UF

КҮРЕҢОТ - НЕРВ ЖҮЙЕСІН ТЫНЫШТАНДЫРАДЫ

Категориясы: Өсімдікті


КҮРЕҢОТ КИПРЕЙ УЗКОЛИСТНЫЙ, ИВАН-ЧАЙ

Күреңот биіктігі 2 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Жапырақтары ұзынша, кезектесіп орналасқан. Сабағы тік өседі, гүлдері қызыл, кейде ақ түсті ұзын, масақ тәрізденіп шоғырланып тұрады. Жемісі - ұзынша келген жіңішке қауашақ, ішінде көптеген дәндері бар.

Тау беткейлеріндегі шабындықтарда өседі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жапырағын жинайды. Құрамында херофиллин деген алкалоид, илік заттар, С витамині бар. Бұдан жасалған дәрілердің нерв жүйесін тыныштандыратын, қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. М.Н.Баринановтың мәліметтеріне қарағанда, салыстырылған 50 өсімдіктің ішінде күреңот қабынуға қарсы әсер егуі жағынан бірінші орын алады. Халық медицинасында асқазанға жара түскенде, бас ауырғанда, ішек қабынғанда бұл өсімдікті шай ретінде демдеп ішеді.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 15 грамм өсімдікті 1 стакан кайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3 рет тамақ алдында ішеді.

  Жарияланған-2016-07-13 16:15:54     Қаралды-4201

Мәлімет сізге көмек берді ма

АТУ ҚАРУЫ

...

Қазақ халқының ату қаруы жақ (садақ) деп аталған Жақтар әр түрлі материалдар (ағаш, тарамыс, мүйіз, сүйек, тері, қайыңның тозы) пайдаланған бірнеше бөліктерден құралған. Жақтың жеке жасалып, атуға арналған бөлшегі - оқ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОРТПА

...

Бекіре тұқымдастардың ішіндегі өте ірісі - қортпа. Қортпаның (белуга) ұзындығы 4 м-ден астам, салмағы – 1-1,5 тоннаға дейін барады. Бірақ Каспий теңізінде аулағанда көбіне ауға салмағы 46-64 кг келетін қортпалар түседі. Терісі сауыт тәрізді келеді. Денесі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИНГ-ПОНГ ОЙЫН ТУРАЛЫ

...

Үстел теннисі 19 ғасырдың сексенінші жылдары Англияда пайда болды деп есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭСТАМП ДЕГЕН НЕ?

...

Суретшінің картинасы тек бір ғана дана күйінде сақталатын түп-нұсқа болып есептеледі. Эстамп та сондай түпнұсқа.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕСШАТЫР ЕСКЕРТКІШІ

...

Бесшатыр - көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіштерінің бірі. Ол Жетісу өңіріндегі Желшағыр тауының бөктерінде орналасқан. Бесшатыр қорымының құрамында 31 оба бар. Бұл ескерткіш б.з.б. VI -V ғасырларға жатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »