UF

КҮН НЕЛІКТЕН ЫСТЫҚ?

Категориясы: Ғарыш


Алау сөніп қалмас үшін оған үнемі құрғақ бұта немесе шөпшек салып тұру керек. Мұны жұрттың бәрі біледі.

Ал Күн неге сөніп калмайды? Неге ол миллиард жылдар бойы осылай жап-жарық болып сәуле шашып, ып-ыстық болып жылу төгіп тұр? Неге ол керемет ыстық? Күннің бетінде жанып бітпей жатқан қандай «отын»?

Мүмкін, бұл - көмір шығар? Бір кезде ғалымдар дәл солай деп ойлаған. Содан соң есептеп те көрген: мұндай отын неше жылға жетеді екен деп. Сөйтсе... қанша мол болса да көмір баяғыда-ақ жанып бітуі тиіс, Күн ендігі сөніп те қалуы керек екен.

Уақыт өте берді, жұмбақтың шешуі табылмады, ал Күн бұрынғысынша жарқырап сәуле шашты да тұрды:     «Менің сырымды біле алмадыңдар ғой? Әуре болмаңдар, бәрібір ештеңе шықпайды. Оның үстіне мұны білудің сендерге керегі қанша?» - деп, мазақ қылатындай «Керегі  қанша» деген не сөз?! Егер Күннің құпия сыры ашылса, онда Жердің өзінде кішкентай ғана жасанды күнді қолдан жасап алуға болады. Біреу-екеу емес, қанша керек болса соншасын. Өйткені күн энергиясынан арзан нәрсе жоқ. Көмірді, мәселен, жер астынан қазып алу керек, темір жол платформаларына, немесе баржаларға тиеу керек, содан соң электр станцияларына жеткізу керек. Оның үстіне, жыл өткен сайын көмір де, мұнай да, газ да азайып, олардың жер астындағы қоры бірте-бірте сарқылып барады, ал күн энергиясының қоры керемет мол! Оны алу үшін мұнай тартқандағыдай терең скважиналарды бұрғылап та, көмір өндіргендегідей жер асты шахталарын қазып та қажеті жоқ. Тек осы «ғажайып отынның» сырын ашу керек! Кемелер мен самолеттер де, поездар мен машиналар да күн энергиясынан қуат алар еді, күн энергиясы біздің үйлерімізді жылытып, қақаған қыстың өзінде бау-бақшаларымызды мәуеге толтырар еді. Кішкене күн қызметтің қандай түрін болмасын жасар еді ғой!

Жұмбақтың шешуі ойламаған жерден табылды. Бірсыпыра ғалымдар күн жанармайын іздеп жатқан кезде, екінші бір топ ғалымдар дәл осындай маңызды басқа бір іспен айналысты: олар бір затты екінші бір затқа айналдыруды көздеді. Мысалы, сутегі газын - гелий газына, гелийді - қатты көміртегіне, көміртегіне, көміртегін - магний металына, магнийді - кремнийге, ал кремнийді - темірге! Темірден жасалмайтын нәрсе жоқ қой. Жеңіл, буалдыр сутегі газын тракторға немесе тепловозға айналдырса қандай тамаша!

Бұл, әрине, ғалымдардың өзі үшін қиын шаруа еді, бірақ олар ақыры істің тетігін тапты. Оның үстіне мұндай бір калыптан екінші қалыпқа көшу кезінде (бұл - ғылым тілінде «реакция» деп аталады) өте көп мөлшерде жылу алуға болатыны анықталды! Міне нағыз ғажап! Ойлап көріңдер. Керемет үлкен кеме алыс сапарға жол шекті дейік. Трюмдері бос. Тау қылып көмір тиеу, теңкиген резервуарларын мұнайға толтыру орнына капитан...кішкентай ғана бұршақ алуға жарлық береді! Кеменің электр станциясы қалай жұмыс істемек? Құртақандай жанармай каншаға жетеді? Толығымен жетеді! Егер «бұршақтың» кұрамындағы затты басқа бір затқа айналдырса, одан бөлінген энергия кеменің тура бір жыл жүзуіне жарап жатыр.

Бірақ бір кілтипан бар: жаңағыдай ғажайып түрленулерді жүзеге асыру үшін ерекше жағдайлар керек, ал бұл әзірше Жер бетінде шешілмеген мәселе.

Жер бетінде жасау мүмкін емес екен, әлде басқа бір тарапта осындай жағдайлар бар шығар? Міне, осы кезде ғалымдардың есіне Күн түседі! Күн бетінде мұндай түрленулерге (реакцияларға) деген мүмкіндікте шек жоқ! Онда сутегі газы дегенің де ұшан-теңіз: Күн тұтасымен дерлік осы сутегі газынан тұрады. Міне, ақыры «сиқырдың» сыры ашылды, «ғажайып отынымыз» - сутегі газы екен! Сутегі гелийге айналады, гелий - көміртегіне... Міне, Күннің ғаламат ыстық болу сыры! Күннің қаншама заманнан бері сөнбей тұрғаны да осы себепті.

Ғалымдар Күннің жанармайы қаншаға жетер екен деп есептей бастады. Есептеді, есептеді, акыры өздері де жаңылыса бастады - жанармай сұмдык көп жылға жетеді екен. Бірак сутегі сонша мол болғанымен, әлде-бір заманда оның да қоры таусылады ғой, барлық жанармай жанып біткенде не болмақ? Күн сөне ме? Саспа, оған дейін ғалымдар да бірдеңе ойлап табатын шығар...

  Жарияланған-2016-08-26 11:58:33     Қаралды-7363

Мәлімет сізге көмек берді ма

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСКӨК

...

Аскөк – биіктігі 1,5 метрге жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, жұмыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛАШОРДА

...

Алашорда - Алаш автономиясының үкіметі. Алашорда Ұлт Кеңесі деп те аталды. Үкімет 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда өткен II Жалпықазақ съезінде сайланды. Алашорда мүшесі болып Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам сайланды. Үкіметтің т

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМДЫ ГРИЛЬЯЖ

...

Жармаланған бадам қосылған, қант-сірне шырынында қайнатылған, жалпақ төрт бұрышты шыны тәрізді қатты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰЛАҚТЫ БАТ-БАТ

...

Құлақты бат-бат - негізінен, құмды мекендейтін жануар. Інін қатты жерден 1 метрге дейінгі тереңдікте қазады. Қауіп төнсе, құмға кіреді де, басын шығарып, ештеңе байқалмаса, суырылып кете береді. Кейде аяқтарын тарбитып, денесін ширықтырып, аузын кең ашып,

ТОЛЫҒЫРАҚ »