UF

БЕС САЛАЛЫ САСЫҚ ШӨП

Категориясы: Өсімдікті


БЕС САЛАЛЫ САСЫҚ ШӨП – ПУСТЫРНИК ПЯТИЛОПАСТНЫЙ

Бес салалы сасық шөп – биіктіғі 1,5 метрге жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабақтары ұзын, түзу, түк басқан, төрт қырлы. Жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан, төменгі жапырақтары жұмыртқа тәрізді, бес салалы, ортадағылары үш салалы, ұштары сүйір, жоғарғы жапырақтары жіңішке. Барлық жапырақтарыда ірі, ара тісті. Гүлдері қос ерінді, жоғарыдағы жапырақтарының қуысында шоғырланып тұрады. Гүл тәжі ашық қызыл, гүл серігі өткір біз тәрізді. Жемісі – үш қырлы кішкене жаңғақша. Ол маусым-шілде айларында гүлдейді. Тау етектерінде, орманның аралықтарында, тастақты беткейлерде, арықтың маңайында, жайылымдарда өседі. Дәрі үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігінің жоғарғы жағын орып жинап алады. Құрамында леонурин, стахидрин, кверцетин, рутин, сапониндер, илік заттар, эфир майлары, А, С витамимдері бар.

Қазақстанда бұл өсімдіктің көкшіл және түркістандық сасық шөп деген басқа да түрлері бар. Бұлардың барлығы да біріне-бірі ұқсас және дәрілік қасиеттері де бірдей.

Сасық шөп «ұмыт болған» өсімдіктердің бірі. Бұл өсімдік туралы XV ғасырдағы кітаптарда көп айтылады. Бірақ XX ғасырда пайдаланудан шығып қалған. Тек үстіміздегі ғасырдың 30-жылдарында ғана оған қайтадан көңіл бөліне бастады.

Сасық шөптен жасалған дәрілердің нерв жүйесін тыныштандыратын, қан қысымын төмендететін, жүрек бұлшық еттерінің күшін арттырып, соғуын қалпына келтіретін қасиеттері бар. Нерв жүйесін тыныштандыратын қасиеті дәрілік шүйгіншөптен асып түседі, сөйтіп жүрек неврозына, гипертония ауруына қарсы және жүректің тұсы қысып ауырғанда қолданылады. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілер атеросклерозды, жүрек бұлшық еттерінің қабынуын, жемсау ауруын емдеу үшін де пайдаланылады.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Өсімдіктің 20 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып, 20 минут тұндырады да, 2 ас қасықтан 3 рет тамақтанар алдынан жарты сағат бұрын ішеді.

Спиртті тұнба: өсімдіктің 30 грамын 100 мл спиртке салып 10 күн тұндырады да, 30-40 тамшыдан күніне 3 рет ішеді.

  Жарияланған-2016-07-13 15:33:16     Қаралды-5506

Мәлімет сізге көмек берді ма

НЕЛІКТЕН ШЫҢҒЫС ХАН ӘСКЕРІ ӘЛЕМНІҢ ЖАРТЫСЫН ЖАУЛАП АЛДЫ?

...

Бұл сұрақтың жауабы моңғол әскерінің бойына серік болып көрінген сәттілікте ғана емес, сонымен бірге бұл әскердің қаншалықты күшті екенінде де жатыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЯДРОЛЫҚ ЖАНДЫРҒЬІШ

...

Ядролық жандырғыш - ядролық энергияның босауымен жүретін бөліну немесе синтез реакцияларына ядролары қатысатын заттар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМНІҢ ҒАЖАЙЫП ОРМАНДАР

...

Орман ішінде қай жағына қарасаң да, небір кереметтерге кенелесің...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕКІБАСТҰ3

...

Екібастұз - Павлодар облысындағы қала. Екібастұз Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Осы маңнан ат басындай екі кесек тұз табылған. Қала соған байланысты Екібастұз деп аталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АВИАЦИЯДА АЛҒАШҚЫ ҰШУ ТАРИХЫ

...

Атам заманнан бері адам көкке көтерілуді армандап келді. Сұңқардай қалықтап, қырандай самғаса, шіркін!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАРЛҰҚТАР

...

Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »