UF

ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

Категориясы: Технологии


Дүкенге жіберер алдында жұмысшы пышақ жүзін тегістегіш станокпен айнадай ғып жалтыратыпты.

Пышақтың өзін жасаған кім дейсің ғой. Оны жасаған ұстақалыптағыш. Ол болат қаңылтырды ұста машинасына салып, балға-тұтқаны іске қосады. Жоғарыдан гүрс етіп балға соғылады! Сол кезде болат қаңылтырдан саудырап ондаған пышақ шығады. Осыдан кейін болат қаңылтырға қарасаң, ойылып-ойылып қалған ондаған ұзынша сопақ тесікті көресің. Оның әрқайсысы пішіні жағынан пышақтан аумайды.

Әйтсе де болат қаңылтыр қайдан шықты? Оны аса ірі прокат станынан шебер прокатшылар болат кесектерінен алған.

Ал болат кесектерін ше?

Жұмысшы-балқытушылар болатты алып пеш - мартенлерде пісіреді.

Сонда болатты неден пісіреді?

Шойыннан. Жұмысшы-домнашылар шойынды темір кентасынан алып пештерде - домналарда қорытады.

Кентас қайдан шығады?

Кеншілер оны жер астынан қазып алады.

Олар кентасты қалай іздеп тапқан?

Геологтар көмектескен.

Әдеттегі жүзі бар пышақ дүниеге келу үшін қаншама адам мен машина жұмыс істейді.

Қандай зат болмасын: мейлі ол жейде мен велосипед болсын, я шай кесе мен электр шамы болсын, тіпті шарикті қаламсап пен телевизор болсын, не турбина мен тепловоз... болсын - бәріне де дәп осылай маңдай тер төгіледі.

Кез келген затты - не үлкен не кіші демей, я қарапайым, я күрделі демей, оны жасау үшін әр түрлі кәсіп шеберлері ерінбей, ерекше ықыласпен еңбек етуге тиіс.

Әр түрлі кәсіптің жұмысшылары ғана емес, сонымен бірге әр түрлі кәсіптегі заводтар да бірлесіп, ынтымақтасып жұмыс істейді. Екі завод арасы жүздеген шақырым шалғай жатады, ал соған қарамастан тізе қосып еңбек етеді.

Темір жол бойымен поездар жүйткиді. Ащы ішектей шұбатылған вагондарға заводтардың біріне-бірі жөнелткен жүктері тиелген. Олар қосақтарын жазбай станок жасайтын заводқа маңдай тіреп: «Міне, болашақ станоктарыңыздың электр моторлары!» - десе, станок жасаушылар: "Жаңа цехтарыңыз үшін станоктар жөнелтіп отырмыз!" - деп жауап береді.

Металлургтер подшипник заводына сәлемдемеге металл тиеп жіберсе, олар «сыйға сый» деп, жаңа прокат станына подшипниктер жөнелтіп жатады.

Мұнайшылар химия заводтарына мұнай, ал химиктер оларға бұрғылау машиналарын майлайтын май береді. Осылай бар завод біріне-бірі қол ұшын беріп, көмектесіп тұрады. Әрқайсысы өз жұмыстарын орындайды, ал барлығы бірігіп ортақ іс тындырады.

  Жарияланған-2016-09-04 19:20:39     Қаралды-3358

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАҢҒАҚ ПЕЧЕНЬЕСІ

...

Кастрюльге қант, ұнтақталған жаңғақ және жұмыртқаның сары уызы салынып араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

"АҚШАҚАР ЖӘНЕ ЖЕТІ ГНОМ" - ЕНДІ LEGO-ДА!

...

LEGO ертегіге негізделген жаңа қызықты құрылыс жиынтығын ұсынды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСТАНА

...

Астана деп мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығын айтады. Ол елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала болып табылады. Біздің еліміздің бас қаласы Астана болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЙВАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Айва жемісінің құрамында қант, алма, лимон қышқылдары, пектин, илік заттары және С витамині болатын ағаш. Шикілей жеуге жағымсыз, себебі жемісінде илік заты көп, тілді қуырып, ауызды құрғатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАҒАЗ ҚАЙ ЖЕРДЕ «ӨСЕДІ»?

...

Қағаз қай жерде "өседі"?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДОЙБЫ ТАРИХЫНАН

...

Дойбы ойынының да тарихы өте ертеден басталатын өнер өнер беуге толық дәлел бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »