UF

ИМРЕССИОНИСТЕР

Категориясы: Өнер


К.Моне (1840-1926 жж.). "Аржантеедегі көпір"

Өткен ғасырдың екінші жартысында Францияда қаулап бір топ жас суретшілер шықты. Олар бұрын-соңды көрмегенді істеп, өз шығармаларын шеберханада емес, өзен жағасында, далада, орман ішінде, шалындықта ашық аспан астында тұрып салатын әдет шығарды.

Олар шығармалары Парижде алғаш рет көрмеге қойылысымен-ақ суретші қауым тарапынан француздың «impression» - «әсер» деген сөзінен шығарып, импрессионистер деген атақ алды. Шынында да, олар өз туындыларында өмірден алған әсерлерінің ізін суытпай тұрып, бейнелеуге тырысатын. Су айдынына, жапырақтарға, кісілердің үсті-басына түскен күннің шуағына дейін қолмен ұстап, көзбен көргендей дәл жеткізетін. Олардың суретінен өкпек желді, жауыннан кейінгі дымқыл ауаны, күн қыздырып балбырап жатқан топырақты дәл сол қалпында сезінесің.

Олар табиғаттағы әр алуан құлпырған бай бояу әлемін жіті байқап, дәл жетікізуді тырысты. Импрессионистердің бірі Моне тұман күнгі Лондонды бейнелейтін шығарма тудырды. Оны көрмеден көрген лондондықтар әдетте бұлыңғыр сұрғылт деп жүретін тұманның қызыл күрең боп қошқылданып кеткеніне қатты қайран қалысты. Артынан көшеге шығып, тұманның, шынында да, суретші салғандай қызыл қошқыл екеніне көздері жетті. Өйткені, Лондонның үйлері көбінесе қызыл кірпіштен салынған-ды. Олар дымқыл ауада дүниені қызыл мұнар қоршап алғандай әсер қалдырады екен.

Сүйтіп, суретші бұрын байқалмай жүрген бір ақиқатқа адамдардың көзін жеткізді.

Импрессионист суретшілердің шығармашылық жолдары өте қиын болды. Олардың шығармалары әу баста тіптен анайы әрі күлкілі көрініп, ешкім мойындамай қойды. Сатып алушылар да табылмады. Бірақ, олар алған беттерінен қайтпады. Аштыққа да, жоқтыққа да мойымай, өз ізденістерін жалғастыра берді.

Импрессионистердің өнеріне жұрт әбден мойын ұсынған кезде, олардың көпшілігі дүниеден ауып та үлгерген-ді.

Қазір жер жүзінің көптеген музейлері өздерінде сақтаулы Мане, Моне, Ренуар, Дега, Сислей, Писарро шығармаларын ерекше мақтаныш тұтады.

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-03 21:04:50     Қаралды-3418

Мәлімет сізге көмек берді ма

КҮНЖІТ ГРИЛЬЯЖЫ

...

Бұл - күнжіт дәні мол салынған карамель сияқты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨМБЕ - КӨМІП ПІСІРГЕН БІР УАҚ МАЛДЫҢ ТҰТАС

...

Қазақ халқы көмбелерді үйден гөрі түзде көбірек дайындаған. Көмбе - көміп пісірген бір уақ малдың тұтас еті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСТУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Есту қабілетінің арқасында біз айналамыздағы әлем туралы орасан зор ақпарат аламыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛІШЕР НАУАИ

...

Әлішер Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекеттік қайраткері. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тәрбиесіне алған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ СУ ІШЕМІЗ?

...

Өйткені сусыз өмір сүре алмайсың.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

...

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »