UF

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ КОЛОРИТ

Категориясы: Өнер


В.Серов (1865-1911 жж.) "Мика Морозов"

Креслода кішкене бала отыр. Оның бірдеңеге қатты елегізгені байқалады. Әлденеден назарын аудармай, тесіле қарап қапты. Бұл Мика Морозовтың портреті. Салған - В.А.Серов.

Баланың нарт қызыл жүзі мен сарғылт шашын ақ көйлек өте ашып тұр. Егер байыптап қарасақ, көйлектің тек ақ қана емес, онда көгілдір, қызғылт күлгін реңктер бар екенін аңғарамыз. Бала сұрғылт қабырғаның аясында бейнеленіпті. Бірақ қабырға да бір ғана сұр бояудан емес, сарғыш, көкшілтім реңктердің жиынтығынан тұрады. Олардың бәрі қосылып, суретке күміс моншақтың түсіндей сүйкімді өң береді. Картинада әр алуан бояу тоғысқанмен оның ешқайсысы жеке дара көзге ұрмайды, бір-біріне бөгет жасамайды.

Суреттерде әр алуан бояулардың мұндай белгілі бір үйлесім табуын колорит дейміз.

Колорист-суретші әр бояудың жеке өзіне де, оның басқа бояулармен үйлесіміне де ерекше мән береді. Ондай үйлесімдер бір-бірімен жарасымды, көзге ұрмайтын байсалды боп келуі де, не бір-бірімен кереқар түсіп көзге ұрып тұруы да мүмкін.

Колорит бізге дүниенің бояу әлемін жарқыратып жайып салады. Ол суретшіге өзі бейнелеп отырған құбылысқа байланысты туындайтын көңіл күйін жіті жеткізуге көмектеседі. Шығармалар Мика Морозов портретіндей жарқын да, немесе күңгірт көңілсіз де боп келуі мүмкін.

Колорит ажырата білу - өте сирек қабілет.

В.Суриков (1848-1916 жж.) "Березовадағы Меншиков"

Орыс суретшілері арасынан бұл жағынан Василий Иванович Суриков айрықша көзге түскен. Оның «Березоводағы Меншиков» деген картинасында бір кезде Бірінші Петрдің көмекшісі боп, дәуірлеп баққан ақ сүйектің айдаудағы өмірі бейнеленген. Меншиков балаларымен отырған кішкентай лашық әрі суық, әрі қараңғы. Сырттағы жарық қырау қатқан кішкене төрезеден өлеусіреп түсіп тұр. Егер зер салып қарасаңыз, ондағы кейіпкерлердің бет-өңі, киімі, кез келген ұсақ-түйек тек қана бір бояудан емес, бірнеше бояудың жиынтығынан тұратынын байқайсың.

К.Коровин (1861-1939 жж.). "Терістік идиллиясы"

Орыс суретшісі К.Коровин де тамаша колорист болған. Міне, мынау оның «Терістік идиллиясы» деген шығармасы. Қыздардың нарт қызыл сарафандары шөптер мен жапырақтардың түстерімен қандай жарасым тауып тұр десеңші!

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-03 22:39:16     Қаралды-3801

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЕРЕВАН КЯТАСЫ

...

Ашытылған қамырдан қабатталып жасалатын тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖОРҒА ЖАРЫС

...

Жорға жарыс - қазақтармен қатар туысқан Орта Азия халықтарының арасында да кең тараған ұлттық спорт ойыны.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОРАЗ МҰХАММЕД ДАСТАНЫ

...

Казақ жері туралы жазылған тарихи еңбектердің бірі - «Жылнамалар жинағы». Кітап «Ораз Мұхаммед дастаны» деп те аталады. Оны XVII ғасырдың басында қазақ халқының ғұлама ғалымы, белгілі биі Қадырғали Қосымұлы Жалайыр жазған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ

...

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - «Қазақстанның халық әртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы облысында дүниеге келген. Оның әкесі күйші, анасы әнші болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕГІРТКЕЛЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Шегірткелер туралы алғаш рет 8000 жыл бұрын шумер жазбаларында кездеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СПОРТ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН

...

Дүниежүзілік спорт түрлерінің ішінде зор бедел иесіне айналған спорт түрі - спорттық гимнастика.

ТОЛЫҒЫРАҚ »