ІЛЕ ҚҰРТҚАШАШЫ – ҚАҚЫРЫҚ ТҮСІРЕДІ
Категориясы: Өсімдікті
ІЛЕ ҚҰРТҚАШАШЫ – КАСАТИК ИЛИЙСКИЙ
Іле құртқашашы – биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры жуан, ақ түсті, көптеген қосымша тамырлары бар. Сабағы жоғарғы жағында бұтақтанған. Тамырдан өсіп шыққан жапырақтары семсер тәрізді. Сабақтан өсіп шыққан жапырақтары сопақшалау болып келеді. Гүлдері – ірі, өте әдемі, көкшіл түсті. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Іле бойындағы шабындықтарда, құмды жерлерде қалың болып өседі. Қейде сәндік өсімдік ретінде де егіледі.
Қазақстанда құртқашаштың 21 түрі бар. Осылардың ішінде қылыш құртқашаш, орыс кұртқашашы, сібір құртқашашы, ірі жапырақты құртқашаш және тағы да басқа түрлері кездеседі. Дәрілік мақсат үшін құртқашаштың тамырын қазып алады. Оның құрамында эфир майлары, иридин гликозиді, қант, крахмал, майлар бар. Тамырынан жасалған дәрілердін қақырық түсіретін, іш түйіліп ауырғанда тыныштандыратын қасиеттері бар.
Жарияланған-2016-07-15 17:25:01 Қаралды-3397
ШАҚ-ШАҚ
Үн, сүт, қант, жұмыртқа, аздап арақ қосылып, жұмсақ қамыр иленеді. Ол бірнеше бөлікке бөлініп, 1 сантиметр қалыңдықта созылады. Созылған қамыр самырсын жаңғағының үлкендігіндей етіліп туралып, қуырылады. Бәрінің бірдей қуырылуы үшін араластырып тұру керек
ҚАЛАҚАЙ НЕГЕ КҮЙДІРЕДІ?
Туралған пияздан басқа бірде-бір өсімдік балалардың көз касын дәл осындай көлдеткен емес.
ҚАСҚЫР
Қазақстанның барлық аймақтарында таралған жыртқыш аңдардың бірі - қасқыр. Дене тұрқы асыранды иттей. Қасқыр асыранды иттің арғы жабайы тегі деп есептелінеді. Топтанып тіршілік етеді, қорегін көбіне түнде аулайды.
ШАБУ ҚАРУЛАРЫ
Қазақтардың шабу қаруы үш түрге бөлінеді. Бірінші түрі - жүзінің жалпақтығы орташа келген «жауынгерлік балта». Екінші түрі - жүзі жалпақ, жарты ай сияқты дөңгелене келген «айбалта».
ҚОЖАҚАТ – ДЕНЕГЕ ҚУАТ
Қожақат – биіктігі 1-3 метрге жуық жартылай бұталы өсімдік. Сабағы жерге төселіп өседі, немесе тік өсіп барып майысып тұрады.