UF

АТ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


Моторсыз, аттың күшін пайдаланып жарыс жолына шығу жүректілер ісі деуге әбден болады. Атқа қонған шабандоздар жарысы біздің дәуірімізге дейінгі 648 жылғы өткен олимпиадалық ойындардан басталған деген деректер бар. Жарыс жолының жеңімпазы болған аттарға орнатылған ескерткіштерді кейбір мемлекеттерде көруге болады, себебі «ер қанаты - ат» деген аталы сөз бар ғой. Ат құлағында ойнайтын шабандоздар туралы алғаш еңбек жазған грек ғалымы Ксенофонт деген адам болыпты. Ол еңбектің аты «Гиппика және Гиппарх» деп аталған.

Қазіргі ат спортының негізгі үш бағыты бар, олар: атты билетіп өнер көрсету, атпен шауып бәйге алу, шабандоздық, кедергілерден атпен шауып өту. Бұл жарыстың соңғы түрін «конкур» деп атайды. Атпен билеп өнер көрсетуде спортшы өз атымен 12 минут уақытта 32 жаттығу көрсетуге міндетті. Ат спорты өнерінің бұл түрінен олимпиада және дүниежүзінің чемпионы Елена Петушкова.

Конкур, яғни, атты кедергілерден секіріп өтіп өнер көрсету. Бұл жаттығу барысында өз атымен 700 метрлік аралыққа қойылған 1-1,5 метрлік 13 едергілерден өту керек. Бұл жаттығуға берілген мерзім 113 секунд. Ат спортының нәтижесі жарысқа қатынасушы спортшы мен аттың үлесі.

Жарыс жолына аттарды алдын-ала дайыңдау ісі ХVІІІ ғасырдан бастап жүйелі жүргізіліп келеді. Бұл жұмыспен алғашқы айналысушылар Англия мемлекетінде пайда болды. Арнайы будандастыру арқылы алынған жаңа тұқым ат спортының негізгі тірегі болады.

Асылдандырылған жылқы тегінің өмірбаяны, ата-тегі арнайы құжатқа жазылып, атадан балаға қалдырылып отырады.

Ат спортының мамандары олимпиада спорт додасына 1900 жылдан бастап шығыпты. Ал спорттың бұл түрінен халықаралық федерация тек 1921 жылы ғана өмірге келді, қазір бұл федерацияның 85-ке жуық мүше-мемлекеттері бар. Ресей мемлекетінің тарихында атпен өнер көрсету II Екатерина патша заманынан басталады.

ҚСРО-ға олимпиаданың бірінші наградасы 1960 жылғы ХVІІІ олимпиадалық ойындарда қолға тиді. Сергей Филатов қазақ жерінде өскен Абсент атты тұлпармен өнер көрсеткен еді. Қазіргі кезеңде Абсенттің тұяғы алғашқы жерге тиген Жамбыл облысы жеріңде оның тұқымдары өсіп келеді.

Ат спортымен әуестенушілерге айтылар негізгі үш аталы ескерту бар. Олар: «Дер кезінде шешімге кел! Кешікпе! Бұрыла біл!» Бұл - негізгі заң. Сондықтан да «қорқақ - хоккей ойнамайды» демекші, «тақымың бос болса, ерге отырма» демекпіз.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-25 17:05:58     Қаралды-3583

Мәлімет сізге көмек берді ма

СЕМЕИ

...

Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ертіс өзенінің бойында орналасқан. 1939-97 жылдары Семей облысының орталығы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРА АЛХОРЫ САМБУГЫ

...

Әбден жуылған қара алхорының үстіне салқын су қуйылып, бір-екі сағат қойылады да сол суға салынған күйінде бұқтырылып, қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОРМАН – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!

...

«Ағаш ексек біз, не еккеніміз?» деген жолдармен басталатын өлеңі бар. Бұл сұрауға әрбір маман әрқалай жауап берер еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АТ САЙЫСЫ

...

Қазақ халқында Ат сайысына жататын бәйге, ат омарластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар, күміс алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. ойындар бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«АЛАШ ІСІ»

...

Кеңес үкіметі 1928 жылдан бастап Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне мүше болған жэне оларды жақтағандарды жаппай тұтқынға алды. Оларға Кеңес үкіметіне қарсы күрес жүргізді, шетелдіктермен байланыста болды, т.б. көптеген жалған айыптар тағылып, тергеу іс

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИТБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Медицинада итбүлдірген жапырақтарын ұнтақ немесе қайнатып алынған тұнба турінде қызылшамен ауырған адамның қызуын түсіруге және асқазан сөлінің қышқылын баяулатуға қолданады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »