UF

БАЛАҒА АРНАЛҒАН ТҮРЛІ ТАҒАМЫ

Категориясы: Тағам


 

Әрбір атпал азамат баладан өседі. Соған байланысты оны бала шақта тәрбиелеу керек. Үлкендердің «Баланы - жастан» дейтіні де сондықтан.

Бала тәрбиесіндегі ең басты мәселенің бірі - оны дұрыс тамақтандыру. Өйткені дұрыс тамақтанған баланың денсаулығы да зор болып өседі.

Әрине жаңа туған жас нәресте өмірінің алғашқы айларында, көбіне 1 жасқа дейін, емшек сүтін емеді. Емшек сүтімен оның организміне қажетті заттар жеткізіледі. Ал 1 жастан 1,5 жасқа дейінгі балалар тағамы әр түрлі болуға тиіс. Олардың құрамына сүзбе, ірімшік, ет, бидай наны, қант, майда жарма, қарақұмық жармасы, күріш, картоп, капуста, сәбіз, қызылша, жас және кепкен жеміс, қуырма, т. б. енеді. Бұл өнімдердің әрқайсынан бала үшін арнайы тағам дайындаудың қажеті жөң. Жалпы от басы үшін пісірілген көкөніс сорпасынан 1-2 ас қасық, еттен бір кесек, тағы басқалардан осындай аз-аздан беріп отырса жетіп жатыр. Ал 1,5 жастан 3 жасқа дейін түрлі көкөністен, еттен, сүттен, жармалардан, онша майлы етпей өздеріне арнап тағам дайындаған дұрыс.


Майда жарма ботқасы

 

Құрамы:

кесенің 3/4 бөлігіндей сүт, кесенің 1/4 бөлігіндей су, 3 ас қасық майда жарма, жарты шай қасық қант, 1 шай қасық сары май, тұз татымына қарай.

Дайындау тәсілі:

Сүтке аздап су қосып қайнатылады. Үстіне майда жарма себелене отырып, араластырылады да, қант, тұз салынып, бәсең отқа 10-15 минут бұқтырылады.

Балаға шағын ыдыспен, бетіне сары май салынып беріледі.


Езілген күріш ботқасы

 

Құрамы:

кесенің 3/4 бөлігіндей су, 1 ас қасық күріш, 1 шай қасық қант, 1 шай қасық сары май, тұз татымына қарай.

Дайындау тәсілі:

Күріш күрмегінен тазартылып, жуылады. Қайнап жақтан суға салынып, шала пісіріледі. Содан соң осы тағамға арналған сүттің тең жартысы құйылып, әбден піскенше қайнатылады. Піскен күріш әбден езіліп, ыдысқа салынады да, сүттің қалғаны құйылады. Қант салып, тұздалады да, тағы бір рет бүлкілдетіп қайнатылады.

Балаға шағын ыдыспен, бетіне сары май салынып беріледі.


Езілген картоп сорпасы

 

Құрамы:

жарты кесе сүт, 2 картоп, 1 кесе су, 1 шай қасық сары май, 1 жұмыртқаның сары уызы.

Дайындау тәсілі:

Картоптың қабығы аршылып, жуылады. Ыдысқа салынып, үстіне салқын су құйылады да, жұмсарғанша қайнатылады. Содан соң картоп сүзіп алынады да, ағаш қасықпен езіледі. Езілген картоп өз сорпасына салынады да, устіне сүт құйылып, тұздалады. Сөйтіп тағы бір рет қайнатылады.

Балаға берерде шағын шұңғыл ыдысқа салынып, үстіне сары майға езген жұмыртқаның сары уызы немесе сәбіз сөлі құйылады.


Езілген көкөніс сорпасы

 

Құрамы:

1 картоп, 50 грамм капуста, 1 шай қасық сары май немесе 1 ас қасық қаймақ, жарты сәбіз, 1,5 кесе су, тұз татымына қарай.

Дайындау тәсілі:

Картоп, сәбіз, капуста тазартылып, ыдысқа салынады да, үстіне салқын су құйылып, отқа қойылады. Сөйтіп жұмсарғанша қайнатылады. Содан соң оттан түсіріліп, көкөністер сүзіп алынады да, ағаш қасықпен жақсылап езіледі. Езілген масса қайтадан өз сорпасына салынып, тұздалады да, тағы бір рет қайнатылады.

Балаға берерде шағын шұңғыл ыдысқа құйылып, үстіне қаймақ немесе сары май салынады.


Ет қосылған картоп пюресі

 

Құрамы:    

50 грамм ет, 1 шай қасық май (қуыру үшін), жарты шай қасық ұн (қуыру үшін), 3 ас қасық сорпа, 1 пияздың 1/4 бөлігі, 1 картоп, 3 ас қасық сүт және жарты шай қасық сары май (бұл екеуі пюре дайындау үшін), 1 ас қасық ақ тұздық.

Дайындау тәсілі:

Ет тазартылып жуылады. Пияз қосылып, еттартқышпен тартылады. Кастрюльге салынып, шала қуырылады. Содан соң үстіне сорпа құйылып, духовкаға қойылады. 25-30 минуттан кейін духовкадан алынып, ағаш қасықпен жақсылап езіледі де, ақ тұздық құйылып, араластырылады. Сөйтіп отқа қойылып, бір қайнатылады да, алдын ала дайындалған картоп пюресі қосылады.


Ет котлеті

 

Құрамы:

50 грамм ет, 1 тілім ақ нан, жарты ас қасық май (қуыру үшін), 1 шай қасық салқын су, 1 ас қасық кепкен нан ұнтағы, тұз татымына қарай.

Дайындау тәсілі:

Ет жақсылап жуылады. Содан соң ет тартқышпен тартылады. Үстіне суға салып жұмсартылған 1 тілім нан қосылып, араластырылады да, ет тартқышпен екінші рет тартылады. Тұздалып, үстіне салқын су құйылады, сары май салынып, фарш жасалады.

Асхана тақтайы тазартылып жуылады да, үстіне әлгі фарш салынып, екіге бөлінеді. Сөйтіп екеуі де кепкен нан ұнтағына аунатылып, сопақ формаға, яғни котлет формасына келтіріледі де, табадағы ыстық майға қуырылады. Қуырып алған соң 5 минуттай духовкаға қойылады.

Гарнир ретінде картоп пюресі немесе асқан вермишель пайдаланылады.


Сорпаға пісірілген бұршағы ет

 

Құрамы:

50 грамм ет, 1 тілім ақ нан, 1 жұмыртқаның ақ уызы, 1 ас қасық кепкен нан ұнтағы, тұз татымына қарай.

Дайындау тәсілі:

Котлет пісіргендегідей етіп фарш дайындалады. Бар айырмашылық - судың орнына жұмыртқаның ақ уызы құйылады. Осылай дайындалған фарш жуылып, тазартылған асхана тақтайшасының үстіне салынып, бір балаға 3-4 түйірден домалақталады. Домалақтау үшін екі алақанға жұмыртқаның ақ уызы жағылады. Сонда фарш қолға жабыспайды. Сөйтіп дайын болған бұршағы ет қайнап жатқан тұзды суға салынып қайнатылады. 5 минуттан кейін кепсермен сүзіп алынады. Ет сорпасына салынып, тағы бір қайнатылады.


Тефтели

 

Құрамы:

50 грамм ет, 1 тілім ақ нан, жарты ас қасық сары май, 1 жұмыртқаның ақ уызы.

Дайындау тәсілі:

Етке (сиыр, бұзау, тауың, балық етінің табылғаны) суға салып жұмсартылған ақ нан қосылып, ет тартқышпен екі рет тартылады. Оған сары май салып езіледі де, тұздалып, жұмыртқаның ақ уызы құйылады. Сөйтіп жақсылап араластырылады. Содан соң кішіректеу котлет формасына келтіріліп, табаға салынады. Үстіне сорпа құйылып, беті майланған қағазбен жабылады да, 1,5 сағаттан духовкаға қойылып пісіріледі.

Тефтелиге гарнир ретінде картоп немесе сәбіз пюресі пайдаланылады.


Капуста құймағы

 

Құрамы:

200 грамм капуста, жарты жұмыртқа, 1 шай қасық кепкен нан ұнтағы, 2 шай қасық май, 1 ас қасық қаймақ, кесенің 1/4 бөлігіндей сүт, тұз татымына қарай.

Дайындау тәсілі:

Капуста тазартылып, жуылады. Ұсақтап туралады да, үстіне сүт құйылып жұмсарғанша бұқтырылады. Содан соң еттартқышпен тартылады да, тұздалып, шикі жұмыртқа құйылады. Кепкен нан ұнтағы салынып араластырылады да, табадағы қызып тұрған майға қасықпен бөліп-бөліп салып пісіріледі.

Балаға берерде үстіне қаймақ құйылады.


Сәбіз-алма котлеті

 

Құрамы:

1 алма, 1 сәбіз, 1 шай қасық майда жарма, жарты шай қасық қант, 2 шай қасық май, кесенің 1/4 бөлігіндей су, тұз татымына қарай, 2 шай қасық қаймақ немесе 1 шай қасық еріткен сары май.

Дайындау тәсілі:

Сәбіздің қабығы аршылып, тазалап жуылады. Мүмкіндігіне қарай не езіп, не ірі көзді үккішпен үгіледі де, кастрюльге салынып, үстіне су құйылады. Сөйтіп отқа қойылып, шала пісіріледі. Шала піскеннен кейін үстіне қабығы аршылып, ұсақтап туралған алма салынады да қайтадан отқа қойылып, бабымен бұқтырылады. Содан соң майда жарма салынып, тұздалады. Қант қосылады да, үздіксіз араластырыла отырып, 5 минут қайнатылады. Суығаннан кейін сопақшалап, яғни котлет формасына келтіріліп, кепкен нан ұнтағына аунатылады да, табадағы қызған майға салып қуырылады.

Балаға берерде үстіне сары май немесе қаймақ құйылады.


Қызылша котлеті

 

Құрамы:

1 қызылша, 1 ас қасық кепкен нан ұнтағы, 1 шай қасық май, 2 шай қасық қаймақ.

Дайындау тәсілі:

Қызылша жуылады. Қабығы аршылып, ұсақтап кесіледі. Еттартқышпен тартылып, котлет формасына келтіріледі де, кепкен нан ұнтағына аунатылып, табадағы қызып тұрған майға қуырылады.

Балаға берерде үстіне қаймақ құюға болады.


Мүкжидек киселі

 

Құрамы:

2 ас қасық мүкжидек, 2 шай қасық картоп ұны, 3 шай қасық қант, 1 кесе ыстық су.

Дайындау процесі:

Жидек әуелі іріктеледі. Електің үстіш салынып, ыстық сумен шайылады да, ағаш қасықпен езіледі. Содан соң дәкеге салынады да, сығылып сөлі алынады. Ал сығындының үстіне бір кесе ыстық су құйылып, отқа қойыла ды да, қайнатылып, сүзіп алынады. Сөйтіп қайнатындының біразы ыдысқа құйылып, суытылады. Үстіне картоп ұны салынады да, қалғанына қант қосылып, тағы да қайнатылады. Осы сироп қайнаған кезде, араластыра отырып, үстіне картоп ұны салынған қайнатынды құйылады. Сөйтіп тағы бір қайнатып алынады.

Кисель суыған соң үстіне сығып алынып, беті жабық ыдыспен қараңғы жерде сақталған сөл құйылады.

  Жарияланған-2016-09-20 15:17:09     Қаралды-6528

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚЫТЫРЛАҚ

...

Ун, сүт, жұмыртқа және қанттан қатты тұщы қамыр иленеді. Ол жұқалап жайылып, арнаулы кескішпен дөңгелектеліп кесіледі де қыздырылған майға ашық сары түске енгенше қуырылып пісіріледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

14 ТҮРЛІ ПАЙДАЛЫ ТОСАПТАР (СИРОП)

...

Тосап қайнату үшін мөлшері бірдей, ұсақтау қызыл помидорлар іріктеледі. Ол үшін жарақатталған, езілгендері алынып тасталынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЯДРОЛЫҚ ЖАНДЫРҒЬІШ

...

Ядролық жандырғыш - ядролық энергияның босауымен жүретін бөліну немесе синтез реакцияларына ядролары қатысатын заттар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЛҚАН ЖАПЫРАҚТАРДЫҢ БҰТАҚТА ҰЗАҚ САҚТАЛУЫНЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?

...

Қарағай, шырша, самырсын, аршалардың жапырақтары бұтағында түспей 3 жылдан 10 жылға дөйін сақталады. Солай десек те, жапырақтары мүлдем түспейді - деу дурыс емес. Себебі жыл сайын бірді-екілі жапырақтары түсіп, оның орнын жас жапырақтары алмастырып тұрады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЖАҚАТ – ДЕНЕГЕ ҚУАТ

...

Қожақат – биіктігі 1-3 метрге жуық жартылай бұталы өсімдік. Сабағы жерге төселіп өседі, немесе тік өсіп барып майысып тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАРТОПҚА ОРНАТЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШТІ ЕСТІГЕНДЕРІҢ БАР МА?

...

Әлемнің әр түкпірінде түрлі үй және жабайы жануарларға орнатылған ескерткіштер бар екендігі белгілі. Ал, өсімдіктерге орнатылған арнайы ескерткіштер тіпті саусақпен санарлық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »