КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ТҮПНҰСҚА
Категориясы: Өнер
Әбілхан Қастеев (1904-1973 жж.). Турксиб.
Біз картинаны не мүсінді көріп: «Бұл түпнұсқа ғой», - деп ерекше ізет білдіреміз.
Суретшілердің, мүсіншілердің шығармасымен танысу үшін кітаптар мен журналдардағы репродукцияларды қарасақ та жеткілікті сияқты. Сүйте тұра, жұрт сурет галереясы мен музейлерге неге барады?
Түпнұсқаны көру үшін жұрттың басқа қалаларға, тіпті басқа елдерге сапар шегетіні қалай?
Суретші кенепке тек әдемі көріну үшін ғана қалам тигізбейді. Ол қолына қаламды тек өзіне ұнаған адамның, өлкенің көрінісін бейнелеу үшін де, не бір оқиға туралы айтып беру үшін де алмайды. Жоқ, ол өз шығармасын өзі бейнелеп отырған құбылыс жайлы өз ой, өз сезімін, білдіру үшін өзінің бүкіл жан-дүниесін жарқыратып жайып салу үшін туғызады. Шығармамен танысу - оны жарыққа әкелген адаммен танысу. Картина тек оның қаламының ізін ғана емес, бүкіл жан-сырын паш етеді.
Біз картинаның алдында тұрып, оның авторының айтпақ ойын білуге тырысамыз. Оған неғұрлым ұзағырақ үңілсек, авторының жан дүниесіне де солғұрлым молырақ қанығамыз. Қандай керемет көшірме болса да, түпнұсқаның дәл өзіндей әсер ете алмайды. Өйткені көшірмеші өз жұмысының үстінде автор кешірген жан азабын, жан тебіренісін бастан өткізе алмайды.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-17 12:46:37 Қаралды-2785
САДАҚПЕН КӨЗДЕП АТУЫ
Англияның садақпен ататын әскери құрамалары 1627-1628 жылдарға дейін қызмет еткен деген тарихи дерек бар.
ҚАБАНБАЙДЫҢ ТУЫ
1864 жылы қытай басқыншылары бүкіл Шығыс Түркістан аймағына шабуыл жасайды.
ЭЙЕРКИХЕЛАХ
Бөлке жасалатын қамырдан қиғаш төрт бұрышталып пісіріліп, жұмыртқаның сары уызы жағылған тағам осылай аталады.
БАЛАҒА АРНАЛҒАН ТҮРЛІ ТАҒАМЫ
Әрбір атпал азамат баладан өседі. Соған байланысты оны бала шақта тәрбиелеу керек. Үлкендердің «Баланы - жастан» дейтіні де сондықтан.
ҚҰРАЛАЙ СҰЛУ БЕЛГІСІ
Қазақ поэзиясының жұлдызы Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» атты поэмасы бар. Бұл поэмада Құралай сұлудың қайғылы да қасіретті тағдыры суреттеледі.
СПОРТ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН
Дүниежүзілік спорт түрлерінің ішінде зор бедел иесіне айналған спорт түрі - спорттық гимнастика.