ДОҢҒАЛАҚ ҚЫЗЫҚТЫ ДОМАЛАҚ
Категориясы: Өнер
ДОҢҒАЛАҚ араласпайтын шаруа жоқ. Заводтар мен фабрикаларда зырыл қағып жұмыс істеп тұрған солар, ал автомобилъ доңғалақтары ауыр жүкті немесе мың сан жолаушыларды межелі жеріне дер кезінде жеткізу үшін тас жолмен зулап бара жатады.
Сонда қалай болғаны: бір доңғалақ жол бойымен зымырап тыным таппайды, оның «мен еңбек етіп жүрмін!» дегеніне келісемін. Ал екінші бір доңғалақ тұрған орнынан қозғалмай-ақ «мен де еңбек етіп жүрмін!» дейді.
Расында да, бір орнында шыр айналып, ешқайда бармайтын доңғалақтан не пайда?
Байқап қарасақ, бұлардың да пайдасы бар екен. Және пайда болғанда қандай, шаш етектен!
Дүниедегі «еңбекқор» доңғалақтардың ең байырғысы – КҮЗЕ ДӨҢГЕЛЕГІ. Ертеде кәнігі шебер күзенің жұмыр басына иленген балшық соқтасын қойып, сол қолымен дөңгелекті шыр айналдыратын да, ал оң қолымен балшықтан құмыра, жайпақ табақ немесе тостақ жасайтын. Жұмыр доңғалақ - күзелер қазір де пайдаланылады.
Тек оны қазір қышшының қолы емес, электр моторлары айналдырады.
Бәлкім, сен киіз үйдің шаңырағындай доңғалақ әткеншекке талай мінген шығарсың? Аспалы бесіктегі ыңғайлы орындыққа жайғасып отырған соң, доңғалақ тұрған орнында ақырын айнала бастайды. Сен бірте-бірте көкке көтеріле түсесің. Жоғарыдан қарағанда төмендегі қала алақандағыдай түгел көрінеді.
Теңізде кеме жүзіп келеді. Капитан: «Рульді оңға!», «Рульді солға!» деп, басқару тұтқасын ұстап тұрған адамға бұйрық береді. Бұйрықты естіген теңізші дөңгелек тұтқаны шеңбер құрсауына бекітілген сабынан ұстап, айналдыра бастайды. Ол қалай айналса, кеме солай қарай жүзеді.
КАРУСЕЛЬ - француздың «айналмалы әткеншек» деген мағынаны білдіретін сөзі. Міне, сол әткеншек - дүниедегі ең көңілді доңғалақ. Әсем әуен шалқып тұрған кезде ойыншық аттар, пілдер, самолеттер, ракеталар өздерінің шат көңілді шабандоздарымен бірге шыр айналады.
Ағаш тілетін шеберханада ерте заманнан бері ДОҢҒАЛАҚ АРАЛАР пайдаланылады. Болаттан жасалынған бұл араның, тістері әрі берік, әрі өткір. Доңғалақ шыр айналса болды, оның қылпып тұрған тістері бөренеге сіңіп кете барады.
ТЕАТР ДОҢҒАЛАҒЫ да әткеншекке ұқсайды. Міне, көрермендердің көз алдында - тап-тұйнақтай бөлме. Кенет сахна айнала бастайды. Столды, орындықтарды, диванды алып кетіп, қарсы алдымызға мәуелі ағаштарды, шоқ-шоқ бұталарды алып келеді. Бөлме орнында - қалың орман.
Жарияланған-2016-09-04 20:59:47 Қаралды-3857
ТІРІ «МҰРАЖАЙҒА» АЙНАЛҒАН АҒАШ
Бұл ағашты алғаш рет 1690 жылы байқап көңіл аударған Жапониядағы голландия елшісі дәрігер Е.Кемпфер болған. Е.Кемпфер байқап қана қоймай, 1712 жьшы толық сипаттап «гинкго» - деп атаған. «Гинкго" - жапон тілінде «күміс жеміс» - деген мағынаны білдіреді.
«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ»
«Қорқыт ата кітабы» (ежелгі түркі тілінде - «Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан») - оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Кітаптың ғылымда он екі нұсқасы белгілі. Дрезденде 12 нұсқа толығымен және Ватиканда осы 12 нұсқаның алтауы сақталған.
ҚАЗАНАҚ - ДИЗЕНТЕРИЯҒА ҚАРСЫ
Қазанақ – қысы-жазы көгеріп тұратын, биіктігі 1 метрге дейін жететін, бас айналдырып, кісіні есеңгіретіп тастайтындай күшті иісі бар өсімдік.
БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ
Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!
СҮЗБЕ МАССАСЫ
Сүзбе жақсылап араластырылып, үккішпен үгітіледі де қаймақ, қант қосылып, бәрі жақсылап араластырылады.