UF

ЖАЗДЫГҮНІ ШҰБАР, АЛ ҚЫСҚА ҚАРАЙ АППАҚ

Категориясы: Жануарлар


Аңдардың бірі жауынан ағаш қуысына, екіншісі қар астына, үшінші біреулері індеріне жасырынып құтылады. Ал қоян «ұның бірін де істей алмайды. Оның жауы тіпті көп: қасқыр, ит, түлкі, бұлғын, сілеусін, үкі, бүркіт, поляр жапалағы - толып жатыр.

Сонда да уайымдап жатқан қоян жоқ. Тіршілігін жалғастыра береді. Сенетіні - тұмсығы, ерекше сақ құлағы, күйрік аяғы, оңайшылықпен байқала бермейтін тоны. Қоян жазда сұр болады. Жерде де сұр түс, шалғын арасында көзге шалына бермейді. Оның үстіне қоян түнде тіршілік ететін аң. Жайылуға ымырт үйірілген кезде шығады. Ал қараңғыда оны байқау тіпті қиын.

Қысқа қарай қояндар түлейді. Бұрынғы ескі жүнінің орнына, қалың да, жаңа түбіт өсіп шығады. Ор қояндардың түлегеннен кейінгі түбіті ашық сұрғылт болып келеді, ал ақ қояндардың түбіті мүлдем аппақ болып өседі. Ақ қоян бұтаның түбінде бұғып жатқан кезде, бұта түбіне жел үріп тастаған қардан айырып алу қиын. Ал егер жақындай қалсаңыз, жалт береді де - ғайып болады. Ізін шиырлап кетеді. Содан соң тауып көр! Қысқа қарай қоян ғана емес, ақ тышқан мен аққулақ та түсін өзгертеді. Солтүстік құрлары жаздыгүні шұбар, ал қысқа қарай аппақ болады. Көктем шыға барлығы «киімдерін қайта ауыстырады».

Қоянның көздері шарасынан шығып, бадырайып тұрады. Сондықтан да ол қарсы алдындағыны ғана емес, екі қапталындағыны, сондай-ақ арт жағындағысын да бір мезгілде көре алады. Терісі көзге оңай байқала бермейтін болғандықтан, томардың түбінде жатқан қоянды ешкім аңғармайды, есесіне қоян айналасындағының бәрін көріп жатады.

  Жарияланған-2016-09-16 17:59:26     Қаралды-18231

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚҰЛАҒЫҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

...

Құлағыңның құрылысы мен қызметін біл. Құлақ бастың екі самай сүйектерінің ішінде орналасқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСПАН НЕГЕ КӨГІЛДІР?

...

Біздің Жерімізді көгілдір планета дейді. Бұлайша кездейсоқ аталмаған. Жерді қоршап тұрған ауа мұхиты көгілдір түстес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАҒАЗ ҮЙЛЕР ҚАЙДА САЛЫНҒАН?

...

Жапонияның кейбір аудандарында үйлер өте жұқа материалдардан салынған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮЙГЕ БАЙЛЫҚ ПЕН БЕРЕКЕ ӘКЕЛЕТІН ХОШ ИІСТЕР

...

Үйге байлық пен береке әкелетін хош иістер

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕЗДЕЙСОҚ БАЙЫҒАН АДАМДАР

...

Кездейсоқ олжадан байыған адамдар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ШӘРБӘТІ

...

Бұл - грек жаңғағының дәні мен цукат қосылған сүт-помада-кәмпит массасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »