UF

УҚОРҒАСЫН – НЕВРАЛГИЯНЫ ЕМДЕЙДІ

Категориясы: Өсімдікті


УҚОРҒАСЫН – АКОНИТ ДЖУНГАРСКИЙ

Уқорғасын – биіктігі 1 метрден асатын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы бір-бірімен тізбектеле байланысқан көптеген түйнектерден тұрады. Сабағын кейде түк басқан, кейде түксіз жылтыр болып келеді және түзу өседі. Тамыр жапырақтары өсімдік гүлдей бастағанда құрап қалады. Сабақ жапырақтарының сағақтары бар. Өсімдіктің жоғарғы ұшындағы жапырақтары отырмалы, сына тәрізді 5 бөліктен тұрады. Әр бөліктің өзі жіңішке 2-3 жапырақша құрайды. Гүлдері көкшіл түсті, ірі, өсімдіктің ұш жағында шоғырланған. Гүл тостағаншасы да гүл тәжі сияқты 5 жапырақшадан кұралады. Оның ең жоғарғы жапырақшасы басқаларының үстін жауып төмен қарай салбырап тұрады. Уқорғасын маусым-шілде айларында гүлдейді, шілде-тамыз айларында жеміс береді.

Қазақстанда біріне-бірі өте ұқсас Жоңғар уқорғасыны мен Қарақол уқорғасыны өседі. Екеуінің де дәрілік қасиеттері бірдей. Қарақол уқорғасынының биіктігі 2 метрге жетеді. Өсімдік тау басындағы шабындықтарда, бұталардың арасында, орманды жерлерде өседі. Дәрі жасауға өсімдіктің тамырын пайдаланады. Құрамында аконитин, аконин, мезаконин, типаконитин, зонгорин деген алкалоидтер бар.

Уқорғасын халыққа өте ертеден-ақ белгілі болған. Өсімдікті садақ оқтарын улауға, қасқырды, жолбарысты өлтіруге пайдаланған. Уқөрғасынның құрамындағы аконитин алкалоиды аса улы. Оның 0,003-0,004 грамының өзі-ақ адамды уландырып өлтіріп жіберуі мүмкін. Өсімдіктің тамыры да аса улы.

Уқорғасынның спиртті тұнбасын дене сыртына жағу арқылы бастың сақинасын, тіс, ревматизм, подагра ауруларын және невралгияны емдейді. Өсімдіктің тамырын жинаған кезде сақ болған жөн. Өйткені тамыр тұйнегінің уы қолдың терісі арқылы денеге сіңуі мүмкін. Одан адам уланса, денесінің әр жері қышиды. Ауыздың, өңештің, жұтқыншақтың, қарынның қабырғаларынан жан кетіп қалған сияқты сезіледі. Адамның аузынан сілекей ағады, басы айналады, тоңып қалтырайды. Қөзінің қарашығы үлкейеді. Мұндай жағдайларда тезірек дәрігерге көрінген жөн.

  Жарияланған-2016-07-15 17:30:50     Қаралды-9313

Мәлімет сізге көмек берді ма

КҮРЕҢОТ - НЕРВ ЖҮЙЕСІН ТЫНЫШТАНДЫРАДЫ

...

Күреңот – биіктігі 2 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМНІҢ 9 ТАҢҒАЛАРЛЫҚ АҒАШТАР

...

Өсімдіктердің мыңдаған түрлері жер шарының түкпір-түкпірінде өсетін ғаламат ағаштар, оның ішінде 9 түрлері төменде келтірілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ТҮПНҰСҚА

...

Біз картинаны не мүсінді көріп: «Бұл түпнұсқа ғой», - деп ерекше ізет білдіреміз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

РЕПРОДУКЦИЯ ДЕГЕН НЕ?

...

Журнал мен кітап бетінен кейде суретшілердің картиналарын да ұшырастырамыз. Бірақ олар өнер туындыларының түпнұсқасы емес, репродукциялары ғана.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛ БОЙЫ КҮНДІЗ БОЛЫП ТҰРУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Қабырғада күнтізбе ілулі тұр. Бір жылда қанша күн болса, онда да соншама парақ бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАЛКИІЗ ТІЛЕНШІҰЛЫ

...

Шалкиіз Тіленшіұлы - қазақтың ортағасырлық жыраулық поэзиясының аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шамамен 1465-1560 жылдары өмір сүрген ол Батыс Қазақстан жерінде дүниеге келген. Шалкиіздің шығармаларына Қазтуған, Асан Қайғы және Қодан Тайшы ақындардың жырла

ТОЛЫҒЫРАҚ »