UF

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПАСТЕЛЬ

Категориясы: Өнер


Жан-Этьенн Лиотар. 1702-1789 жж. Натюрморт. Пастель Рококо.

Швейцария суретшісі Жан Этьенн Лиотардың мынау «Шоколад дайындаушы әйел» деген картинасына қараңдаршы.

Жан-Этьенн Лиотар. 1702-1789 жж. "Шоколад тасушы қыз"

Жап-жас қызметші әйел қолындағы фарфор табақша мен мөлдір таза су құйылған стакан қойылған табақшаны сәндене басып алып келеді. Уыздай жүзі, сымбатты мүсіні ерекше бір сүйкімділікке толы. Бас киімі, үстіндегі көйлегі, қолындағы табақшасы - бәр-бәрінен бір нұр шашырап тұрғандай.

Арада екі ғасырдан астам уақыт өтсе де (Лиотар XVIII ғасырда өмір сүрген), түп нұсқаның бояуы әлі күнге әрін жоғалтпаған.

Бұл картина майлы бояумен емес, пастельмен салынған. «Пастель» италияның «pasta» - «қамыр» деген сөзінен шыққан. Түрлі-түсті пигменттердің ұнтағына бор мен балауыз араластырып, қамыр илейді. Сосын одан жұмыр таяқшалар жасап кептіреді. Пастельде сан алуан реңк бар. Сондықтан оның қарындаш екеніне қарамастан онымен салынған шығарманы майлы бояумен салынған живопись туындысындай қабылдаймыз. Пастельді суға езіп, акварель мен гуашь секілді пайдалануға да болады. Пастель техникасы ертеден белгілі. Тіпті Леонардо да Винчидің өзі ара-тұра осы қарындашты пайдаланған. Алайда, Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері пастельдің бояуы ұзаққа сақталмайды деп есептеп, темпера мен майлы бояуларды жиірек қолданды. Оның үстіне, олардың шығармалары пастельмен салуға келе қоймайтындай тым көлемді келетін.

Ал XVIII ғасыр суретшілері пастельдің бір тұтас жұмсақ жұғатын биязылығы мен әрлілігін өте қастерледі. Ол, шынында да, пастельдік бейнелеу өнерінің дәуірі болды. Ол замандағы күлтелі көйлек киген ханымдар мен бастарына парик, үстеріне, жағасына кесте төккен мундир киген төре жігіттерді бейнелеуге пастель келісіп кететін еді.

Сол тұста пастельді тез оңдырмай, ұзаққа сақтайтын ертінді табылды. Енді пастельмен салынған картиналар күнге оңбайтын, көп уақыттар бойы өңін жоғалтпайтын болды.

  Жарияланған-2016-11-16 20:32:22     Қаралды-6100

Мәлімет сізге көмек берді ма

СҮЙЕКТЕН ЖАСАЛҒАН ҚАНДАЙ БҰЙЫМДАР БОЛАДЫ?

...

Мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан қазақ халқы жануарлардын сүйектерін де түрлі қажеттеріне жарата білген. Қазақ шеберлері үй жиһаздарын, саз аспаптарын, т.б. әзірлегенде оларды әшекейлеп безендіру үшін мүйіз бен сүйекті кеңінен пайдаланған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ ЖАҢҒАҚТАР

...

Балды жақсылап ерітіп, қантпен, ұнмен, содамен, маймен және ұнтақталған жаңғақтармен араластырып, қатты қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СЫРДАРИЯ

...

Сырдария өзені Орталық Тянь-Шань жоталарынан басталып, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан аймағы аркылы өтіп, Қазақстанда Арал теңізіне келіп құяды. Ұзындығы - 2219 км.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОКОЛАДТЫ РАХАТ-ЛУКУМ

...

Какао ұнтағы қосылатын мармелад сияқты тағам осылай деп аталады. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛАҒА АРНАЛҒАН ТҮРЛІ ТАҒАМЫ

...

Әрбір атпал азамат баладан өседі. Соған байланысты оны бала шақта тәрбиелеу керек. Үлкендердің «Баланы - жастан» дейтіні де сондықтан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРГЕ ЕҢ ЖАҚЫН ЖҰЛДЫЗ

...

Кун жуйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Ол аса ыстық газдан тұратын, шар тәрізді аспан денесі болып саналады. Бүкілкүн жүйесі массасының 99,866%-і кұнде жинақталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »