UF

ОРТААЗИЯ ОВЧАРКАСЫ

Категориясы: Жануарлар


Ортаазия овчаркасы өте ерте кезден қой отарын жыртқыш аңдардан қоргауға пайдаланылган. Кавказ овчаркасы секілді мұның да арғы тегі - тибет иті. Бұл ит тұқымдары асырау және пайдалану жағдайларының бірдейлігіне орай біріне-бірі қатты ұқсайды. Бірақ ортаазия овчаркалары кавказ овчаркаларына қарағанда тибет итіне көбірек тартқан. Олардың конституциясы болбыр және қара түстілері көп тараған. Басының формасы да тибет овчаркасына келеді.

Бұл ит тұқымының аса құндылығы - ауа райы күрт өзгеретін, табиғаты қатал жерлерге көнбістігі болып табылады.

Овчарканың бұл түрі Орта Азия республикаларында, Қазақстанда, сондай-ақ Ауганстанда, Иранның шығыс бөлігінде, Индия мен Түркияда тараған.

Ірілері, дәлірек айтқанда таңдаулылары, бірақ қысқа жүнділері Түркменстанда кездеседі. Ал Өзбекстан мен Қазақстанда өсірілетіндері ұсақтау. Ірі, бірақ болбыр конституциялы, көбіне ұзын жүнді кавказ овчаркалары Памирде - Тәжікстанның таулы аудандарында өсіріледі.

Ортаазия овчаркасы биіктігі жөнінен ортаданжоғары және биік, күшті, батыл, бөгде кісіге сене бермейтін ит.

Конституциясы тұрпайы (дөрекі) типке жатады. Сүйегі ірі, бұлшық еті мықты, күшті дамыған. Терісі қалың, тері асты клетчаткасы жақсы жетілген, айтарлықтай серпімді, мойны мен басы қатпарлы келеді.

Төбеттерінің шоқтығынан биіктігі 65 сантиметрден, ал қаншықтарының бұл көрсеткіші 60 сантиметрден кем болмауға тиіс. Кеудесі жұмыр. Жоғары нерв қызметінің типі бойынша салмақты. Активті түрде қорғану реакциясы басым. Төбеттері аса ірі, өте батыл келеді.

Жүні ірі, тік тұрады, түбіті жақсы жетілген.

Түсі ақ, қара, сұр, қуқылсары, сары, тарғыл, ала және қоңыр болады.

Басы үлкен, бас сүйегі кең, жақтары жақсы жетілген. Маңдайы жазың, оның тұмсыңқа ұласар тұсы сәл-пәл ғана білінеді. Тұмсығы маңдайына қарағанда қысқалау, кең. Тұмсығының ұшына қарай мүлде жіңішкермейді. Алдынан және үстінен қарағаңда тік бұрышты секілді, ал қырынан қарағанда моқал, яғни үстіңгі қалың ернінің жиектеріне тұтасып кетеді. Тұмсығының ұшы үлкен, қара түсті. Ашық түсті иттерінің тұмсығының ұшы қызыл қоңыр болса да ешнәрсе етпейді.

Құлақтары онша үлкен емес, төмен біткен, салбырап, үшбұрыштанып тұрады.

Көзі қоңыр, дөңгелек, екі көзінің арасы алшақ, тісі - ақ, ірі, бір-біріне тығыз орналасқан. Күрек тістері бір сызық бойына орналасқан. Қайшы тәрізді тістеседі.

Мойны қысқа, бұлшық етті, арқа сызығынан шамамен 30-40° бұрыштана төмен біткен.

Кеудесі кең де терең, қабырғалары садақ секілді иілген. Көкірегінің төменгі қыры садақсүйекпен қатар немесе төмен жатады. Іші тартыңқы. Шоқтығы биік, ол әсіресе төбетінде айқын байқалады. Шоқтығы құйымшағынан 1-2 см биік. Арқасы мықты, түзу әрі кең. Белі қысқа әрі кең, аздап дөңестеу. Сауыры кең, бұлшық етті. Құйрығы орақ секілді жоғары біткен, түсірген кезде тілерсегіне түседі.

Алдыңғы аяқтары алдыңғы жағынан қарағанда түзу және бір-біріне қатарлас көрінеді. Осы алдыңғы аяқтарының садақсүйекке дейінгі ұзындығы шоқтығынан есептегенде аздап ұзындау келеді. Алдыңғы саны түзу, жуан, ұзын. Жіліншіктері қысқа, жуан әрі мықты.

Артқы аяқтары бір-біріне параллель біткен. Тізе және тірсек буындарының тұсында түзуленген. Сирақтары қысқа. Артқы жіліншіктері жуан.

Алдыңғы табаны да, артқы табаны да үлкен. Жұмған жұдырықтай, бірегей.

Жүрісі - осы ит тұқымына тән салмақты желе жорту және шоқырақтау.

  Жарияланған-2019-06-17 17:20:12     Қаралды-2239

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАБАТТАЛҒАН ПАХЛАВА

...

Ішіне жаңғақ салып, ашытқы қосылған қамырдан жасалған май мен балға салынған тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА СТРУДЕЛІ

...

Бадам және жүзім араластырылған алма повидлосын арасына қабаттап салған қамырдан жасалған тағамды алма струделі дейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АХМЕТ ХАН

...

Таһир ханнан кейін елдің бірлігі, хандықтың тұтастығы бұзылып, 1533-1538 жылдар аралығында елде бір мезгілде бірнеше хан болған. Сондай ханның бірі - Ахмет хан. Ахметтің толык аты-жөні - Қожа Ахмет. Жәнібек ханның немерелерінің бірі болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАРЕЛЬЕФ

...

МҮСІН өнерінің бір түрін рельеф деп атайды. Оған бір тегіс аядан бөліне шығып тұратын бедерлі мүсіндер жатады. Рельефтің екі түрі болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛІШЕР НАУАИ

...

Әлішер Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекеттік қайраткері. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тәрбиесіне алған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

50 РЕЦЕПТ СҮТ ТАҒАМДАРЫ

...

Cүтті емшектегі баладан, еңкейген кәріге дейін ішеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »