ТЫНЫСЫҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...
Категориясы: Денсаулық
1. Дем алғанда аузың әрдайым жабулы болсын.
2. Шаңды жерде немесе ауасы бұзылған орында шамаң келгенше дем алма (тұрма). Жүрген жеріңді шаңдатпай жүр. Әсіресе үйдің ішінде шаң көтеруші болма.
3. Үйдің ішінде еденге, қабырғаға қақырма, түкірме, мұрын орамалға да қақырып түкірме. Жаюлы жатқан (төселген) кілемнің үстінде отырып, астына қақырып, түкірме.
4. Киіміңді, төсегіңді, баска нәрселерді үйдің ішінде қақпа, сілікпе, тазалама, сыртқа шығарып тазала.
Үйдің ішіндегі заттарды сүрткенде, еденді сыпырғанда сүрткішің, сыпырғышың құрғак емес, дымқыл болсын.
5. Үйде отырып жұмыс істегенде, жылы күндері терезең ашық болсын.
Суық күндері ауа райы тәуір болса, бірнеше рет есік-терезені ашып алып, үйіңнің ауасын жаңартып, тазартып ал.
6. Гулеген желден сақтан. Әсіресе бойың жылып терлеп отырғанда сырттағы ауа терезеден, есіктен кіріп, қарсы есіктен не терезеден шықса үйдің ішін жел гулеп кетеді. Осы желді гулеме деп атайды.
7. Ұйқтайтын үйіңнің (бөлмеңнің) ауасы өте таза болсын. Күндізгі бейнеттен шаршап-шалдығып келіп ұйқтаған уақытта бойың сергіп, дем алысың жақсарады, тынысың кеңиді, келесі күнге күш-қайрат жинайсың. Өміріңнің біразы ұйқымен өтеді. Сондықтан ұйқтайтын жайың денсаулыққа керекті шарттарға келісті келсін, таза болсын, мұны ұмытпа.
8. Еш уақытта көкірегіңді, ішіңді (құрсағыңды) терезенің алдына, не тақтайдың, үстелдің шетіне, иә болмаса, басқа нәрсеге кидірмелеп қыспа.
9. Шылым тартпа, насыбай атпа, темекінің өте зиянды екенін ұмытпа.
Жарияланған-2016-09-28 15:41:46 Қаралды-7977
КҮНЖІТ АЛУАСЫ
Қуырылған күнжіт дәні мен көпіршітілген белоктан жасалатын диаметрі 25-30 мм, ұзындығы 80-90 мм таяқшалар түріндегі тағам осылай аталады.
ҚАНТҚА САЛЫНҒАН КУРАГА
Курага жақсылап жуылып, кептіріледі. Қант улпасы, түйген қант және белок дайындалады.
ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ ТАРИХЫ
Әліпбилік жазу - дүние жүзі мәдениетінің қол жеткен орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосқан деуге болады.
ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ СПОРТ ТАРИХЫНАН
Желкенді кемемен жүзу өнерін дүниежүзіне паш еткен саяхатшылар арасында екі есім ерекше аталады
ЕСКЕКШІЛЕРІ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН
Ескекті қайықпен серуендеу, саяхатқа шығу, жихангерлік адам баласының ерте заманынан-ақ меңгерген кәсібі деуге әбден болады.
ДОПТЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН
Бұл спорт футбол ойынына ұқсас мысалы, ойын барысы 45 минуттық екі кезеңнен тұрып, бұрыштан доп беру, айып добын соғу кезеңдерінде болады