UF

ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ

Категориясы: Өсімдікті


 

ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ — ЛАСТОВЕНЬ ЛЕКАРСТВЕННЫЙ

Дәрілік түйе шырмауық — көп жылдық өсімдік. Тамыры қысқа, қосымша тамырлары көп. Сабағы жіңішке, жұмыр, бұтақтары аз, іші қуыс, әуелі тік өседі де, кейіннен жоғарғы жағы шырмалып кетеді. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, жұмыртқа тәрізді сопақша. Шеттері бүтін, ұштары сүйір, сағақтары қысқа. Гүлдері майда, кішкене қол шатырға ұқсас, жапырақтардың қуысына орналасқан, ақ сары түсті, қолайсыз иісі бар. Гүл жапырақшалары да, тостағаншасының қалақшалары да бес-бестен. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымының ұшында шашағы бар. Жаз айының бас жағында гүлдейді. Өсімдіктің тамыры да, жер үстіндегі бөлігі де улы.

Бұталардың арасында, шабындықтарда, қайыңды ормандардың ішінде, таулы жерлерде өседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жапырағын пайдаланады. Құрамында винцетоксин деп аталатын улы гликозид бар.

Адам әр түрлі заттармен уланғанда халық арасында ерте кезден-ақ осы өсімдіктің құстыратын қасиетін пайдаланған. Өсімдіктің мұнан да басқа несеп айдайтын, іш жүргізетін, тер шығаратын қасиеттері бар. Жүрек қалыптан тыс қатты соққанда, қан қысымы көтерілгенде және бүйрек ауруларын емдеу үшін қолданылады. Жүректің қызметі нашарлап, аяқтарды ісік шалғанда, ішке сарысу жиналғанда қолданылса, өсімдік тамырының несеп айдайтын қасиетіне байланысты едәуір жақсы нәтижелерге жетуге болады.


Қолдану тәсілі. 20 грамм тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, шай қасықтан үш мезгіл ішеді. Спиртті тұнба: 15 грамм тамырды 100 мл спиртке салып 10 күн тұндырады да, 10 тамшадан 3 мезгіл ішеді. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілердін бәрі де тек қана дәрігердің бақылауымен қолданылады. Егер өсімдік тамырынан жасалған дәрінің бір ішкендегі мөлшері 0,2 грамнан асса дереу құстыратынын естен шығармау керек.

  Жарияланған-2016-07-12 14:58:06     Қаралды-3554

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЕСКІ КОМПЬЮТЕР НЕ ҮШІН ПАЙДАЛЫ?

...

Біз өз уақытын өтеген компьютерлер туралы айтып отырмыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ МИЫМЫЗ ТУРАЛЫ 10 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ

...

Ми - адамның ең аз зерттелген мүшелерінің бірі. Өйткені, тәжірибелі нейрохирург үшін де ми жұмбақ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Өзен қиылысы

...

Әртүрлі өзендердің қиылысуы – әдеттегі іс. Бірақ, Велна және Нельба өзендерінің қиылысы таңқаларлық ерекшелік. Сіз сөзсіз таң қаласыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛТАЙ АЙМАҒЫ

...

Алтай аймағы, негізінен, Шығыс Қазақстан облысы аумағын алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі таулы-қыратты келеді. Оның солтүстік-шығыс шекарасы Алтай тауларының Көксу, Қатын, Көкжота, оңтүстігі — Сауыр-Тарбағатай, Сарымсақты, Нарын, Күршім, батысы Қалб

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ ЗАМАНДА НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫ?

...

Патшалар мен князьдердің дастарханында алтын мен күмістен жасалған бағалы ыдыстар тапшы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ

...

Ядролық қару - уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды бөлуімен болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегі

ТОЛЫҒЫРАҚ »