UF

БАДАНА - ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕМДЕЙДІ

Категориясы: Өсімдікті


 

БАДАНА – ФАСОЛЬ ОБЫКНОВЕННАЯ

Бұл – биіктігі 60 сантиметрге дейін жететін, көпшілікке белгілі бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сағақтары ұзын, ұштары сұйір, үш-үштен қосақталып тұрады. Гүлдері сирек, масақша жасап шоғырланған. Гүл тостағаншасының бес қалақшасы бар, олар өзара жабысып, екі ерінді қысқа түтікше құрайды. Гүл тәжі ақ, кейде ашық қызыл түсті, гүл жапырақшалары бесеу. Жемісі – ұзынша келген, буылтығы бар ірі бұршақ. Мәдени өсімдік ретінде қолдан егіледі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жемісін тұқымынан ажыратып алып пайдаланады. Құрамында аргинин, аспарагин, фазеолин, кремний қышқылы, глобулин бар.

Бадана жемісінің сыртындағы қауызының қанның құрамындағы қантты азайтатын, несеп айдайтын қасиеттері бар. Осыған байланысты қант ауруын емдеу үшін және бүйректің, қуықтың қабынуына қарсы әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Бұл өсімдіктен жасалған дәрі бүйрекке және қуыққа тас байланғанда, қан қысымы көтерілгенде, сонымен қатар ревматизмді, подаграны, шонданай нервінің қабынуын (радикулитті) емдеу үшін де пайдаланылады.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Жемістері қауызының 15 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып 30 минут тұндырады да, 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Қант диабеті ауруын мынадай қоспа жасап емдесе, дәрінің тиімділігі арта түседі: бадана қауызының, қаражидек жапырағының, сұлы сабанының әрқайсысынан екі бөліктеп алып, оған зығыр тұқымының 1 бөлігін қосып араластырады. Осы қоспаның 3 ас қасығын 3 стакан қайнап тұрған суға салып жарты сағат тұндырады да, үш ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.

Ұйқы безі қабынғанда бадананың қауызын, қаражидектің жапырақтарын теңдей етіп алып, осы қоспаның 1 ас қасығын қайнап тұрған суға салып жарты сағат тұндырады да, 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.

  Жарияланған-2016-07-13 15:04:19     Қаралды-3271

Мәлімет сізге көмек берді ма

КӨМБЕ - КӨМІП ПІСІРГЕН БІР УАҚ МАЛДЫҢ ТҰТАС

...

Қазақ халқы көмбелерді үйден гөрі түзде көбірек дайындаған. Көмбе - көміп пісірген бір уақ малдың тұтас еті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Табиғи «Ванилинмен» бірдей хош иістендіргіш

...

Жиі қолданылатын хош исітендіргіштердің бірі – ванилин. Біз оны дәйім барлық жерде қосамыз. Пісіретіндерге, кілегейлерге, тәттілерге, дәйім барлық жеміс-жидек иістерге – барлық жерде ванилин бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚТАН ЖАСАЛҒАН РУЛЕТ

...

Бұл - ішіне жаңғақ салынып, қамырдан жасалған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛАШЫН

...

Құсбегілер лашынды жоғары бағалаған. Сұңкар тұқымдастарының ішінде ақ сұңқарды сиректігі үшін мәртебе көріп, қолға түсіруге құмартса, лашынға қырандық алғырлығы үшін қызығады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫС КИІМДЕРІН ТАЗАЛАУ

...

Ауыр жұмыс мамандықтағы адамдардың жұмыс киімдері әрдайым қатты кірлеп, май теңбілденіп кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОКОЛАД КӘМПИТТЕР

...

Кастрюльге сүт құйылып, қант, какао қосылады, сөйтіп қоюланғанша қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »