UF

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН ДӘСТҮРЛІ ТАҒАМДАР

Категориясы: Тағам


Қазақ халқының ұлттық дастарқанында бар, бірақ қазіргі кезде ұмыт бола бастаған мынандай да дәстүрлі тағамдарына тоқтала кеткеннің артықтығы жоқ.

Түймеш - келіге түйіп, жаңғырыққа салып тоқпақпен жанышталған ет. Оны кейде сол күйі қатырып немесе қарынға салып сақтайды. Майға қарып, суға қайнатып, кейде ішекке тығып қайнатып пісіріледі.

Май түймеш - майын көбірек жіберіп келіге түйген ет. Оны көбінесе өңешке, жүректің қолқасына тығып пісіруге болады.

Бітеу - бүйенге тығып пісірген ұсақ ет. Оның бір жағы тұйық, екінші басы тігулі, соған орай піскенде өз сорпасы өзінде болады.

Меңіреу - әсіптің үлкен және семіз етіп жасалған бір түрі.

Жаужұмыр - сойылған малдың етін бұзып, қалың еттерін арсалап алып, түгелдей өз қарнына салып, су құймай пісірген ет. Оны кейде жаубүйрек деп те атайды.

Борша кісе - тауық, қаз, үйректің, бұзау, лақ, қозының еттеріне күріш, сарымсақ, бұрыш, шикі жұмыртқа, сары май қосылады. Сүт құйып отырып машинаға тартылады. Содан ішекке, бүйенге тығылып немесе қамыр арасына салынып пісіріледі.

Жаубүйрек - қойдың, ешкінің, бағланның бұзбай пісірген бөксесі.

Сырбаз - өз терісіне орап, алдын-ала от жағылған шұңқырға көміп пісірген бағлан еті.

Ет хошан - құйрық май, қамыр, өсімдік майын қоспалап қарынға салып пешке пісіретін, тұз-бұрыш, иіс дәмі келісті тағам.

  Жарияланған-2016-09-23 16:44:39     Қаралды-3745

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТЕРІ МЕН БЫЛҒАРЫДАН ТІГІЛГЕН КИІМДЕР КҮТІМІ

...

Қандай киім болса да оның ажары таймай, қалы бұзылмай сақталуы киюшісіне байланысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АППОЛОННЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫ

...

Ауыр салмақты тастарды көтеру арқылы жарысушы спортшыларды халық «Аппалонның ізбасарлары» деп те атаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮЙДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ...

...

Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол жағыңда болсын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГРЕКТЕР ОЙЛАП ШЫҒАРҒАН «ПЕНТАТЛОН»

...

Спорттың бұл түрінің өмірге келуі әскери офицер өміріне байланысты болыпты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ ЗАМАНДА НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫ?

...

Патшалар мен князьдердің дастарханында алтын мен күмістен жасалған бағалы ыдыстар тапшы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЙҚАЛ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ ТОМАҒА ШӨБІ

...

Қояншық ауруын және ревматизмге байланысты ми тамырларының, жүрек бұлшық еттерінің қабынуын емдейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »