UF

ӘСІП ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ

Категориясы: Тағам


Әсіп дайындау үшін қойдың ішегі бірнеше рет жылы су жүгіртіліп тазартылады. Ақырында тұзды су жүгіртіледі. Иіс–қоңысын кетіру үшін бірнеше сағат ашыған сүтке салынып қойылады. Содан соң тағы бір рет салқын сумен жуылады да іші сыртына қаратылып айналдырылады. Бір ұшы мықты жіппен байланып, екінші ұшынан фарш тығылады. Фарш салып болғаннан кейін ол ұшы да байланады.

Фарш дайындау үшін қойдың майлы жұмсақ еті, өкпесі, талағы: (көк бауыры), бүйрегі ұсақтап туралады (ет тартқыш машинамен тартуға да болады), оған майдалап кесілген пияз, жуылып, тазартылған күріш қосылады, бұрышталып, тұздалады. Аздап су құйып, жақсылап араластырылады. 
Ішекке тығылған әсіп суық су құйылған кастрюльге салынып бәсеңдеу отқа қойылады да 40–45 минут қайнатылады. Ол қайнап жатқанда әр жерінен іскектеп желін шығарып тұру керек. Әйтпесе жарылып кетеді. 

Піскен әсіп табаққа түсіріп алып, салқындатылады. Содан соң дөңгелектеп кесіледі де жайпақ тарелкаға әдемілеп салынады. Ыдыстың жиегі дөңгелектеп кесілген пиязбен әсемделеді.

Әсіпті ыстық күйінде де, салқын ас ретінде де жеуге болады. 

Құрамы: қойдың 1 метр ішегі (қойдың бүйенін де пайдалануға болады), 1 талақ, 200 грамм өкпе, 2 бүйрек, 100 грамм жайлы жұмсақ ет, 1 түйір пияз, 1 кесе жылы су, тұз бен бұрыш татымы мен дәміне қарай.

  Жарияланған-2016-05-27 12:48:48     Қаралды-27294

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЙЫЛЖАПЫРАҚ СҮЙСІН ЖӘНЕ ТЕЛПЕК СҮЙСІН

...

Бұл – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы қуыс, жапырақтары көп.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕКЕР-НОХУТ

...

Құлпынай түрінде жасалып, үстіне қант себілетін мармелад-пата осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАРТОПҚА ОРНАТЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШТІ ЕСТІГЕНДЕРІҢ БАР МА?

...

Әлемнің әр түкпірінде түрлі үй және жабайы жануарларға орнатылған ескерткіштер бар екендігі белгілі. Ал, өсімдіктерге орнатылған арнайы ескерткіштер тіпті саусақпен санарлық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА ҚАЙНАТПАСЫ

...

Қабығы аршылып, өзегінен тазартылған алма салқын суға салынып, дайын болғанша қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУХУМИ ПАХЛАВАСЫ

...

Ашытқы қосылған, ішіне бадам және алма салынып, қабатталған қант-бал шырыны сіңірілген тағам осылай деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАССАГЕТТЕР ПАДИШАСЫ – ТОМИРИС

...

Томирис (Тұмар) (б.з.б. 570-518 жж.) - оңтүстік түркі халықтарын басқарған әйел патша. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »