да ол ерігеннен кейін лимон қышқылы және алдын ала бөктірілген желатин салынады. Содан соң тағы да қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР АТМОСФЕРАСЫНЫҢ САЛМАҒЫ ҚАНША?

...

Біздің Жер планетасы газ қабатымен - атмосферамен қоршалған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРША - ӨСІМДІКТІҢ ДӘРІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ

...

Арша – биіктігі 4 метрге жуық, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Бұталары сұлап та жатады, кейде түзу өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮЙРЕУ ҚАРУЫ

...

Түйреу қаруының негізгі екі түрі бар. Сауытсыз жауынгерге қарсы найза, ал темір сауытпен жарақтанған адамға ұзын сапты, қырланган, бір немесе екі үшкір басы бар сүңгі қолданылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

РЕПРОДУКЦИЯ ДЕГЕН НЕ?

...

Журнал мен кітап бетінен кейде суретшілердің картиналарын да ұшырастырамыз. Бірақ олар өнер туындыларының түпнұсқасы емес, репродукциялары ғана.

ТОЛЫҒЫРАҚ »