UF

ҚОЛӨНЕРДЕ ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЛАКТАР

Категориясы: Өнер


Шап-шағын кішкене қорапшаның жып жылтыр қақпағына алтындап өрнек салыныпты. Оның иесінің кім болғаны қазір белгісіз. Бұл бір кезде атақты Лукутин фабрикасынан шыққан темекі сауыт. Мұндай темекі сауыттар Ресейде XVIII ғасырда жасалған. Олар қақпағына қара лак жағылатын да, үстінен түрлі-түсті бояулармен әшекей салынатын.

Қобди "Гауфтың ертегілері". 1980 ж.

Ал, Шығыс елдерінде мұндай әдемі сандықшалар жасау ертеде-ақ басталған. Ол, әсіресе, Қытай мен Корея, Жапония мен Индонезияда кең етек алған. Шебер жалпақ қаламмен қорапшаның қақпағын бірер сүйкеп лактап өтеді. Ол кезде тек әлгі жерге ешқандай шаң қонбаса болғаны. Шеберлер өте құнды бұйымдар жасағанда, оны қайыңқа мініп ал, ешқандай шаңы жоқ, теңіз үстіне барып лактап қайтады екен.

Шығыс жұрты мыңдаған жыл бұрын білген осы өнер Ресейде тек XVIII ғасырда ғана белгілі болған. Бірақ, орыс шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар көп ұзамай-ақ күллі дүниеге тарады.

Революциядан кейін бұрыңғы икона жасайтын Палех, Мстера, Холуй сынды шеберханалар әлгіндей қымбат жасаулар жасайтын орындарға айналды.

Кішкене қорапшалардың жалтыраған қап-қара қақпағына қызылды-жасыл киінген адамдардың, гүлдер мен ағаштардың суреті салынады да, жиектеріне нәзік өрнек жүргізіледі.

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-17 12:59:20     Қаралды-3659

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚУЫРДАҚТЫҢ ТҮРЛІ ТАҒАМДАРЫ

...

Қуырдақ - көбінесе ірі қараның ұсақтап туралған сан, қол етінен, қойдың мойын етінен, түйенің сан етінен, өкпе-бауыр, ішек-қарыннан қуырылады. Оның басқа тағамнан ерекшелігі - тез әзірленетіндігі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЙЫЛЖАПЫРАҚ СҮЙСІН ЖӘНЕ ТЕЛПЕК СҮЙСІН

...

Бұл – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы қуыс, жапырақтары көп.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБАТТАЛҒАН ПАХЛАВА

...

Ішіне жаңғақ салып, ашытқы қосылған қамырдан жасалған май мен балға салынған тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЬБРУС НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Эльбрус тауы - сөнген жанартау.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Юбкалардың түсінің саралануы

...

Kilt «киімді дене бойымен айналдыру» деп аударылады. Бірақ, заманауи килт – бұл материяның 3-8 ярдтан (7 метрден көп) тұратын аса күрделі конструкция.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАМЧАТКА

...

Азияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі түбек, Ресей жерінде. Батысы - Охота теңізі, шығысы - Тынық мұхит және Беринг теңізі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »