UF

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҰЛЫ ИМПЕРИЯСЫ

Категориясы: Тарих


Шыңғыс хан империясы - XII-XIII ғасырларда Орталық Азиядағы көшпелілер тайпасынан шыққан ұлы қолбасшы Шыңғыс хан (Темучин, 1162-1227 жж.) мен оның ұрпақтары құрған мемлекеттердің ортақ атауы.

Шыңғыс хан мен немерелері дүние жүзінің төрттен үш бөлігінде екі жүз жылға жуық уақыт (1182-1368 жылдар аралығында) билік кұрды. Олардың ортақ иелігінің аумағы шығыста - Тынық мұхиттан бастап, батыста - Альпі тауларына дейін, оңтүстікте - мәмлүктер билеген Мысыр (Египет) елінен солтүстіктегі Сібір ормандарына дейін созылып жатты. Империяның астанасы 1264 жылға дейін Қарақорым қаласы болды.

Империяның негізін қият руының көсемі Есугей батырдың ұлы Темучин қалаған. Ол өзінің әскери дарыны мен қолбасшылық қабілетінің, батылдығы мен көрегендігінің арқасында негізгі жауларын бас көтерместей етіп талқандады да, орасан зор аумақты басып алды. Осы жеңістерімен бытырап жүрген тайпалардың басын біріктіруі оның атақ-абыройын көтерді. Барлык ру-тайпалар енді оны өздерінің бірден-бір билеушісі ретінде мойындады. Сөйтіп, 1206 жылғы Құрылтайда ол әлемнің әміршісі - Ұлы қаған болып жарияланды. Ақсүйектер оған Шыңғыс хан есімін берді.

Шыңғыс хан басып алған жерлерін көзі тірісінде өз ұлдарына еншіге үлестіреді. Кіші ұлы Төлеге - Моңғолия, үшінші ұлы Үгедейге - Батыс Моңғолия, Ертістің жоғарғы ағысы мен Тарбағатай аймағы, екінші ұлы Шағатайға - Шығыс Түркістан, Жетісу мен Мәуереннахрдың көп бөлігі, үлкен ұлы Жошыға - Ертістен батысқа қарай Жетісудын солтүстік бөлігі және Еділдің төменгі ағысының бойына дейінгі жерлермен қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ тиесілі болады.

Бүгінгі Қазақстан аумағы ертеде Шыңғыс хан империясының үш ұлысының кұрамына кірген: үлкен (далалық) бөлігі - Жошы ұлысына, оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі - Үгедей ұлысына караған.

Шыңғыс хан империясының аумағын 1242 жылдан бастап Ұлы қағанның немерелері бөліп алып, дербес мемлекеттерге айналдыра бастайды. Империядан 1242 жылы Алтын Орда, 1256 жылы Елхандар (Илхандар) мемлекеті, 1264 жылы Юань патшалығы бөлініп шығады. Империяның орталық аймағы батысындағы Шағатай ұлысымен бірігіп, дербес мемлекетке айналады. Осы ұлыс аумағында 1346 жылы Моғолстан, ал 1370 жылы Әмір Темір мемлекеттері құрылады.

  Жарияланған-2015-11-12 16:26:15     Қаралды-10752

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛАКӨЛ

...

Алакөл - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аралығында орналасқан үлкен көлдердің бірі. Ұзындығы - 104 км, ең терең жері - 54 м. Ертеректегі таулардың қайта көтерілуінен болған Тетис теңізінен бөлініп қалған су қоймасы. Алакөлдің бірнеше атауы бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ НЕМЕН ЖАЗҒАН?

...

Ертеде желім, күйе және су қоспасы қолданылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА САМБУГЫ

...

Жуылып, ортасындағы өзегі алынған алмалар аздаған су қосылып пісіріледі де үккішпен үгіледі. Алманың ортасына және үккішпен үгілгеннен кейін қалған сығындының үстіне су құйылып

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА СІЛІКПЕСІ

...

Қабығы мен дәні тазартылған алма ұзынынан бөлініп, жақсылап қайнатылады. Қайнатылған алмаға қант, лимон қышқылы және бөккен желатин қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАС ЖЕМІС НЕМЕСЕ ЖИДЕК АРАЛАСТЫРЫП ШАЙҚАЛҒАН ҚАЙМАҚ

...

Рецептіде көрсетілген жемістер жақсылап жуылып, үстіне шайқалған кілегей құйылады. Дастарқанға қант ұлпасы қоса әкелінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ

...

Доспамбет жырау - қазақтың белгілі ақыны әрі қолбасшысы. XV ғасырдың 90-шы жылдары Азау қаласында (қазіргі Ростов облысында) дүниеге келген. Ол Кіші Ноғай ордасының әскери шонжарлар отбасынан шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »