UF

КҮН ҚАЙДА ҚОНЫП ШЫҒАДЫ?

Категориясы: География


Аспандағы Күн ертеден қара кешке дейін жер бетіне сәулесін шашады, жылуын төгеді. Тал түсте қақ төбеде тұрса, бесінге қарай төмен түседі, екіндіде одан ары еңкейе келе, ақыры ұясына қонақтайды, содан соң көкжиектен асып, мүлде көрінбей кетеді. Ал, әуесжан, сен ғой дәл сол кездерде, немесе ұйқыға жатар алдында талай рет ойладың, осы Күн қайда кетеді деп. Қайда тығылып қалды, түні бойы не істейді деп.

Күн ешқайда да кеткен жоқ. Жарық күн мен қараңғы түннің алмасуына себепкер Жердің өзі. Біздің планетамыз өз кіндігінен өзі тынымсыз айналады, міне, осылай шыркөбелек айналған кезінде Жер Күн сәулесіне әуелі бір жақ бүйірін, содан соң екінші жақ бүйірін кезекпе-кезек тосады.

Сонда қалай? Планетамыз тынымсыз айналып тұрады екен, тоқтаусыз қозғалады екен, ал біз ештеңені байқамайтын, түк сезбейтін болғанымыз ба? Ал, сен самолетте ұшып көрдің бе? Кемемен жүзіп көрдің бе? Поезға міндің бе? Ондай алыс сапарға шықпаған болсаң, машинаға талай отырдың ғой. Құйғытып атпен де шаптың. Ойлап көрші, сонда ғой, жүріп келе жатқан, шауып келе жатқан сенің өзің емес, маңайыңдағы нәрселер сияқты болып, -  үйлер, адамдар, егінжай мен орман-тоғайлар өзінен-өзі жылжып, қатарласа жарысып келе жатқандай көрінеді.

Жердің қозғалысы да осы сияқты. Планетамыз айналған кезде оның бетіндегі барлык нәрсе - таулар мен теңіздер, орман мен дала, адамдар мен ауыл, қалалар бәрі де қоса «жүріп» отырады. Бірақ бұл қозғалысты байқау қиынырақ, өйткені Жер ешқандай дыбыссыз, селкілдемей, шайқалақтамай, бірқалыпты айналады.

Ал енді, күн мен түн қалай алмасатынына біржола көз жеткізу үшін кешкілікте кішкентай ғана тәжірибе жасайық. Ол үшін бізге: бір алма, май шам және біреуі ақ, біреуі көк - екі жалауша керек. Жанып тұрған май шам - Күн екен дейік, алма дегеніміз - Жер, ал оның екі жақ бүйіріне шаншылған жалаушалар - біздің үйіміз болсын.

Енді қараңдар... Алманың жартысына жарық түсіп түр, екіншісі жартысы көлеңкелі. Яғни ақ жалауша - ақ үй тұрған жақта күндіз, ал көк жалауша - көк үй тұрған жақта түн екенін көреміз, мұндағы адамдар ұйықтап жатыр. Алманы ептеп айналдырайық, енді ақ үй көлеңкеге көмілді, бұл жақта түн болды, оның есесіне көк үйге күн шықты. Біздің ойыншық Жеріміз бір айналып шыққанда осындай болды. Ал шын Жер өзінен-өзі толық бір рет айналып шығуы үшін 24 сағат уақыт керек. Бұл - бір күн, бір түн: екеуін қосқандағы уақыт тәулік деп аталады.

  Жарияланған-2016-08-25 16:41:35     Қаралды-6212

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЕҢ БЕРІК, ЕҢ ЖҰМСАҚ ҚАЙ МЕТАЛЛ?

...

Әуелі ең берік металл туралы. Оның аты – титан, күміс түсті - ақ, сыртқы түр: болатқа ұқсайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҮКЖИДЕК КӘМПИТІ

...

Мүкжидектің іріктеп алынып, жуылған жемістері кастрюльге салынып, үстіне су (1 килограмм жеміске 1 стакан) құйылады да жұмсарғанша қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМ ҚОСЫЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҚУЫРМА-ҚАТТАМА (печенье)

...

Бадам іріктеліп алынып, үккішке салынып ұнтақталады. Арнайы бадам үккіш болмаса, бадамды қантпен және екі жұмыртқаның ағымен араластырып, көзі кішкентай ет тартатын машинкадан 2-3 рет өткізу қажет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОСМОНАВТҚА СКАФАНДР НЕГЕ ҚАЖЕТ?

...

Мінеки, ғарыш кеме ұшатын жерге автобус келіп тоқтайды. Одан түсіп жатқан ғарышкерді бірден танисың: кигендері – скафандр, ғарышқа ұшуға лайықталған арнаулы киім.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙТА ӨҢДЕЛГЕН ПЛАСТИКТЕН ЖАСАЛҒАН BARBIE ҚҰЫРШАҚ

...

Америкалық компания қайта өңделген пластиктен жасалған Barbie қуыршақтарын шығарды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СПЕЛЕОЛОГИЯ ІЛІМІ ӘЛЕМГЕ НЕ БЕРЕДІ?

...

Ол - адамзаттың тарихи-әлеуметтік аядағы даму эволюциясын танып-білу үшін, рухани жеттігіуіміздің тегін тектеу үшін, сонсоң туған жер төсіндегі саналы тіршілік сабақтастығын бажайлау үшін қажет дер едік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »