UF

КҮН СӘУЛЕСІН ҰСТАП АЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БОЛА МА?

Категориясы: Өнертабысты


Күн сәулесін қос қолыңмен ұстай алмайсың, алақаныңмен де басып қала алмайсың. Ол ешкімнің уысына түспейді. Ал айнаны пайдалансаң - бір жөн. Қабырғаға айна арқылы қүн сәулесін түсірсең болды, сәуле тілегің бойынша жүгіреді де, секіреді де.

Күн сәулесімен ойнау аса қызық.

Бірақ қолға түскен күн сәулесімен ойнап қана қоймаймыз. Оған көптеген түрлі қиын да аса қажет істер жүктейміз.

Бір аңыз-хикая айтып берейік.

...Жау кемелері Сицилия астанасы - Сиракуздың ақ тасты қабырғаларына жақындайды. Солдаттар отряды жағаға шығып, қала қабырғасы үстінен қомақты тастар лақтырып, ұзын жебелер жіберу үшін ауыр атқылағыш (лақтырғыш) машиналарын түсіреді. Қала қоршауға алынады. Қала тұрғындары жан аямай шайқасады, алайда екі жақтың күші тең болмайды. Қала қабырғаларын қорғаушылар бірте-бірте азая береді. Сонда әскер бастықтары өздерінің атақты жерлесі, ұлы ғалым Архимедке келіп: «О, данышпан, қаланы енді сен ғана құтқарып қала аласың. Сен адамға жұмыс істегенде көмектесетін талай ғаламат машиналар ойлап тапқан едің. Енді бізге қырғын соғыста көмек болар сондай бір амал ойлап таба көр» - дейді.

Сонда Архимед былай деп жауап беріпті: «Онда құрбан болған жауынгерлердің әйелдері мен қарындастары олардың мыстан соғылған қалқандарын жинап, қабырға басына алып келсін. Тек қалқандарды алдын ала айнадай жарқыратып тазартатын болсын».

Ғұламаның бұл «қылжағына» әскер бастықтары қайран қалады, алайда қала тұрғындарына оның қалауын қарсылықсыз жария етеді.

Содан, белгіленген уақытта жаркыраған қалқандарын ұстаған жүздеген әйел бір жерге жиналады. Архимед оларды қабырға басына апарды да, жарты ай жобасына ұқсатып қатар тұрғызады. Одан соң ғалым римдіктердің ең жақын келіп қалған кемесін нұсқайды да, әйелдер мен қыздардың әрқайсысына соған қарай өз қалқанымен күн сәулесін түсіруді бұйырады. Сол-ақ екен, көз шағыстырарлық күн нұрының жүздеген жарық сәулесі кемеге қадала түсіп, көп кешікпей оның қара түсті ағаш бүйірлерін түтіндетіп жібереді. Аздан соң жалын пайда болып, бірнеше минуттен кейін теңіз бетінде алып алау лаулап жана бастайды.

- Енді басқа кемеге түсіріңдер! - дейді Архимед. Біршама уақыттан кейін бұл кеменің де солдаттары мен матростары естері шыға, кеме үстінде ерсілі-қарсылы сенделіп, азан-қазан болады да қалады. Үрей билеген олар топырлап келіп, теңізге секіреді. Бұдан соң үшінші, төртінші, бесінші алаулар лапылдайды. Отты сәулелер жете қоймаған кемелер зәкірлерін көтеріп алып, ашық теңізге қарай тартып кетуге ұмтылады. Алайда күн желсіз екен, ебедейсіз ауыр галералар - көп ескекті қайық-кемелер бір-біріне соғылысып, бүйірлерін қирата-мирата, басқа кемелердің айлақтан шығар жолын бөгеп, шетінен суға батып жатады.

Ежелгі римдіктердің қуатты флоты осылайша талқандалып, теңіз толқындары отқа күйген кеме қалдықтарын көпке дейін жағаға лықсытып жатады.

Аңыз осылай дейді.

Ғасырлар бойы жұрт оны ойдан шығарылған әңгіме деп есептейтін. Шынында да, күннің кәдімгі кішкентай ғана сәулесі не бітіре алмақ? Одан от түгілі, бірден біліне қояр қызу да шығара алмайсың ғой. Ал бірақ күннің ондаған, жүздеген, мыңдаған сәулесін бір жерге топтастырып, оны бір нүктеге бағыттасаң, мәселе мүлдем басқаша болмақ.

Сол себепті де бүгіндері күн көгі түсетін және бұлыңғыр ауа райы аз болатын жерлерде орасан үлкен айналы табақ-шаралар жиірек пайдаланыла бастады. Алыстан қарағанда олар ертегілердегі алып гүлдерге ұқсайды. Бұл айналы табақтар да өздеріне түсетін барлық күн сәулесін жинап алып, белгілі бір нүктеге қайта бағыттайды. Ол жерде табақтар үстінің ыстықтығы сонша, егер бір бақ су қоя қойса, ол лезде қайнап шыға келеді. Өзі қандай ыңғайлы жасалған десеңші: насостар айналы күн «қақпандарына» суық су әкеп құяды, содан соң құбырлар арқылы мекен жайларға ыстық су жіберіледі!

Күн «қақпандарының» үстіндегі бақтарға тұзды су толтыруға болады. Әлгі су буға айналып, тұз түбінде қалады да, бу болса, суығаннан соң қайтадан суға, тек енді ішуге болатын, бақтар мен егістіктерді суаруға жарайтын тұщы суға айналады.

Мұндай «күн» буын жұмысқа да - турбиналарды айналдырып, электр тогын алу жұмысына да салып қоюға болады.

  Жарияланған-2016-09-17 18:42:17     Қаралды-3359

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЧУРЧХЕЛА

...

Чурчхеланың ішіне тек грек жаңғағы дәнінің тең жартысы ғана пайдаланылады. Сондықтан грек жаңғағы мұқият іріктеліп, сұрыпталып, қоспалардан, сынып қалған дәндерінен тазартылады. Жаңғақтың жарты дәні ине-жіппен, жіпті қосып есептегендегі салмағы 50-55 грам

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨКБҰТА

...

Бұл - биіктігі 60 сантиметрге жуық, бұтақтары көп, жапырағы мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық, бұталы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТӘУКЕ ХАН

...

Қазақ хандығының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі - Тәуке хан. Тәуке (1626 - 1718 жж.) - Салқам Жәңгір ханның ұлы. Ол 1680-1718 жылдар аралығында билік жүргізген. Тәуке хан мемлекетінің астанасы Ташкент пен Түркістан қалалары болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БУКОВИН ШӘРБӘТІ

...

Бұл - ысқыштан өткізілген жаңғақ және қант ұлпасы қосылған май массасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Бүкіл күн жүйесіндегі ең үлкен, ең ауыр планета – Юпитер (Есекқырған) екен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҰЗДЫҒЫ КЕЛІССЕ - АС ДӘМДІ

...

Тұздық тағамға әр, нәр, сондай-ақ қышқыл дәм мен хош иіс береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »