UF

ДӘПТЕР НЕГЕ ДӘПТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?

Категориясы: Тарих


Бір кезде «еріп кететін дәптерге» ешкім де таңданбайтын. Өйткені, ерте кезде барша шәкірт атаулы, оның ішінде біздің елдегі шәкірттер де араның балауызынан жасалған дәптерге жазатын. Ал балауыз дегеннің ыстықтан еріп кететіні мәлім.

Әрине, ол кезде бұған ешкім де дәптер деп ат қойып, айдар тақпаған. Бұл әншейін жіппен байлап, қабаттап-қабаттап қойған жұқа тақтайшалар еді. Әрбір тақтайшалар қоңырқай немесе қара балауыз толтырған табақшаларға ұқсайтын.

Сол кездегі шәкірттерге обал-ақ! Мұндай «дәптерге» сабақ жазудың өзі оңай болмаған ғой!

Уақыты жеткенде оқушылардың көзі ашылып, олар төртке бүктеліп, сыртын жұқа мұқабамен тыстаған қағаз дәптерге жаза бастады. Бір қағазды төртке бүктегеннен дәптер - орысша тетрадь сөзі шыға келген.

...Мінеки, қағаз жасау фабрикасынан дәптер жасау цехына даяр орамалар келіп түсті. Олардың үлкендіктері сонша - тіпті орындарынан қозғаудың өзі қиын. Оған қалайша жазу жазарсың? Жазу жазу үшін ораманы жеке-жеке беттерге бөліп, ұзын жол немесе тор көз ғып сызады, сонан соң түптеп, тыстайды.

Ұзын жол, тор көз сызықтарды да арнаулы машина түсіріп береді. Сызық түсіргіш шеберлер машинаға қажетті сызық түсіретін бедерлі біліктер орнатады. Сонан соң бояу құйып, машинаны іске қосады.

Дәптер жасайтын ақылды машиналар сызықтарды түсіріп болған соң, қажетті мөлшерде кесіп, сыртқы тысымен бірге сым бекіткіштермен түптеп шығады.

Әр машинаның тез істейтіні сонша, бір жұмысшы бір жұмыс күнінде ондаған мың дәптерді даярлап үлгіреді.

  Жарияланған-2016-09-07 16:26:44     Қаралды-8141

Мәлімет сізге көмек берді ма

АУҒАН ШӘРБӘТІ

...

Жеміс шырындарына апельсин мен лимон бөліктері салынып, аздаған су құйылады да бәрі қосылып қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНЖІТ АЛУАСЫ

...

Қуырылған күнжіт дәні мен көпіршітілген белоктан жасалатын диаметрі 25-30 мм, ұзындығы 80-90 мм таяқшалар түріндегі тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕРГЕНДІК НЕМЕСЕ НЫСАНА КӨЗДЕУ

...

Бізге мәлім болғандай оқ ататын мылтық XIV ғасырдан пайда болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЛӨНЕРДЕ ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЛАКТАР

...

Шап-шағын кішкене қорапшаның жып жылтыр қақпағына алтындап өрнек салыныпты. Оның иесінің кім болғаны қазір белгісіз. Бұл бір кезде атақты Лукутин фабрикасынан шыққан темекі сауыт.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРПА - ДӘРІЛІК ӨСІМДІК

...

Арпа – биіктігі жарты метрге жететін, көпшілікке белгілі, бір жылдық, шөп тектес дақыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮЙЕ ЖАПЫРАҚ РАУҒАШ ЖӘНЕ ВИТТРОК РАУҒАШЫ

...

Рауғаштың медицинаға ену тарихы өте қызық. Біздің эрамыздан 2700 жыл бұрын бұл өсімдік Қытайда іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »