UF

АРАЛДАР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН?

Категориясы: География


Егер судың мөлдірлігі тап ауа сияқты болса, онда кемемен жүзіп келе жатып тереңдегі небір тау жоталары мен шатқал шыңдарды, тіп-тік құлама жартастарды көруге болар еді. Ал теңіз бетіне сол су асты тауларының біраз бөлігінің шығып тұратын кезі де болады. Біздің арал деп жүргеніміз - сондай тау жоталары.

Теңіз астында бұғып жатқан жанартаулар қаншама. Олар атқылаған кезде, балқыған лава қатпар-қатпар болып теңіз түбіне шөге береді. Осындай лава қатпары қалыңдай-қалыңдай ақыры су бетіне арал болып шығадьп Тынық мұхиттағы Гавай және Куриль аралдары осылайша пайда болған.

Бір жерде құрлықты су басып, енді бір жерде суды құрлық ығыстыратын кезі болады. Міне, сондайда су астындағы жердің ең биіктеу тұсы судан шығып қалары сөзсіз. Аралдың, міне, осылай пайда болатын түрлері де бар.

Ал Англия мен Ирландия орналасқан аралдардың қалай пайда болды? Бұл өңір бір кездерде тұта: құрлық болатын. Бұл күнде теңіз қойнауындағы Ла-Манш бұғазынан төсімен толқын жарған кемелерді жиі көруге болады, ал бір замандарда ол жерде үйір-үйір мамонттар жайылып жүретінді. Күндердің күнінде жегі отырып, төмен түскен. Ойпаңға айналған кең алқапты теңіз сум басып, құрлықты арал-аралға бөліп тастаған.

Аралдардың ішінде тап бір әдейі қолдан тұрғызылғанда болып келетіндері де бар. Оны тұрғызушылар адамдар емес, теңізде тіршілік ететін кіп-кішкентай жәндіктер. Олар - маржан полиптері деп аталады.

Маржан полиптері былайша айтқанда теңіз суынан әк өндіріп, содан өздеріне шағын ғана қабыршақ-үйшік жасайды. Бұл теңіздің титімдей ғана тұрғындары негізінен күн көзіне жақынырақ жердегі жылы суды ұнатады. Сондықтан олар кабыршағын теңіздің жартасты жағалауына, немесе су астындағы таулардың ұшар басына салады. Осындай суы жылы тіршілікке қолайлы жердегі маржан полиптерінің көптігіне тіпті сан жетпейді.

Белгілі бір уақыт өткенде ғұмыры таусылған полиптег қабыршағының үстінен екіншісі келіп өз «үйін» тұрғызады. Осылайша полиптер құрылысы биіктей береді; үстіңгі салмақтың салдарынан кеуек қабыршақтар жаншылып, нығыздалып, бір-біріне жабысып тасқа айналады. Арада ғасырлар өткенде су астындағы шың басында ғажайып құрылыс пайда болады.

Жер әлгі су астындағы тауды сәл-пәл жоғары көтеріңкіресе болғаны, тау шыңының ұшар басы  теңіз бетіне шыға келеді. Ал маржан полиптері өз жұмысын ешқашан тоқтатпайды, бетінде де құрылысын сала береді, сала береді... Осылайша маржан рифі - бір-біріне жалғасып жатқан маржан жартастарының сілемі, кейде тіпті шағын аралдар дүниеге келеді. Ал маржан полиптері сөнген жаңартау кратерінің жиегін айнала соныстанған жағдайда су бетіндегі арал төңкерілген алып бөрікке ұқсап жатады. Бұл шеңберленіп біткен аралдың ортасында дөп-дөңгелек «көлі» болады. Мұндай аралдарды - атолдар деп атайды.

  Жарияланған-2016-08-26 16:52:52     Қаралды-4648

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ

...

Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы, нард, калах тағы басқа ойындар секілді арнаулы тақтада ойналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СПОРТ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН

...

Дүниежүзілік спорт түрлерінің ішінде зор бедел иесіне айналған спорт түрі - спорттық гимнастика.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БОЛАТ САРЫБАЕВ

...

Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927-1985 жж.) қазақ халқының музыка зерттеу саласында мол еңбек сіңірген аса көрнекті музыкант. Оның өнерге деген құштарлығын аңгарған Дина Нұрпейісова өз домбырасын сыйға тартады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕЙІЗ ҚОСЫП, ЖҮГЕРІ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ТОҚАШ

...

Салқын белок шайқалып, әбден көпіршітіледі. Оған аз-аздан қант себіледі (қантқа алдын-ала ванилин қосылады).

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛЬБОМ СӨЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Егер ежелгі римдіктен «Альбомның» не екенін сұрасаң, ол: «Альбом - ақ тақта. Латынша «альбум» - аппақ деген сөз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРАҚАТ ЖӘНЕ ТОШАЛА ТҮРЛЕРІН ӨСІРУ, ОЛАРДАН ӨНІМ АЛУ

...

Қарақат (смородина) пен тошала (крыжовник) бұталы өсімдіктер болып есептеледі. Бұлардың атпа тамырлары болмайды. Негізгі түбінен көптеген шыбықтар өседі. Шыбықшалар түпке жақындаған сайын көп болса, соншалықты берік болып өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »